70
құжаттардың түрлерін зерттеу нәтижесінде қалыптасады. Ол
оқушылардың
оқу үлгерімі мен сабаққа қатысуы, олардың пәндері,
мектептің санитарлық
жағдайы, оқу бөлмелері, оқу шеберханалары және т.б. туралы мәліметтерден
тұрады. Күнделікті ақпарат басқару шешімдерін оперативті қабылдауға
пайдаланылады.
2) Апталық оперативті ақпарат директордың оқу-тәрбие жұмыстары
жөніндегі орынбасарымен дайындалады. Ол апта бойы мұғалімдерден,
сынып жетеекшілерінен және т.б., оперативті жиналыстардағы пікір алмасу
нәтижесінен түскен мәліметтерді ескереді. Апталық ақпарат ерекше
бақылауда болған, жеке оқушылар мен жеке сынып оқушыларының оқу
үлгерімі мен сабаққа қатысуы, сонымен бірге сыныптан және мектептен тыс
шаралар, сынып журналын, оқушылар дәстері мен күнделіктерінің жүргізілу
жағдайы бойынша туралы мәліметтерден тұрады.
3) Ай сайынғы оперативті ақпарат
апталық ақпараттарды
қорытындылалап, оларды толықтырады. Ол оқу бағдарламасының
орындалуы, пән мүғалімдері жұмысының сапасы, жеке сыныптар бойынша
оқу үлгерімі, сабаққа қатысуы, пәндері, арнайы тексеру және бақылау
жұмыстары, оқушылардың қоғамдық ұйымдары туралы мәліметтерден
тұрады.
4) Тоқсандық ақпаратты сынып және
оқу пәндері бойынша оқу
үлгерімі жөнінде мұғалімдер мен сынып жетекшілері жазбаша дайындайды.
Оны жұмыстағы айқындалған кемшіліктерді жою жолдарын анықтау
мақсатында мектеп дирекциясы талдайды, педагогикалық және әдістемелік
кеңесте (пән бірлестіктері) талқыланады.
5) Жылдық ақпарат тоқсандық ақпараттар мәліметтері, бітіруші және
көшу емтихандарының нәтижесі негізінде қалыптасады, оқушылардың
тәрбиелілік және білімділік деңгейінде динамиканы айқындауға мүмкіндік
береді. Осы ақпараттар жалпы мектептің жылдық жұмыс жоспарының
аналитикалық бөлігін құрастыруға пайдаланылады.
Сонымен бірге қаржы-шаруашылық құжаттары жүргізіледі, ол өзіне
енгізеді: мектептің техникалық паспорты, мұғалімдердің тарификациялық
тізімі, негізгі құралдардың инвентарлы тізімі, қойма материалдарын тіркеу
кітабы, аса құнды емес және тез тозатын заттар
қозғалысын оперативті
тексеру ведомосі, мектептің кітапхана қорының инвентарлы кітабы,
материалдық құндылықтарды жаңарту актілері.
Мектеп құжаттарын дәл ұйымдастыру және дұрыс жүргізу тиімді
мектепішілік басқарудың маңызды шарттарының бірі болып табылады.
Көрсетілген құжаттар өз уақытында және оны жүргізу бойынша әрекет ететін
нұсқауға сәйкес толтырылуы тиіс. Сонда ғана мектеп ұжымы іс-әрекеті
бағыттары бойынша нақты ақпараттарды еш кедергісіз алуға болады, ол іс
жағдайын обьективті бағалауға және дәлелденген
басқару шешімдерін
қабылдауға қажетті қолайлы мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: