57
бетпе-бет келуде. Еліміз бен өңіріміз үшін мен он негізгі сын-қатерді бөліп
көрсетемін. Егер біз өз дамуымызда жаңа табыстарға одан әрі қол жеткізуді
жоспарлайтын болсақ, олардың әрқайсысын міндетті түрде ескеруге тиіспіз»
- деп тұжырымдайды.
Тұтас педагогикалық үрдісті басқару функцияларының бiрi
педагогикалық талдау болып табылады. Ю.А. Конаржевский педагогикалық
талдау функциясын қазiргi
ұғымда алғаш рет қолданып, мектепiшiлiк
басқару теориясына енгiзді.
Педагогикалық талдау білім менеджерінің оқу-тәрбие үрдісінің нақты
жағдайын зерттеуге, оның нәтижесін объективті бағалауға және даму
тенденциясын анықтауға бағытталған қызмет.
Педагогикалық талдаудың
объективтiлiгi, тереңдiгi, перспективлiгi жаңа оқу жылының жоспарын
жасауға дайындық қызметiн атқарады, сондай-ақ оның негізінде оқу-тәрбие
жүйесін жоғары сапалы жағдайға жеткізу
нұсқауларын дайындауға
мүмкіндік береді. Оқыту мен тәрбиелеудiң барлық мақсаты, мiндетi,
мазмұны, түрлерi мен тәсiлдерiн жинақтаған педагогикалық талдаудың
негiзгi объектiсi ең алдымен сабақ, сыныптан тыс шаралар және мектептiң
оқу жылының қорытындысы болып табылады.
Педагогикалық талдаудың барлық объектiсiн
бiрiктiрушi - ортақ
әдiстемелiк жүйе. Кешенді талдау оқу және тәрбие жұмысының барысы мен
нәтижелерін ғана зерттеу емес, бұл оқу-тәрбие үрдісінің келешекте даму
мүмкіндіктерін және оған әсер ететін сыртқы байланыстарды да қарастыру.
SMART мақсатты қою, өзгерістері мен жоспарлаудың классикалық
және белгілі үлгілерінің/моделдерінің бірі болып табылады: S (specific) –
нақты; M (measurable) – өлшенетін; A (attainable) – қол жететін; R (realistic) –
нақтылық; T (timebound) – уақыт бойынша белгілі.
Мәселені талдаудың SWOT моделі аббревиатуре де (қысқартылған сөз)
мәселені шешу барысында ойлауыңызды анықтайды: S (strong) – күшті
жақтары; W (weak) –
әлсіз жақтары; O (opportunity) – мүмкіндіктер; T
(threat) – қауіп-қатер.
Өз жобаңыздағы мәселелерді осы модель бойынша талдап, сіздің
жобаның күшті және әлсіз тұстарын, туындағалы тұрған қауіп-қатерді қандай
мүмкіндіктермен жоюға болады деген сұрақтарды алдын-ала қарастыруға
көмектеседі.
Осы модель бойынша өзіңіздің жоспарыңызды тексеріңіз, қателеріңізді
(орындалатын әрекеттің мүмкін емес нәтижесі,
кемшіліктері, т.б.) анықтай
отырып, оны жүзеге асыру үшін не қажет екендігін білу. Сіздің
жоспарыңыздың нақты және қол жетімді екенін білу – бұл күшті эмоциялық
қолдау, ол қойылған мақсатты шешудің дағдарыстық және қиындық
тудыратын жолдарын алмастыруға дайындықты және осының барлығын
алдымен қабылдауды қамтамасыз етеді.
Жобаны жүзеге асыру уақытын және оның кезеңдерін анықтай отырып,
әрбір кезеңнің нәтижелілігін тексеру. Басқа жолы – «Он W Заңы».
Неге он
«w»? Себебі, ағылшын тілінде «не үшін, неге?», «неліктен, не себепті?» деген
58
сұрақтар осы әріптен басталады. Қандай да бір мәселені шешуде екі қатарға
«не үшін, неге?» және «неліктен, не себепті?» сұрақтардың 10 жауабын
жазыңыз. Қойылған сұрақтарға жауаптар жазу сіздің санаңызды, ойыңызды
сан жаққа жүргітіп, мәселені жан-жақты қарап, сан алуан тұрғыдан шешудің
жолдарын көрсетеді.
СПИН моделі де мәселені нәтижелі
жоспралауға және талдауға
шығармашылық тұрғыдан келуге көмектеседі. Ол төмендегі элементтерден
тұрады:
С – ситуация (жағдаят). Ол қандайда бір жағдаяттың максималды
бастапқы нақты сипаттамасы.
П – проблема (мәселе). Мәселе неден туындап отыр? Ол бізді неге
алаңдатады? Оны біз өзгерте аламыз ба?
И – инструмент (құрал) бұл мәселені нәтижелі тиімді шешу үшін не
істей аламыз немесе нені ұсынамыз (материалдық, қаражаттық,
интеллетуалды база, әдістемелік құралдар);
Н – жаңа нақтылық.
Жоспарды табысты орындау, мәселені шешудің
нәтижесінде қандай жаңа жағдаят ұсынуға болады?
Жұмыс барысында топ жетекшісі топты осы моделдермен
таныстырады. Соңында әр топ өзінің жобасын ұсынып, талқыға салады,
моделдің қаншалықты пайдалы екендігі жөніндегі көзқарастарын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: