if (a<0) b =1; // 1 if (ad || a==0)) b++; else {b *= a; a = 0;} // 2 if (a else{if(b if (a++) b++; // 4 if (b>a) max = b; else max = a; // 5 1мысалда else тармағы жоқ. Бұл аттап өту құрылымына сәйкес келеді, мұнда шартқа байланысты меншіктеу орындалады немесе атталып өтіледі.
Егер бірнеше шарттарды қатар тексеру керек болса, оларды логикалық операциялар таңбаларымен біріктіреді. Мысалы, 2 мысалдағы өрнек а3 мысалдағы оператор үш айнымалылардың ішіндегі ең кішісін анықтайды. Мұнда жүйелі жақшаларды жазу міндетті емес, өйткені компилятор операторлардың else бөлігін оған ең жақын тұрған if операторымен байланыстырады.
4мысал if операторында өрнек ретінде қатынас операциялары жиі пайдаланғанымен, ол да міндетті емес екенін көрсетеді. 5 мысалда, көрсетілгендей конструкцияларды шартты операция түрінде жазған көрнектілеу болып табылады (мысалы, мұнда: max = (b > a) ? b : a;).
Switch көп нұсқалы таңдау операторы. Программада кездесетін бірнеше нұсқаның бірін таңдап алу керек болған жағдайда, switch ауыстырғыш операторы қолданылады. Оператордың орындалу схемасы төмендегі 6.3 суретте келтірілген. Оныңжалпыжазылуы:
switch<бүтінтиптіөрнек>
{caseбелгі1: операторлар;break;
caseбелгі2: операторлар;break;
................
[default: операторлар;] }
Мұнда switch сөзінен кейінгі өрнек мәні есептеледі, ол бүтін санды (char типі де) типте болуы тиіс. Сол мән case сөздерінен кейін жазылған константалар мәндерімен салыстырылады. Егер олардың біріне тең болса, сол жол орындалады, жол соңында көшу операторы болмаса, келесі жолдар толық орындалады. Ал бір жолды орындап болған соң, switch операторынан шығу үшін break операторы қолданылады. Егер switch сөзінен кейінгі өрнек мәні ешбір константамен сәйкес келмесе, онда default сөзінен кейінгі операторлар атқарылады. Кейде default сөзі болмауы да мүмкін.
D efault сөзі болмаса, онда switch операторынан кейінгі келесі операторлар орындала береді. Switch операторындағы өрнек түрінде нақты типтегі мәліметтерді, сөз тіркестерін (жолдарды) пайдалануға болмайды. Кейде бүтін мәндермен үйлестірілген мәліметтердің құрылымдық (структуралық) элементтері қолданылуы мүмкін.
6мысал. Шығыс календары бойынша жылға сәйкес жануар атын анықтау.