Дәріс№1№2 Ежелгі адамдар және көшпелі өркениеттің қалыптасуы


 жылдан бастап Кіші жүз қазақтарының



бет50/83
Дата05.12.2023
өлшемі338,05 Kb.
#134397
түріСабақ
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   83
Байланысты:
ДӘРІС №1,2.3,4,5,6,7,8,9,10 (1)

1772 жылдан бастап Кіші жүз қазақтарының отарлық билік пен хан-сұлтандардың зорлығына қарсы азаттық қозғалысының басында тұрған Сырым батыр өзін қолдаған рубасыларымен біріге отырып, Нұралыны биліктен аластау мәселесін қояды. Генерал-губернатор қозғалыс басшыларының бұл талабын орындап, 1785 жылы Нұралы ханды Орынборға шакыртып алып, оған қызметкерімен бірге тұруға Уфадан жарамды үй бөлдіріп, күнкөріс үшін жылына 5 мың сом қаржы тағайындайды.
1786 жылы Орынборда Шекаралық сот ашылып, 1787 жылы Кіші жүздің негізгі руларын қамтыған төменгі сот орындары (расправалар) ұйымдастырылатын болды. Шын мәнінде, жаңа билік жүйесі өзін ақтаған жоқ. Хандық билік жойылды, ал төменгі билік құрылмай қалды. Шынайы билік ресейлік билік орындарынан тәуелсіз рубасыларының қолына көшті.
Үкімет жергілікті әкімшілік орындарына толық тәуелді билік жүйесін құра алмады. Қоғамның ішкі өміріне ықпал жасау мүмкіндігінен айырылған үкімет дәстүрлі хандық басқару жүйесіне оралуға мәжбүр болды. 1791 жылы өмірден қайтқан Нұралы ханның орнына оның інісі Ералы хан сайланды.
Бірақ ел арасында жеккөрінішті сұлтанның таққа отыруы хандық биліктің беделін көтере алған жоқ. Патша үкіметі 1795 жылы Нұралының ұлы Есімді хан етіп бекітті. Есім хан тұсында хандық билік пен рубасылары арасындағы егес тереңдей түсті. Соның салдарынан 1797 жылы наурызда Есім хан Сырым батырдың жақтастарының қолынан қаза табады.
Бұл жағдай да үкіметтің хандық билікке көзқарасына өзгеріс енгізе алған жоқ, отаршыл өкімшілік хандық таққа ел арасында беделсіз, өз пікірі жоқ сұлтандардың отырғанын жөн көрді. 1797 жылы күзде жаңа хан тағайындалды. Ол — әлжуаз, патшалық биліктің айтқанынан шыға алмайтын қарт Айшуақ сұлтан еді.
Патшалық биліктің тұрақты қолдауына сүйеніп, қазақ қоғамының орыс билігіне тәуелділігін күшейте түскен сұлтандар партиясын Сырым батыр бастаған азаттық қозғалыс жолында тұрғандар жеңе алған жоқ. Батыр Хиуа хандығы тарапына ығысуға мәжбүр болып, сонда 1802 жылы опат болады.[1]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет