79
3. Рефлексия-шығармашылық: түрлі педагогикалық технологиялар
мен олардың тиімді әдістерін өзіндік талдау мен жобалау.
Мұғалім портфолиосының түрлері
1. Мақсаты бойынша: жекеменшік (өзі үшін), есеп (басшылық үшін),
жоба (ұжым мен ұйым дамуы үшін).
2. Мазмұны бойынша: жетістіктер (белгілі бір бағыттардағы), рефлек-
сия (мақсатқа жетуді талдау мен бағалау), проблемалық бағдар (жүйе
құраушылары мен қажетті шешімдер), тақырыптық (негізгі қызмет салалары
бойынша маңызды жұмыстар).
Мұғалім портфолиосының маңызды бөлімдері
“Автопортрет” бөлімі:
Менің әдістемелік жұмыс жүйем. Менің кәсіби өсу бағдарламам.
“Ақпараттық ресурстар” бөлімі:
Қажетті нормативтік-құқықтық құжаттар. Анықтамалар мен түсін-
дірме сөздіктер. Жалпы және педагогикалық заңдылықтар мен ереже-лер.
“Жұмыс материалдары” бөлімі:
Менің әдістемелік жобаларым мен дайындамаларым.
Қызықты және
құнды ақпараттар мен мәліметтер (интернеттен).
“Менің жетістіктерім” бөлімі:
Мен ашқан жаңалықтар мен заңдылықтар. Менің табыстарым мен
ынталану жолдарым.
Мұғалім портфолиосының мазмұны
- Жылдық жұмыс жоспары мен жылдық жұмыс есебі.
- Бақылау-тексеру және тест жұмыстарының қорытындылары.
- Топтық және ұжымдық жұмыс қорытындылары.
- Сабақ жоспарлары мен енген сабақтарға талдау жұмыстары.
- Өзіндік зерттеу-сынақ
жұмыстарының аралық қорытынды, түпкі
нәтижелері.
- Өзекті мәселелер мен танымдық тапсырмалардың шешімдері.
- Жазбаша шығармашылық жұмыстар (рефераттар мен эсселер).
- Аудио және бейнематериалдар, фотосуреттер.
- Жалпылау материалдары (сызба-кестелер, графиктер мен диаграм-
малар).
- Сауалнамалар мен сұқбаттасулар және оларды өңдеу қорытын-
дылары.
- Берілген қосымша тапсырмалардың қорытындылары.
- Бақылау күнделіктері мен өзіндік ой-толғаныстар.
- Ұжымдық және жеке ғылыми-әдістемелік жобалар.
- Авторлық бағдарламалар мен балама оқу құралдары.
- Жасалған баяндамалар мен жарық
көрген мақалаларының көшір-
мелері.
- Әдістемелік нұсқау-жинақтарының қысқаша аннотация, рецен-
зиялары.
80
- Портфель авторының жетістіктерін айғақтайтын құжаттар (мақтау
қағаздары мен сертификаттар, анықтамалар мен дипломдар).
Мұғалім портфолиосын дайындау технологиясы:
мұғалімдерді
ынталандыру: аттестациядан өтуге немесе қызметтік өсуге қажетті
материалдар екендігі, қосымша сыйақы төлеу немесе мадақтау үшін негіз;
портфель типін анықтау: жинақтаудың мақсатты бағыттылығын күшейту
үшін мақсаты, мазмұны
бойынша портфель типін анықтау, жекелеген
жағдайлар мен арнайы мақсаттарда аралас типін алуға бола-тындығы; өткізу
мерзімі мен сипатын анықтау: жыл соңында не мерзім-ді көрсету;
бөлімдер
санын белгілеу: жұмыс жоспарына сай міндетті және таңдауы бойынша
алынатын бөлімдер саны жетеуден көп болмауы керектігі;
бағалау
критерийлерін дайындау: міндетті бөлімдердің көп-шілігі талқылауға
жатпайтындығы мен қалғандарының бірлесе жасала-тындығы.
Достарыңызбен бөлісу: