#include int main() {int num; cout << "\nSan engizingiz : "; cin >> num;
int half = num/2; // санның жартысы int div = 2; // алғашқы бөлгіш санды таңдау while (div<= half) { if (!(num % div)) cout << div <<"\n"; div++; } return 0; } Программалауда жиі қолданылатын тәсілдердің бірі– шексіз цикл ұйымдастырып, одан белгілі бір шарт бойынша шығу болып табылады, ол үшін цикл басындаwhile (true) немесе while (1) сөздері жазылады. While түйінді сөзінен кейінгі жақша ішіне циклде ғана қолданылатын айнымалыны сипаттауды жазып қоюға болады, мысалы:
while (int x = 0){… /* x-тің пайдаланылу аймағы */ } С оңғы шартты цикл (do .. while) Шарты соңынан тексерілетін do .. while(орындау .. әзірше)циклінің орындалу схемасы 7.4-суретте көрсетілген. Осыған сәйкес оператордың жалпы жазылу түрі:
do
{1-оператор;
2-оператор;
… … …
n-оператор;
}
while (өрнек);
Цикл тұлғасы ретінде қарапайым немесе құрама оператор қолданылуы мүмкін. Жақшадағы өрнек цикл тұлғасынан кейін тексеріледі. Сондықтан do while цикл тұлғасы ең болмағанда бір рет орындалады. Цикл тұлғасынан кейін жазылған өрнек ақиқат болса (яғни ол 0-ге тең болмаса), цикл тұлғасы қайтадан орындалады. Ал өрнек жалған болса (немесе 0-ге тең болса), цикл аяқталады. Өрнек типі арифметикалық немесе соған келтірілетін типте болуы тиіс. Енді мысалдар келтірейік.
7-мысал.
// Енгізілген сандардың үлкенін (максимумын) табу #include #include main () {int a, max; clrscr(); printf("\n Сандар максимумын табу \n"); printf("Аяқтау үшін 0 енгізіңіз \n"); max = -32000; // алдын ала максимумды ең кіші бүтінге теңейміз