Дәрістер №1 дәріс 1-БӨлім білім берудегі менеджменттің теориялық



Pdf көрінісі
бет36/79
Дата24.12.2022
өлшемі1,45 Mb.
#59426
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   79
Байланысты:
Д рістер №1 д ріс 1-Б лім білім берудегі менеджментті теориялы

 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
1. Негізгі құжаттардың тізімін құрып, оларға жеке сипаттама беріңіз.
2. Бұйрық кітаптары, сынып журналдарын және басқа да құжаттарды 
жүргізуге қойылатын талаптардың мазмұнын ашып көрсету. 


72 
3. Мектептің жұмысын жоспарлаудың түрлері: мектепішілік жоспар, 
педагогикалық және әдістемелік кеңестердің, пәндік бірлестіктердің 
(кафедралардың) жұмыс жоспарлары, тақырыптық және сабақ жоспарлары
сынып жетекшілерінің жұмыс жоспарлары. Кесте құраста отырып, әрбір 
түрін сипаттаңыз. 
4. Мектеп жұмысы жоспарының (жылдық және тоқсандық) бөлімдерін 
атау, ондағы жұмыстар мазмұнын ашып көрсету, жоспарланатын іс-шаралар 
үлгісін ұсыну. 
5. Мұғалімнің, тәрбиешінің, сынып жетекшісінің оқу және тәрбие іс-
әрекеттерін жоспарлау. Өз таңдауыңыз бойынша біреуін мысалға ала 
отырып, сипаттау. 
6. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 
Бұйрықтар кітабы үлгісін пайдалана отырып, қойылатын талаптарға талдау 
жасаңыз.
 
Бұйрықтар кітабы 
_________________________________________________________________ 
(облыс) 
__________________________________________________________________ 
(аудан, қала, ауыл) 
__________________________________________________________________ 
(мектептің аты) 
________________________жылы кітап басталды 
________________________жылы кітап аяқталды 
 
Бұйрықтар кітабын жүргізуге және бұйрықтарды шығаруға арналған 
НҰСҚАУЛАР 
 
1. Ең кемі үш қызметкері бар мектептерде егізгі қызмет, жеке құрам бойынша 
және оқушылар қозғалысына байланысты бұйрықтарды тіркейтін бұйрық кітаптары 
жүргізіледі. 
2. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтарда оқу-тәрбие мәселелері жөніндегі 
жарлықтар мен қаулылар ресімделеді. Бұйрықтың мәтіні логикалқ өзара байланысты екі 
бөліктен тұрады: тұрақты және өімгерлік. Тұрақты бөлігінде бұйрықтың шығарылу 
себептері оның шығуына негіз болған нормативтік актіге сілтеме көрсетіледі. Бұйрықтың 
тұрақты бөлігі «Жоғарыда айтылғандардың негізінде бұйырамын ...» немесе 
«Бұйырамын...» сөздерімен аяқталады. Өкімгерлік бөлігінде бұйрықты орындауға 
жауапты лауазымды адамдардың тегі, аты, әкесінің аты, іс-қимылдары, бұйрықты 
орындау мерзімі көрсетіледі. 
3. Жеке құрам бойынша бұйрықтар өкімгерлік әрекеттермен басталады: 
«Қабылдансын», «Тағайындалсын», «Көшірілсін», «Шығарылсын», «Берілсін» т.с.с 
етістіктермен аяқталады. Одан әрі қызметкерлердің тегі, аты-жөні (жұмысқа қабылданған 
жағдайда тегі, аты, әкесінің аты толық көрсетіледі), қызмет, бұйрықтың аталған пунктінің 
күшіне енетін күні (ол бұйрық шығарылған күнге сәйкес келмеген жағдайда) көрсетіледі. 
Көшірілуге, шығарылуға, тәртіптік жазалауға байланысты бұйрықтар міндетті түрде 
«Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Қазақстан Республикасындағы Заңының 
тиісті бабына сілтемесі болуы қажет.
4. Жеке құрам бойынша бұйрықтардың шығарылуына негіздеме болуы міндетті 
түрде қажет (мысалы, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықта 200__ жылғы 


73 
«___»____________ жеке еңбек келісім). 
5. Оқушылардың қозғалысы бойынша бұйрықтарда оқу жылы басталғанда 
оқушылардың сыныптар бойынша жеке құрамы, оқушыларды қабылдау және шығару, 
оқушыларды келесі сыныпқа көшіру туралы, оқушыларды қорытынды аттестацияға 
жіберу туралы, оқушылардың 9-шы және 11-шы сыныпты бітіргені туралы т.с.с. Бұл 
жағдайда оқушылардың тізімі (сыныптар бойынша, келесі сыныпқа көшетіндердің 
немесемектеп бітірушілердің) педагогикалық кеңестің хаттамасына жазылып, ал бұйрықта 
жалпы еәтижелер көрсетіледі. 
6. Бұйрықтың соңғы пунктінде директор лауазымды адамдардың біреуіне 
бұйрықтың орындалуын бақылауды жүктеуі мүмкін. Бұйрықтың орындалуын өзі 
бақылаған жағдайда «Бұйрықтың орындалуын өзіме қалдырамын» деген тұжырым 
пайдаланады. 
7. Жеке тапсырмалар нөмірленген қосымшалар ретінде бұйрықтың тиісті 
пункттерінде ресімделуі мүмкін. 
8. Бұйрықтар төмендегі реквизиттері бар тиісті бланкілерде ресімделеді: 
құжаттың аты, күні бұйрықтың нөмірі, шығарылу орны, тақырыбы, мәтіні, құжатқа 
өкілетті адамның қолы, келісу. 
9. Бұйрықтар қатаң түрде бұйрық кітабында тіркеліп, түрлері бойынша жеке 
папкаларға тігіледі. 
10. Бұйрық кітабындағы барлық жазбалар анық, мұқият сиямен немесе пастамен 
(мектеп әкімшілігінің шешіміне сәйкес) толтырылуы тиіс. 
Мектептің мөр таңбасы 
БҰЙРЫҚ 
Шығарлыған орны 
№_____ 
20___ 
ж. 
«___»_____________ 
Тақырыптама 
Бұйрықтың мәтіні 
Директор ____________________ аты, тегі 
(қолы) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет