Дәріс№1№2 Ежелгі адамдар және көшпелі өркениеттің қалыптасуы


Нұралы хан да әкесі Әбілқайыр сияқты ел



бет49/83
Дата05.12.2023
өлшемі338,05 Kb.
#134397
түріСабақ
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   83
Нұралы хан да әкесі Әбілқайыр сияқты ел арасындағы ықпалды топтардың қолдауына сүйене алған жоқ. Әкесіне ұқсап ол да алғашқы жылдары жалпы қазақтық тақтан үміткер екендігін білдірді де, бірақ сырткы істер коллегиясы И.И.Неплюевтің кеңесі бойынша, Нұралы ханның өтінішін қолдамады, сөйтіп бекіту грамотасында оның билік ауқымын белгілемей, жай ғана "қазақ ханы" атады.
Бұл қазақ қоғамын жеке хан билігі арқылы басқарудан бас тарту еді. Нұралы ханға дара қолдау керсету өз ретінде Абылай, Барақ және басқа ел арасындағы аса беделді билеушілерді Ресейге қарсы қоюмен тең болды. Осы жағдайды ескере отырып, Санкт-Петербургтік билік Неплюев ұсынған, қазақ қоғамындағы ықпалды топтардың бірде-бірінің басқалардан ерекше күшейіп кетуіне жол бермей, олардың арасында күштер "тепе-теңдігін" сақтау саясатын ұстануға кешті. Сөйтіп, қазақ саяси элитасын басқарудың ресейлік әдісі осылайша орныға бастаған еді.
Ресей үкіметінің бұл саясатының орнығуына қазақ қоғамының ішіндегі билеуші топ арасындағы алауыздықтың етек алуы, сондай-ақ Нұралы ханның ел арасында беделінің жоқтығы қолайлы жағдай туғызды. Әбілқайыр ханның ескі жауы Батыр сұлтан Нұралыны хан ретінде мойындаудан бас тартып, Сырдарияның төменгі ағысындағы шекті тайпасының старшындары оны өздеріне хан сайлайды.
Сөйтіп, Кіші жүз екі хандыққа белініп, солтүстік-батыс бөлігі Нұралы ханға, ал оңтүстік-шығыс бөлігі Батыр ханға қарады. Егер Нұралы ханның Ресейге төуелділігі жыл еткен сайын арта түскен болса, Батыр сұлтан өзін Ресейден алысырақ ұстап, Хиуа хандығының қолдауына сүйенуге бейімділік танытады.
Нұралы хан билігінің әлсіреуіне оның көрші халықтармен екі жаққа бірдей тиімді қатынас орнықтыра алмауы да үлкен әсерін тигізді. Оңтүстік шекарада Хиуаға бағынышты түрікмендермен арада бейбіт қатынастың орныға қоймауы салдарынан Нұралы әскері біріккен әзбек-түрікмен қолдарынан қирай жеңіліп, мыңнан аса қазақ жігіттері опат болды. Ханның Еділ мен Жайықтың арасындағы торғауыт қалмақтарымен қатынасы да өзара жаугершілік сипатта болды.
1771 жылы қысында патшалықтың езгісі мен зорлығынан Жоңғар жеріне қашқан торғауыттарды Нұралы хан Ералы және Айшуақ деген інілерімен бірге аяусыз тоналды.
Нұралы ханның саясаты Кіші жүз қазақтарының башқұрт халқымен арақатынасының шиеленісуіне алып келді. 1755 жылы Башқұртстанда Ресей езгісіне қарсы жаңа көтеріліс бұрқ ете қалды.
Патша әскерінің қуғынынан ығысқан елу мыңға жуық башқұрттар қазақ даласына еніп, қазақтармен біріге орыс шабуыльшан қорғанудан үміттенді. Орынбор губернаторы И.И.Неплюев Нұралы ханға және басқа қазақ билеушілеріне арнайы грамота жолдап, онда башқұрттардың малы мен мүлкін тонап, ездерін құлға айналдыруға шақырды.
Бұл үндеу қазақ ауылдары арасында кең қолдау тапқан жоқ. Тіпті орыс билігінен бірігіп қорғану мақсатында жетіру тайпасы жерінде қазақ-башқұрт аралас қолдары құрылып, шекара бекіністеріне шабуылдар да жасалынды. Дегенмен Орынбор губернаторының тілеген орындауға кірісіп кеткен Нұралы мен оның інілері башқұрттарды тонап, олардың басшысы Батырша Әлеевті орыстарға ұстап беруге күш салады. Бұл сатқындық әрекеттен қазақ пен башқұрт елдері арасындағы туыстық қатынас бұзылып, езара жаугершілікке ұласуына жол ашты.
Көршілерімен араздасқан Нұралы хандық ішінен де қолдау таба алмады. Патшалық әкімшілікпен ғана жақын болу жолына түскен ханның рубасылармен арақатынасы алшақтап кетті. Хандықтың күнделікті өміріне байланысты шақырылып тұратын билер кеңесі де сиреп, билердің ел басқару ісіне араласу мүмкіндігі тарыла түскен-ді.
Ал Нұралы ханның Жайықтың оң жақ бетіндегі жайылымдарды пайдалануға патшалық әкімшіліктің келісімін ала алмауы, соның салдарынан мал шаруашылығының дағдарысқа ұшырауы ханның беделін біржола құлдыратты. 1785 жылы генерал-губернатор О.А.Игельстром II Екатерина патшайымға:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет