Байланысты: Д рістер №1 д ріс 1 Б лім білім берудегі менеджментті теориялы 1
1. "Диагностика" ұғымының мәні. Педагогикалық диагностика түсінігі. Басқару практикасында мектепті басқару үрдістерін диагностикалаудың негізгі үш кезеңі бөліп көрсетіледі: алдын ала диагноз; нақты диагноз, диагностикалау үрдісі. Осының ішінде үшінші кезең соңғы диагнозбен аяқталады. Онда алдын ала және нақты диагноз нәтижесінде алынған мәліметтерді талқылап қорытындылау, оларды салыстыру жүзеге асырылады.
Диагностика фактіні немесе құбылысты танып білу әдістері мен ұстанымдары туралы ілім. Диагностика арнайы жасалған ғылыми әдістер көмегімен игерілетін үрдістердің (педагогикалық), құбылыстардың сандық және сапалық сараптамасы. Диагностика – оқушыларды жан-жақты зерттеде өте тиімді тәсіл. Диагностика (грекше diagnostica, dia – айқын, gnostica - фактіні немесе құбылысты танып білу әдістері мен ұстанымдары туралы ілім) - ғылыми-тәжірибелік әрекетті сипаттайды. Диагностикалық әдістер жеке тұлғаны немесе белгілі бір топтың психикалық ерекшеліктерін сипаттап қоймайды, оларды өлшеп, сапалық және сандық сипаттама береді. Диагностика арқылы тұлғаны немесе ұжымды зерттеу белгілі спедагогикалық мақсатты шешуге бағытталады.
Мектепте диагностикалық әдістерді қолдану педагогикалық мақсатты жүзеге асыруда қажет. Сандық сипаттағы диагностикалық әдістер ең бастылары түрлі тестілер мен шкалаларды қолдану. Сапалық диагностикалық әдістер сандық әдістерге қарағанда күрделі, бірақ оның көмегімен психикалық құбылысты жан-жақты зерттеп, негізделген сипаттама жасауға болады. Аралас диагностикалық әдістерде сандық және сапалық диагнотикалық әдістерді біріктіріп қолданады.
Педагогикалық диагностика (грек diagnostic – факті мен құбылысты танып білу әдістері мен ұстанымдары туралы ілім) педагогикалық ғылыми тәжірибелік әрекетті сипаттайды, ол оқу үрдісіндегі іс-әрекеттегі қиындық көлемін және сипатын анықтап, тұлғаның оқу бағдарлаамасын меңгеруін, олардың іс-әрекеті мен жетістік нәтижелерін анықтау, педагогикалық үдеріс жағдайын зерттеу.
Педагогикалық диагностиканың зерттеу объектісі педагогикалық үдеріс және оның барлық құрауыштары болып табылады. Ол педагогикалық процестегі өзгерістерді оқушы бойындағы өзгерістермен байланыстыра болжайды. Педагогикалық диагностиканың мәнін оның атқаратын функциялары арқылы талдауға болады. Педагогикалық диагностика, біріншіден, жекелей білім беру үдерісін оңтайландыруда; екіншіден, білім берудің нәтижесін қоғамның қызығушылығымен дұрыс анықтауды қамтамасыз етуде; үшіншіден, басшылықпен шығарылған өлшемдерге сәйкес, оқушыны бір оқу тобынан келесі оқу тобына көшіруде ешқандай қателік жібермеуде, т.б. танылады. Педагогикалық диагностиканың көмегімен оқыту үрдісі талданып, оның нәтижесі анықталады.
Диагностика педагогикалық қызметтің төмендегі сипаттарын көрсете алады: кәсібилігіне әсер ететін тұлғалық қасиеттердің болуы; кәсіби құзыреттілігі мен педагогикалық шеберлігі; іс-әрекеттің нәтижелілігі. Диагнотикалық әдістеме негізінде оқушылардың іс-әрекеті төмендегідей бағаланалы: өзіндік білім алуға ынталылығы; шығармашылық жұмысқа ынталылығы; адамгершілік тұлғалық ерекшеліктер; өзіндік білім алудағы ерік-жігері, қиындықтардан жол таба білуі; өз мүмкіндігіне сәйкес жеке жұмыс түрлерін таңдай білуі; өзін-өзі бақылауда және өзін-өзі бағалауда өз жауапкершілігінің жоғары деңгейі; т.б.