Дәріс№1№2 Ежелгі адамдар және көшпелі өркениеттің қалыптасуы


Қазақстанда отаршылдық кезеңінің басталуы



бет51/83
Дата05.12.2023
өлшемі338,05 Kb.
#134397
түріСабақ
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   83
Қазақстанда отаршылдық кезеңінің басталуы.
1. Патша өкіметінің Қазақстандағы әскери – отаршылдық әрекеттерінің басталуы.
Әскери бекіністер мен шептердің салынуы.
XVIIІ ғасырдың басында патшалық Россия қазақ даласында әскери бекіністерді салу арқылы өзінің әскери – отаршылдық әрекеттерін бастады. Қазақ даласы Россияны шығыс мемлекеттерімен жалғастыратын көпір іспетті еді. Қазақ даласы арқылы Европа елдерінен шығыстағы едердерге және одан кері қарай құрлықпен және сумен ең төте ежелгі сауда жолдары өтетін.
1720 жылы Өскемен бекінісін салды. Нақты сол жылы тағы да бірнеше бекініс - Черноморецк, Черноярск, Верблюжск, Осморыжск, Убинск, Семиярск форттарын салды.
XVIII ғасырдың орта шенінде патша үкіметі бүкіл елде, оның ішінде Еділ бойы, Орал, Сібір мен Қазақстан өңірінде әскери бекіністердің ескі шептерінің жарақталуын жақсартуға және жаңа шептер салуға кірісті. Осы кезде оң жағалауда Жайық казактарының күшімен 14 қамал: Переволоцк, Чернорегенск, Татищев, Нижнеозерная, Расыпная, Елек қалашығы, Жайық, Сахарная, Калмыкова, Көш-Жайық, Кулагина, Тополев, Бақсай, Гурьев қамалдары салынды. 1769 жылдың қарсаңында Жайық шебі бойында гарнизон әскерлері бар, семьяларымен қоса қазақтар мен қоныс аударған шаруалар бар 15000-ға жуық адам тұрды.
1734 жылы Жоғарғы Жайық шебінің негізі қаланды. XVIII ғ. 30-40-шы жылдары Жоғарғы Жайық қамалынан Звериноголовск қамалына дейін 770 шақырымға созылған үй шебін құру аяқталды.
1752 жылы әскери бекіністердің Ново-Ишим, Семей, Омбы, Железинск, Петропавл, Өскемен, Ямышев қалалары салу аяқталды.
Сөйтіп, қазақ даласы әскери бекіністер шебімен біртендеп қамту патша үкіметінің отарлауына кең мүмкіндіктер ашты


Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының Россия бодандығын қабылдау.
Кіші жүз қазақтарының Россия қоластына қабылдануында атақты Бөгенбай батыр елеулі роль атқарды. 1731 жылғы 10 қазанда Тевкелевті қазақ ру басыларының жиналысына шақырды, онда Әбілқайыр, содан соң Бөгенбай батыр, Есет, оның тумасы Құдайназар мырза, ал олардан кейін тағы да 27 білікті қазақ феодалдары Кіші жүздіңРоссияға өз еркімен қосылуы туралы юридикалық актіге қол қойды.
Орта жүздің Россия бодандығын қабылдау 1731 жылы 15 желтоқсанда Тевкелевпен келіссөз жүргізген Орта жүздің ханы Сәмеке Россия империясының құрамына кіретінін білдіріп, ант беріп, «өзінің мөрін басты».
Россия патшасының Кіші жүзді қоластына алғанын естіп, Ұлы жүздің атынан Қодар би, Төле би, Сатан батыр, Бөлек батыр әйел патша Анна Иоанновнаға хат жазып, Ұлы жүзді де өз қоластына қабылдау жөнінде өтініш жасады. Бұл хатты Петроградқа Қангелді батыр жеткізді. Мұның өзі Россия құрамына енуге Ұлы жүз тарапынан жасалған алғашқы әрекет болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет