Дәріс№1 Тақрыбы: Кіріспе.Қазақстан Республикасында стандарттаудың негізгі бағыты мен тенденциясы. Құзыреттіліктер



бет30/64
Дата05.12.2022
өлшемі0,7 Mb.
#54991
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   64
Байланысты:
лекция

Бақылау сұрақтары:

  1. Өнім сапасын қамтамасыз ету стандарттары.

  2. Басқару және ақпараттық стандарттар жүйесі.

  3. Әлеуметтік стандарттар жүйесі.Қызметті стандарттау.

  4. Метрологиядағы стандарттау.Экономика саласындағы стандарттау.



Дәріс №6
Тақырыбы:Стандарттаудың экономикалық тиімділігі
Құзыреттіліктер- Стандарттау бойынша стандарттау көрсеткіштерін таңдау ережелерін меңгеру
Жоспар:

  1. Өнім сапасын бақылау. Сапа саласындағы терминдермен анықтамалар.

  2. Өнім сапасын бақылау объектілері мен субъектілері.

  3. Техникалық бақылаудың негізгі түрлерін жіктеу.

  4. Кәсіпорында өнім сапасын бақылау

Дәріс мәтіні
Өнім сапасын қамтамасыз ету стандарттары
Бұл бағыттың стандарттарын төменгі топтарға жіберуге болады:
1/ өндірісті техникалық дайындау стандарттары;
2/ пайдалану кезіндегі сапаны қамтамасыз ету стандарттары;
3/ сапа жүйелерінің стандарттары;
4/ өнімнің жеке қасиеттеріне қойылатын талаптарды анықтаушы стандарттар;
5/ сертификаттау жүйесінің стандарттары;
6/ аккредитациялау жүйесінің стандарттары.
Өндірісті техникалық дайындау стандарттарының жүйесі.
Машина жасау, құрал-сайман бұйымдары өндірісін техникалық дайындаудың негізгі-конструкторлық және технологиялық дайындық болып табылады. Осы кезден бастап өнім сапасы қалыптасады. Сондай-ақ осы кезеңде тапсырыс беруші мен әзірлеуші, дайындаушы /өндіруші/ мен тұтынушының мүдделері оңтайлы ұштасуы тиіс.
Бұл кезеңнің негізгі мақсаты жаңа техниканы әзірлеу және меңгеру үрдістерін қысқартумен қатар олардың еңбек сыйымдылығын азайта отырып жоғарғы техникалық деңгейдегі бұйым жасау болып табылады.
Жоғарғы тиімділік өнімдерін жасауға ең әуелі мемлекет аралық стандарттар бағытталған.
Бұлар: өнімді өндіруге, әзірлеп өндіріске жіберу жүйесі; біріккен конструкторлық құжат жүйесі /БКҚЖ/; біріккен технологиялық құжат жүйесі /БТҚЖ/; автоматтандырылған жобалау жүйесі /АЖЖ/.
Бұл кезде техникалық құжаттарды стандарттаудың орны үлкен. Басқа мекеме, ұйымдарға табыстаған кезде құжатты қайта рәсімдеу шығынының болмауы, мәтіндік құжаттар мен графикалық бейнелеуді оңтайлату, осыған байланысты құжаттарды дайындау және қолдану шығынының азаюы; технологиялық процесстерді жобалау, әзірлеу кезінде сәйкестіктің кеңеюі тағы басқалар стандарттау жұмысының тиімділігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ құжаттарды әзірлеу кезінде қолданылатын есептеуіш техника құралдарының талаптарын ескеру; техникалық құжатта қамтылған жұмыстардың сапасын жоғарылығы стандарттаудың экономикалық тиімділігн арттырады.
Өндірісті техникалық дайындау жүйесін дамытудың маңызды бағыты-автоматтандырылған жобалау жүйесі /АЖЖ/ болып табылады. Бұл жүйе жаңа моделдерді жасаудың уақытын жедел түрде қысқартады.
Өнімді жобалау кезінде және өндірудің алғашқы кезеңінде өнім сапасын қалыптастыруда өнімді өндіруге әзірлеу, өндіріске жіберу жүйесінің /ӨӘӨЖЖ/ маңызы жоғары. Өнім сапасын қамтамасыз етудегі жобалаудың рөлін сапа жөніндегі Европа ұйымының мәліметтерінен көруге болады. Тартыну себептерін анықтауда "70-20-10" ережесі қолданылады, бұл ереже бойынша тартынудың 70%-і жобалаудың кемшілігінен, 20%-і сапасыз дайындаудан /жасаудан/, 10%-і пайдалану ережесін бұзудан болады. ӨӘӨЖЖ стандарттарында техникалық дайындықтың екі сатысындағы жұмыс тәртібі келтірілген:
1/ өнімді өндіруге әзірлеу кезіндегі, яғни өндірістік мекеме үшін қажетті үлгілерді жасау және техникалық құжаттарды әзірлеу кезіндегі;
2/ өнімді өндіріске жіберу кезіндегі, яғни өндірістік барлық ұйымдастыру іс-шараларын жүргізу кезіндегі жұмыс тәртібі.
Жүйенің құрамында азық-түлік емес, шаруашылық және мәдени-тұрмыстық бағыттағы тауарларға арналған стандарт-ГОСТ 15.0009 бар. Бұл стандарттың міндетті талаптарына сәйкес өнімнің сынақтық үлгілеріне тұтынушылық қасиеті тұрғысынан баға беріліп, қабылдау сынағы жүргізіліп ең әуелі қауіпсіздігі тексеріледі. Тауарды әзірлеуші сапаға қойылатын талаптарды анықтайтын стандарт, техникалық шарт, техникалық түсініктеме /ТТ/ сияқты құжаттарды әзірлеуі тиіс. Стандартқа қосымша ретінде үлгі-эталондарға қойылатын талаптар беріледі. Үлгі-эталон жаппай /үздіксіз/ өндірілетін өнімді, ең әуелі оның көркемдік –эстетикалық көрсеткіштерін салыстыруға арналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет