2. Тұтас педагогикалық үдерістің диагностикасы. Қазіргі заман
мектебі – күрделі әрі кіріктірілген жүйе, ол оқушыларды оқытып,
тәрбиелейтін мұғалімдердің, мектеп әкімшілігінің (директор, оның оқу және
тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары), оқу-тәрбиелік және қызмет көрсететін
адамдардың іс-әрекетінен, мектеп алдында тұрған жалпы міндеттерді шешуге
белгілі бір жағдай жасайтын материалдық базадан тұрады.
Сонымен қатар қазіргі мектеп өзара байланысы бар ішкі құрылыммен
және социуммен белгіленетін тұтас әлеуметтік-педагогикалық жүйе ретінде
қарастырылады. Ол басқарушы және басқарылушы жүйеден тұрады, олар
бірі-бірімен тығыз байланысты.
Білім мекемесін басқару жалпы және жеке мәселелерді қамтиды.
Басқарудың жалпы мәселелері мекеменің құрылымдық бөлімшелерін басқару
ерекшеліктері, басқару үрдісінің сипаты мен оқу орнының ішкі және сыртқы
жағдайларда қызмет етуі мен дамуы нәтижелерінің арасындағы заңды өзара
қатынастар болып саналады.
Білім мекемесін басқарудың жеке мәселелеріне: оқу-тәрбие үрдісі;
кадрлық саясат (педагогикалық және басқарушы кадрларды, техникалық
персоналды іріктеу және тағайындау, қызметкерлерді аттестациялау, өнімді
еңбекке ынталандыру, жағымды психологиялық климат орнату); түрлі
инновацияларды меңгеру және оның білім мекемесі дамуына әсерін анықтау
(жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау); оқу орнының өзге
әлеуметтік-экономикалық мекемелермен өзара байланысын ұйымдастыру,
басқарудың алдыңғы қатарлы озат тәжірибелерін зерттеу, педагогикалық
жүйені басқарудың тиімді нұсқаларын іздестіру; т.б.
Педагогикалық жүйе ретінде мектепті басқару барысында, бір
жағынан, оның тұтастығын сақтауға, екінші жағынан, ондағы жүйе
бірліктерінің әрекеттеріне әсер етумен оларды өзгертіп, реттеуге мүмкіндік
беруі қажет. Педагогикалық жүйенің өзіндік қызметтері қоғам қажеттілігінен
туындаған мақсат-міндеттердің мерзімінде орындалуына бағытталуы қажет.
Мақсаттар мектептің педагогикалық жүйесінің мазмұнын айқындайды, ал
осы мазмұнның жүзеге асырылуы көптеген әдістер мен формаларды
анықтауды талап етеді.
54
Мектеп орта білім беру мекемесі ретінде қоғамдық сұраныстарды
қанағаттандыру және өзіне тән функцияларды (тұлғаны оқыту, тәрбиелеу,
дамыту және өзін-өзі дамыту) орындау үшін құрылған ашық әлеуметтік
жүйе. Мектеп дамитын және дамытатын жүйе ретінде өз деңгейінде тұрақты
мектепішілік бақылауды (өзіндік бақылау) жүзеге асырады, сонымен бірге
білім, білік және дағдының бірегей мемлекеттік базалық деңгейін қамтамасыз
ету және оқушылардың тәрбиелік деңгейлері үшін диагностика негізінде
мемлекеттік-қоғамдық экспертиза жүргізуі қажет. Бұл кезеңдерде
бақылаудың (әңгіме, сауалнама, сұрақ-жауап, т.б.) әртүрлі әдістерін кешенді
қолдану негізінде қалыптасқан, тексерілген, объективті мәліметтерге
сүйенеді.
Мектепішілік басқарудың жағдайын диагностикалау педагогикалық
үрдісті ғылыми-практикалық тұрғыдан жүргізуге мүмкіндік береді.
Диагностика оқу үрдісінің жағдайларын объективті және жан-жақты
зерттеуді қамтамасыз ететін оқытудың өлшенетін көрсеткіштерін алу тәсілі;
танымдық үрдісте орын алып отырған барлық өзгерістерді анықтау тәсілі.
Диагностикалауды өз деңгейінде жүргізу үшін бақылау, әңгімелесу,
сауалнама, шығарма, тестілеу, ақыл - кеңес, өзін-өзі тану, рейтинг, саралау,
психологиялық-педагогикалық карта, тәрбиелік деңгейін зерттеу картасы,
педагогикалық консилиум, социометрия, іскерлік ойын, мониторинг және т.б.
әдістерді пайдаланылады. Диагностикалық әрекеттің аспектілері бөліп
көрсеттік: салыстыру, талдау, бағалау, интерпретация (түрлендіру), тестілеу,
қорытындылау.
Кез келген зерттеу бақылаудан басталады. Бақылау - әр ғылымның
негізгі әдісі. Тәртіпті бақылау педагогикалық диагностиканың басты әдісі
болып табылады. Мұғалімнің оқушыларын жүйелі бақылауы диагностикалық
әрекет болып табылады. Ғалымдар бақылау туралы өз пікірлерін «біз
әлеммен қатынасты барлық ішкі дүниемізбен сеземіз және оның көмегімен
керекті білімді қабылдап аламыз. Осы негізде бақылау әлемді танудың бір
әдісі ретінде біздің қабылдауымызға қарай еркін түрдегі бақылаудан ғылыми
бақылауға өтуі мүмкін» - деп білдіреді.
Бақылау – жұмыс нәтижелеріне сандық және сапалық баға беру
процесі. Бақылаудың негізі тәсілдері – байқау, тексеру, есепке алу, талдау.
Бақылау басқару функциялары арасында «кері байланыс» орнатуға мүмкіндік
береді, себебі бақылау нәтижесінде бастапқы шешімдерге, жоспарға
түзетулер енгізіледі. Педагогикалық бақылаудың басты мақсаты –
педагогикалық үрдіс субъектілерінің (әкімшілік, мұғалім, оқушы, персонал)
тәртіп ережелеріне сәйкес мінез-құлық жүйесін ұстануына ықпал жасау, оқу-
тәрбие процесінің нақтылы нәтижесінің талап етілетін нәтижеге неғұрлым
жақын болуын қамтамасыз ету.
Педагогтар басқа әдістерді қосымша ретінде қолданса, бұл әдісті өте
жиі немесе үнемі қолданады. Бақылау басқа әдістер арқылы анықтау мүмкін
емес ақпараттарды береді, себебі:
55
-
респонденттер кейбір жағдайларда ақпарат беруден бас тартады
немесе жалған ақпараттар беріп жатады;
-
респондент жауап беру барысында зейіні белгілі бір белгіленген
құрылымға бағытталады, яғни өзінің жауабында ескермеуі мүмкін емес;
-
көбінесе үшінші адам туралы ақпарат алу талап етіледі, осы сәтте
ол қиын және қолайсыз болып табылады.
Сондықтан бақылаудың маңызын былай ашып көрсетуге болады:
- нақты бір ғылыми мақсаттылыққа сүйенеді, ғылыми теория
шеңберінде мақсатты және жүйелі түрде өтеді;
-
жүйелі түрде жоспарланады және жағдайдың еріктілігіне
бағынбайды;
- жүйелі түрде жазба жұмысы ретінде де жүргізіледі;
- оның жарамдылығы мен нақтылығы қадағаланады, қайта тексеріледі.
Ғылыми бақылау бірнеше формаларды қарастырады: стандартты емес
және стандартты бақылау; іштей және сырттай бақылау; жүйелі бақылау.
Педагогикалық диагностикада тестілеу деп зерттеу әдістерін айтады.
Ғылыми тілде тестілеу – бұл құрылуы мен қолданылуында белгілі ереже
болатын зерттеу әдісі. Мектеп оқушылары тәрбиесінің деңгейін, ол туралы
түсінігі мен ойының дамуын анықтау үшін тесттер жинағын қолданылады.
Педагогикада көбінесе мектептегі үлгерім тесттері, мектепке дайындық
тесттері, интеллект тесттері, кәсіби даярлықты тексеру тесттері, зейінді
шоғырландыруға арналған тесттер және де әлеуметтік тесттер (сауалнама
тест) қолданылады.
Қазіргі кезде жеке тестілеуге қарағанда топтық тестілеу жиі
қолданылады, алайда техникалық прогресс жағдайды жеке тестілеуді де
өзгертуі мүмкін деген көзқарастар бар. Бұл әдіс диагностиканың нәтижесін
қорытындылау мақсатында қолданылады. Диагностикалық әдістер тұлғаның
психикалық ерекшеліктеріне мінездеме берумен қатар сандық және сапалық
сипаттама береді.
Диагностика екі кезеңнен тұрады, атап айтқанда, біріншісі -
психодиагностикалық ақпараттарды жинау; екіншісі - мінездемелерді
тұжырымдау және диагноз қоюды жүзеге асыру.
Диагностиканың алғашқы кезеңі психодиагностикалық ақпараттар
алуда оның екі тәсіліне де ерекше мән бердік. Себебі, психодиагностикалық
әдістерді (тесттер) қолдану арқылы өте қысқа немесе жан-жақты; адамды
емдеу немесе оқыту мекемелері жағдайында ұзақ қарау арқылы мәліметтер
жинақтау маңызды.
Қысқа диагностикалық зерттеудің өзі екі түрге бөлінеді: біріншісі,
психологиялық тестілеу, онда процедураның стандарттығына жетеді және
психикалық даму деңгейіне сандық баға беріледі; екіншісі, кешенді
психодиагностикалық зерттеу, онда психодиагностикалық гипотеза
жасалады. Диагностика психологиялық кеңес үдерісіне қосылып,
психологиялық мінездеме берумен аяқталады. Алынған мәліметтер оқыту
құралдары мен тиімді жолдарын анықтау үшін қолданылады.
56
Сондықтан сапалық және сандық сипаттағы диагностика нәтижелері
балаларды тәрбиелеу мен оқыту жүйесінде мазмұн мен әдістердің тиімділігін
анықтауға мүмкіндік береді. Мектепте қолданылатын сандық сипаттағы
диагностикалық әдістердің ең бастысы - әртүрлі тесттер мен шкалаларды
қолдану басшылыққа алынуы тиіс. Сапалық диагностикалық әдістер сандық
әдістермен салыстырғанда күрделі, бірақ оның көмегімен психикалық
құбылыстарды жан-жақты зерттеп, сипаттама жасауға болады. Сонымен
бірге аралас диагностикалық әдістерде сандық және сапалық диагностикалық
әдістер біріктіріліп қолданылады. Демек диагностика нәтижесінде алынған
мәліметтер обьектінің қалыпты жағдайынан ауытқуының алдын алуға,
сондай-ақ обьектінің дамуын қамтамасыз етуге пайдаланылады.
Жалпы
алғанда ппедагогикалық диагностика - оқу үрдісін
оңтайландыру міндеттерін шешуге бағытталған бақылау мен бағалау
тәсілдерінің, әрі педагогикалық үрдіс жағдайының себептерін анықтау,
«педагог-оқушы» жүйесінің мүмкіндіктерін, олардың арасындағы қарама-
қайшылықтарын айқындау және сипаттау үшін қажетті білім мен әрекеттің
жиынтығы.
Осыдан педагогикалық диагностика - оқу үрдісін оңтайландыру
міндеттерін шешуге бағытталған бақылау мен бағалау тәсілдерінің
жиынтығы, сонымен қатар оқу бағдарламаларын, педагогикалық әсер
әдістерін жетілдіру болып табылады
Сондықтан қажетті ғылыми өлшемдерді сақтай отырып, мұғалім
оқушыларды бақылайды, сауалнама жүргізеді, бақылау мен сауалнамадан
алынған мәліметтерді өңдеп, алынған нәтижені, оның себебін түсіндіру үшін
немесе болашағын болжау үшін хабарлайтын үрдісті педагогикалық
диагностикалық әрекет ету деп айтады. Сонымен қатар диагностикалық іс-
әрекет үдерісінің жүру барысында қажетті ғылыми ережелер сақталады,
мұғалім оқушыны бақылайды және сауалнама жүргізеді, бақылау
нәтижесінде сауалнамадан алынған сұрақтардың нәтижесін талдайды және
жалпы алынған нәтиже бойынша мінез-құлқына мінездеме береді, оның
мотивтерін түсіндіреді, болашақтағы мінез-құлқын айтып бере алады.
Психологиялық-педагогикалық диагностиканың оқу-тәрбие үдерісінің
тиімділігін арттыру мақсатында оқушылардың әлеуметтік-психологиялық
сипатын зерделеуге, пайымдау жасауға, болжамдар арқылы оқу-тәрбие
жұмыстарының нәтижесін арттыруға бағытталған бағалаулардың жиынтығы
екені басшылыққа алынып, құқықтық тәрбие жұмыстарынан қажетті
мәліметтерді толық жинақтап, оларды талдап, тиісті қорытындылар
жасалынып, оңтайлы шешім шығару жоспарланды. Мектепiшiлiк
бақылаудың ерекшелiгi оның бағалау қызметiмен байланысты, ол бағалау
мұғалiм тұлғасының ерекшелiгiн ескеруге бағытталады.
Достарыңызбен бөлісу: |