Дәріс№1№2 Ежелгі адамдар және көшпелі өркениеттің қалыптасуы



бет47/83
Дата05.12.2023
өлшемі338,05 Kb.
#134397
түріСабақ
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   83
Байланысты:
ДӘРІС №1,2.3,4,5,6,7,8,9,10 (1)

Бұлантыдағы және басқада бірқатар шайқастардың қаһармандық рухын бізге дейін Үмбетай жырау, Ақтамберді жырау, Тәтті қара жырау, Бұқар жырау, Көкеш ақын туындылары жеткізді. Бөгенбай Ақшаұлы, Саңырақ Тоқтыбайұлы, Олжабай Әлімұлы, Қонақай Жақсығұлұлы, Бөлек Сатанұлы сынды батырлардың, батыр Баянның, Жарылқаптың және басқаларының есімдері тірі кездерінде-ақ аңызға айналған.
Алайда оқиға мұнымен біткен жоқ. Аттылы жоңғар қолының бірбөлігі Бұланты өзенінің жоғары ағысына қарай өтіп кетті. Бірақ бұл жерде де оларды қазақ атты әскерінің жасақтары қуып жетті. Сөйтіп сол жерде жонғарлар тағы талқандалды, тек жекелеген топтарының ғана Ұлытау жағына Майтөбе мен Құрайлыдан арғы тауларға кетіп қалуына сәті түсті.
Бұланты жеріндегі жеңістің зор маңызды болды. Ол қазақ жасақтарының өз күштеріне сенуіне, халық санасында бетбұрыс жасауға мумкіндік берді. XVIII ғасырдың 20-жылдарының аяғына қарай жоңғарлар Ұлытау аймағынан ығыстырып шығарылды. Мұндағы соңғы шайқас Жақсы Қон өзенінің жоғарғы ағысына жапсарлас жатқан аудандағы Қарамолда деген жердегі ұрыс болды. Жоңғарлар тағы да жеңіліске ұшырады. Бұл аймақ-бұл жер «Қалмақ қырылған» деген атпен белгілі.
Қазақ жасақтарының Бұланты маңындағы жеңісінің жағы бір жағы-стратегиялық тапқырлығында болды. Қазақ жасақтарының Бұланты маңындағы жеңісі Аңырақай шайқасының табысқа жетуін анықтап берді.
Аңырақай шайқасы. Жоңғар басқыншылығына қарсы қазақ халқы Отан соғысының (1723-1730 жж.) жеңіспен аяқталуына Аңырақай шайқасы аса көрнекті роль атқарды. Ол туралы қазақтардың дәстүрлі ауыз әдибиетінде айтылады, сондай-ақ оған М.Тынышбаевтың еңбегі және басқа да бірқатар жанама деректер арналған.
1730 жылы көктемде Балқаш көлінің маңында қазақ пен жоңғарлардың арасында тағы бір қатты қырғын соғыс басталды. Аңырақай шайқасының ұрыс қимылдары болған алқап 200 километрдей жерді алып жатты. Оны ғасыр шайқасы деуге болады. Аңырақай шайқасы далалық Қазақстанның және Қазақстан Оңтүстігінің таулы әрі шөлейт аудандарының шекарасында өткен. Мұндай жер кездей соқ таңдап алынбаған. Шайқас өтетін жер дұшпанды талқандау жөніндегі ойдың жалпы айла-тәсіліне орайласады,ол жеңіліс тапқан жағдайда Іле өзенінің басына дейін тоқтаусыз шегінуге мүмкіндік береді.
Балқаштың Солтүстік батыс жағында өзенінің өзі жағынан жел өткізбейтін Шу-Іле таулары созылып жатыр. Жел сондай-ақ Қызылқұммен Мойынқұм жағынан да соғады. Аңырақай тауларының қасында Делдітау, Желдібел орналасқан. Аңырақай тауларында жел аңырап соғатын (Аңырақай жел). Сонымен бірге халық Аңырақай жеңіліс тапқан жоңғалар аңырап жылаған жер деген аңыз шығарған.
Сейтіп 1730 жылы жазға салым қазақ жасақтары өз аттарын Мойынқұм құмдарында, Бүркітті, Шабақты, Қарақоңыз, Ырғайтты, Шу өзендерінің аңғарларында тыңайып алып, Хантау, Аңырақай таулары өңіріне шықты.
Аңырақайдағы шайқасқа Әбілқайыр хан басшылық етті. Нақ осы шайқас оның саяси қызметінің шарықтау шыңы болды. Шайқасқа барлық үш жүздің жасақтары қатысты. Бұл шайқаста батырлардың бойын ерлік, қайсарлық, өздерінің жеңісіне деген мызғымас сенім биледі.
Шайқас жекпе-жектен басталды. Жоңғарлар жағынан ортаға талантты әскербасы, қоянқолтық ұрыстың асқан шебер жауынгері Шарыш шықты. Қазақтар жағынан жекпе-жекке 20 жасар Сабалақ (Абылайдың бүркеншік аты) сұранды. Абылай нақ осы жекпе-жекте өзінің қатарлы қарсыласын жеңіп, есімін мәңгі даңққа бөлеген. М.Тынышбаев кейін сол кезде Абылай өзгелерден асқан зор батылдығымен асып түсті деп жазды.
Шайқастың сәтті басталуы қазақ жауынгерлерін жеңіске жігерлендірді. Сөйтіп олар бұл шайқаста жеңіп шықты. Майдан даласында мыңдаған қалмақ әскерлері қаза тапты. Көбі қырылып,жаралы болып жаны шықпай жатқан жау әскерінің аңыраған дауыс бірнеше күң даланы басына көтерді. Бұл жер кейін «Аңарақай» деп аталып кетті.
Аңырақай шайқасында жеке ерлігін және үйымдастырушылық қабілетін көрсеткендер арасында көптеген батырлар, билер, сұлтандар, рубасылары мен қатардағы жауынгерлерінің ерлігі мен жеке басының қажыр-қайраты, бірліктің нәтижесінде қазақ жауынгерлері бұл шайқаста женіп шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет