#include #include main() { int gil; printf("Жылды енгізіңіз: \n"); scanf("%i",&gil); switch (gil % 12) { case 0 : printf("Мешін жылы");break; case 1 : printf("Тауық жылы"); break; case 2 : printf("Ит жылы"); break; case 3 : printf("Доңыз жылы"); break; case 4 : printf("Тышқан жылы"); break; case 5 : printf("Сиыр жылы"); break; case 6 : printf("Барыс жылы"); break; case 7 : printf("Қоян жылы"); break; case 8 : printf("Ұлу жылы"); break; case 9 : printf("Жылан жылы"); break; case 10: printf("Жылқы жылы"); break; case 11: printf("Қой жылы"); break; default : printf("Таңбасыз бүтін сан енгізіңіз"); } printf("\nENTER басыңыз"); getch(); } Switch орындалуы кезінде цикл аяқталмай-ақ одан шығып, қалған операторларды аттап өтіп, осы цикл параметрінің келесі мәніне көшу үшін continue операторы қолданылады, яғни циклдің келесі итерациясына – қадамына басынан бастап ауысу жүзеге асырылады. Бақылау сұрақтары 1. C тілінің арттыру, кеміту (инкремент және декремент) операциялары. 2. Бүтін сандарды бөлу операциясының қандай ерекшелігі бар? 3. Қалдық табу операциясы қандай операндтарға қолданылады? 4. Қатынас операциялары дегеніміз не? 5. Логикалық операциялар түрлері қандай? 6. Меншіктеу операцияларының түрлері. 7. Күрделі меншіктеу операциялары дегеніміз не? Олардың жазылу форматтары. 8. Шартты операция (? :) қалай орындалады? 9. «Өрнек» операторының жұмысы. 10. Шартты оператор қалай жазылады? 11. Switch көп нұсқалы таңдау операторының жазылу форматтары.