Дәріс№1 Тақрыбы: Кіріспе.Қазақстан Республикасында стандарттаудың негізгі бағыты мен тенденциясы. Құзыреттіліктер


Басқару және ақпараттық стандарттар жүйесі



бет32/64
Дата05.12.2022
өлшемі0,7 Mb.
#54991
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   64
Байланысты:
лекция

Басқару және ақпараттық стандарттар жүйесі
Басқару мен ақпарат бір-бірімен тығыз байланысты. Дер кезіндегі толық ақпарат-дұрыс шешім қабылдаудың негізгі шарты болып табылады. Бұл бағыттағы стандарттардың негізгі мақсаты басқару және ақпараттық технология құжаттарын сәйкестендіру.
Басқару құжаттары жөніндегі стандарттар
Үкіметке жоғарғы мекемелерден бастап кішігірім сауда ұйымдарына дейіні кез-келген басшылық апараттарына басқарма шешімін бекіту қажеттілігі туындайды. Басқару іс қызметін жүргізу барысында басқару құжаттарының жиынтығы құрылады.
Халық шаруашылығы мен қоғамдық өмірдің өркендеуіне байланысты ақпарат көлемінің ұлғайту басқару құжаттарының молая түсуіне ықпал етеді. Сонымен қатар құжаттарды құрастырып, өндіруге жұмсалатын шығын да өсе түсуде. Батыстық фирмалардың мәліметтеріне қарағанда іс-қағаздарын жасаудағы ұқыпсыздықтан көп, компаниялар апта сайын миллиондаған доллардың зиянын шегеді екен.
Басқару құжаттарының шығынын азайту жолдарының бірі ақпарат артықшылығын қысқарту арқылы оларды сәйкестендіру, /стандарттау, құжатты құрудың ортақ үлгісін жасау, біріккен терминологияны қолдану/, мәтінін типтендіру болып табылады. Осы бағытта 1970-1980 жылдары жүргізілген жұмыстар құжаттаудың сәйкестендірілген жүйесін /ҚСЖ/ жасаумен аяқталды.
Басқару құжаттарына ұйымдастыру-жарлықтық, сыртқы сауда, баяндау-статистикалық, бухгалтерлік-қаржылық, есептік-ақшалық және басқа құжат түрлері жатады.
Мысал үшін ұйымдастыру-жарлықтық және сыртқы сауда құжаттарын алып қарайық:
Ұйымдастыру-жарлықтық құжат /ҰЖҚ/ ҚСЖ-нің ішінде өзінің әмбебаптығымен ерекшеленеді. Жарлық беру, атқару іс қызметі барлық деңгейдегі басқару құрылымына тән қасиет екені белгілі. Ұйымдастыру-жарлықтық құжарттарға қойлатын талпаптар ГОСТ 6.38-де белгіленген. Бұл стандарт төмендегі құжаттарды рәсімдеп, ретттеу үшін қолданылады. Олар: бұйрықтар, жарлық, актілер, хаттамалар, түсіндірме және баяндама қағаздары, нұсқаулар, ресми хаттар, арыздар, анкеталар, таныстырулар, шешімдер, қаулылар, штаттық кестелер, жарғылар тағы басқа.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет