Дәрістер №1 дәріс 1-БӨлім білім берудегі менеджменттің теориялық


Аттестацияны рәсімдеу, қазіргі кездегі талаптар



Pdf көрінісі
бет40/79
Дата24.12.2022
өлшемі1,45 Mb.
#59426
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   79
Байланысты:
Д рістер №1 д ріс 1-Б лім білім берудегі менеджментті теориялы

4. Аттестацияны рәсімдеу, қазіргі кездегі талаптар. Мұғалімдердің 
әдістемелік деңгейін көтеру оларды кезеңдік аттестациялауға – бұл білім 
беру мекемелері қызметкерлері іс-әрекетінің өнімділігін және мамандар 
деңгейін, педагогикалық шеберлікті кешенді бағалауға мүмкіндік туғызады.
Аттестацияның мақсаты білім беру қызметкерлерінің еңбек ақысын 
бағалаудың тиімді дифференциацияланған жүйесін құруды, олардың кәсіби 
өсуін ынталандыруды, біліктілікті үздіксіз көтеруді және еңбектің 
нәтижелілігін көрсетеді. Мұғалімдерді аттаестациялау еңбекті эксперттік 
бағалау негізінде жүргізіледі: оның нәтижелілігі мен оқу-тәрбие үрдісінің 
сапасы.
Аттестацияның 
төмендегі қағидалары 
анықталған: 
эксперттік 
бағалаудың еріктілігі, ашықтығы, жүйелілігі және педагогикалық 
қызметкерлерге обьективтік, түзетушілік, ұқыпты және тілектестік 
қатынастарды қамтамасыз ететін эксперттік бағалаудың тұтастығы.
Аттестация қортыныдысы бойынша мұғалімге басқа категория 
беріледі. Онда біліктілігін, мамандығын көтеру курстарында педагогикалық 
оқуы, педагогикалық іс-әрекетін талдау нәтижесі және мұғалім еңбегінің 
нәтижелері ескеріледі.
Аттестация барысында мұғалімнің кәсіптік құзырлығына ғана 
диагностика жасалып қоймай, келешекте белгілі бағыттары анықталады. 
Мектептің педагог қызметкерлерін аттестациялау бұрынғы Кеңес 
Одағында 1972 жылы енгізілді. Алғашқы аттестациядан кейінгі кезеңде 
аттестациялау туралы құжаттар білім беру жүйесіндегі өзгерістерге сай 
бірнеше рет өзгертіліп, толықтырылды. 
Аттестацияның негізгі мақсаты – педагог қызметкерлердің кәсіптік 
біліктілігін көтеру, шығармашылық белсенділігін дамыту, педагогикалық 
еңбек сапасы деңгейінің өсуін ынталандыру, педагогтар еңбегін жіктеу 
арқылы олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету. Педагогтарды 
аттестациялаудың міндеті – педагогтың кәсіби деңгейіне сәйкес біліктілік 
санатын беру. Ынталандырудың негізгі құралы ретінде мұғалім еңбегіне ақы 
төлеуді жіктеу болмақ. Педагогтарды аттестациялау принциптері – еркіндік, 


81 
жариялылық, жүйелік, тұтастық еріктілік және оның объективті, әділ өтуін 
қамтамасыз ету. Бұл принциптер аттестациялық комиссия жасақтауда қатаң 
сақталады. 
Қазіргі ереже бойынша үш түрлі комиссия құрылады. Бас 
аттестациялық комиссия республикалық, облыстық деңгейде, ал аудандық, 
қалалық комиссия тиісті білім мекемелерінің деңгейінде құрылады. Ал білім 
беру мекемесінің аттестациялық комиссиясын құру педагогикалық кеңестің 
құзырында болады. 
Құрылған әр комиссия өз құзырына сәйкес мәселелерді қарастырады. 
Ал аттестациялау комиссиясының негізгі шешімі – біліктілік санат беру. 
Қазір үш біліктілік санат берілген, олар жоғарғы санатты алу үшін 
республикалық, облыстық деңгейдегі аттестациялық комиссия, бірінші 
санатты алу үшін аудандық, қалалық деңгейіндегі аттестациялық 
комиссиясы, ал екінші санаттыалу үшін мұғалім мектеп аттестациялау 
комиссиясына өтініш береді. 
Мұғалімнің немесе мектеп басшысының қызметі екі кешенді 
көрсеткіштермен бағаланады. Біріншісі – қызмет қорытындысын жинақтау
екіншісі – практикалық қызметті эксперттік бағалау. Бірінші көрсеткіш 
бойынша мұғалім шығармашылық есеп, ғылыми-әдістемелік немесе 
тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды ұсына алады. Екінші көрсеткіш 
бойынша ол бірнеше нұсқада психологиялық-педагогикалық сараптаудан 
(экспертизадан) өтуі тиіс. Кейбір мектептерде аудандық, облыстық 
технология, тестілеу, эксперттік бағалау тәсілдері қолданылады. Дегенмен 
педагогикалық қызметті болжамдау және жинақтауды аттестациялау 
комиссия нақтылап, түзету енгізіп отырады. 
Мұғалімдерді аттестациялау педагогтың біліктілігін жетілдіру 
жоспарына сәйкес бес жылда бір рет мұғалімдер біліктілігін көтеру 
институттарында немесе жоғары оқу орындарының факультативтерінде 
арнайы дайындық курстарынан өтеді. Кейде аттестация мұғалімнің 
педагогикалық біліктілігін айқындау үшін педагогикалық кеңестің 
шешімімен, басқару әкімшілігінің бастамасымен де жүргізілуі мүмкін. 
Біліктілікті көтеру немесе педагогикалық жоғары оқу орны базасында 
мұғалімдердің алған арнайы білімдерді практикалық тұрғыдан қорытып, 
мектепте сыннан өткізуді қажет ететіндігі аңғарылады. Мұндай жағдайда 
мектепте арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыстардың жүйесі 
мұғалім үшін баға жеткіліксіз көмек бола алады. 
Шағын комплектілі мектептерде аттестация өткізуді ұйымдастырудың 
өзіндік ерекшеліктері бар. Ондай мектеп мұғалімнің аттестациялауды 
аудандық білімінің немесе ірі мектеп базасында құрылған комиссия 
атқарады. 
Мектеп тәжірибесі көрсетіп отырғандай, аттестациялаудың табысты 
болуы оны ұйымдастыруға, қорғау мен бағалаудың дұрыс жолға қойылуына, 
ұжымда іскер тілеулестік көңіл-күйдің қалыптасуына байланысты. Жалпы 
айтқанда, мұғалімдерді аттестациялау мектептің ғылыми-әдістемелік 


82 
жұмыстарының стратегиясы мен тактикасын анықтаудың негізі болып 
табылады. 
Педагогикалық қызметкерлерді аттестациялау технологиясы сатылап 
жүргізіледі, олар: 
1) Бірінші саты – білім беру мекемесінің педагогикалық кеңес 
шешімімен аттестациялық комиссияны құру және оны берілген мекеме 
басшысының бекітуі, аттестацияны ұйымдастыруға жауапты адамдардың 
тағайындалуы. 
Аттестацияны өту үшін педагогикалық қызметкердің жеке ісінен 
келесідей құжаттар тізімі ұсынылады: аттестация өтуге өтініш, біліктілікті 
жоғарылату нәтижесі бойынша құжаттың көшірмесі, бақылау және басқа да 
білікті жұмыстарды орындау нәтижесі бойынша эксперттік қорытынды, 
аттестациялық парақ, білім беру мекемесі басшысының берген хаттамадан 
көшірмесі. 
2) Екінші саты – мұғалімнің біліктілік деңгейін, оның кәсіби әрекетінің 
нәтижесін бағалауды ұйымдастыру. 
3) Үшінші саты – бұл мұғалімнің кәсіби әрекетін және біліктілік 
деңгейін бағалау. 
4) Төртінші саты – аттестациялық комиссияның шешім қабылдауы 
және оның нәтижесі бойынша бұйрық шығаруы. Содан кейін аттестациялық 
комиссия шешімінің негізінде білім беру мекемесінің басшысы 
педагогикалық қызметкерге біліктілік санатын иеленуі туралы бұйрық 
шығарады. Соған байланысты педагогикалық қызметкердің санатына сәйкес 
еңбек ақы деңгейі көтеріледі. 
Мұғалімнің кәсіптік дайындығы оның педагогикалық жоғары оқу 
орнын бітірумен аяқталмайды, ол мұғалімнің кәсіптік қызметінің бүкіл 
кезеңін қамтиды. Сонымен бірге мұғалімнің кәсіптік білімін үздіксіз көтеріп 
отыруы оның шығармашылық қабілетін және дербес педагогикалық 
тәжірибесін үнемі дамытудың шарты болып табылады. Егер мұғалім 
қоғамдық ортада белсенді позиция ұстанып, оның дербес тәжірибесі 
әлеуметтік және педагогикалық тәжірибемен кірігіп, педагогикалық 
ұжымның қолдануына ие болып, кәсіптік шығармашылық ізденісі 
көтермеленіп отырса, мұғалімнің кәсіптік шеберлігі мен педагогикалық 
мәдениетінің артуы барынша жемісті болады. 
Аттестация мұғалімнің қалауымен жүргізіледі. Аттестацияны өтуге 
ықыласы бар педагогикалық қызметкерлер жалпы және дифференцияланған 
талаптарымен таныс болулары тиіс. 
Мұғалім еңбегін бағалаудың жалпы талаптары келесі көрсеткіштер 
бойынша сипатталады: 
1) Нәтиже 
көрсеткіші. 
Бұл 
мұғалім 
жұмысындағы 
шешуші 
көрсеткіштердің бірі, яғни оның педагогикалық әрекетінің нәтижелілігі. 
Оқушылардың пән бойынша білімдері мен олардың тәртіптілік сапасы: 
- пән бойынша шындыққа негізделген білім қоры; 


83 
- қабылданған білімді қолдана алу іскерлігі (сауатты жазу, есептерді 
шешу); 
- табиғатта және қоғамда болған құбылыстар мен процестердің мәнін 
түсіну; 
- оқушылардың дербестік деңгейі, білімді кеңінен табу іскерлігі; 
- маңызды машиналарды тану деңгейі, оқушылардың практикалық 
және экономикалық даярлығы (жас ерекшелігі мен бағдарламаны ескеру); 
- жұмысына қатынасы, мектептегі тәртібі, қоғамдық пайдалы еңбек 
әрекетіндегі белсенділігі, эстетикалық және физикалық мәдениеті. 
2) Процесс көрсеткіші. Оқу және тәрбие жұмысының барлық маңызды 
нәтижелерін көрсете отырып, мұғалім еңбегінің көрсеткіштерін шектеуге 
болмайды. Осы мақсатта мыналар оқылады: 
- мұғалімнің өзінің кәсіби біліктілігін жоғарылатуымен жұмыс жасауы 
(біліктілігін арттыру курстары); 
- сабақтың, сабақтан тыс оқу және тәрбие жұмыстарының сапасы; 
- оқыту мен тәрбиелеу процесіндемұғалімнің оқушыларға жеке 
көзқарасты жүзеге асыру әскерлігі; 
- балаларды тәрбиелеуде ата-аналарға көмек беру жұмыстары. 
Мұғалім жұмысын бағалау үшін дифференцияланған көрсеткіштер 
келесі санаттар бойынша жіктеледі: 
Екінші санатты мұғалім – 1-2 жылдық жұмыс өтілімі бар, сабақтың 
жоғары сапасын беретін, пәндік үйірмелер мен факультативтер жүргізетін 
мұғалімдер. Сынып жетекшісі болып атқаратын сыныпта пәндері және 
пайдалы істері бойынша жоғары көрсеткіштерінің болуы. Сонымен қатар 
өзінің біліктілігін жоғарылатуда жүйелі қызмет етіп, ата-аналармен жақсы 
жұмыс жасайды. 
Бірінші санатты мұғалім – екінші білікті категориясы бар, біліктілігін 
арттыру курсын табысты аяқтаған, 1-2 оқушы түлектерінің болуы (бастауыш, 
9 немесе 11 сынып түлектері). Оқушылар жоғары білім деңгейін көрсетеді. 
Сынып жетекшісі ретінде көптеген жұмыстар атқарады және мектепте сол 
сынып жоғары орындардың бірін алады, бұл оқушылар жоғары тәртіптілік 
деңгейімен сипатталады. Сонымен қатар мұнда ата-аналардың пікірі де 
ескеріледі. 
Жоғары санатты мұғалім – бірінші білікті категориясы бар, біліктілігін 
арттыру курсын табысты аяқтаған. Жас және тәжірибесі аз мұғалімдерге 
көмек береді. Жұмыс әдіс-тәсілдерін өңдейді және оларды жетілдіреді. 
Педагогикалық форумдарға қатысып, баяндама жасайды, баспаға мақалалар 
шығарады. 
Кез-келген саладағы басқарушы қызметкер өндірушілердің үздіксіз 
қызмет көрсетуі мен олардың игіліктері үшін мүмкіндіктер мен белгілі бір 
шарттарды құруды қамтамасыз етеді. Егер басқарушы мұндай шарттарды 
құруға қатыспаса, онда ол міндетті түрде қызметінен босатылуы тиіс. 
Жалпы менеджердің кәсіби қызметіндегі еңбегін бағалау үшін келесі 
көрсеткіштерге назар аударылады: 


84 
1) басқару дағдысының болуы: жоспарлау, реттеу, қажетті жағдайда 
стандартты емес шешімдер қабылдау, әкімшілік ету, ресурстарды дұрыс қол-
дану; 
2) қызметкерлерді басқару дағдысының болуы: қол астындағыларды 
оқыту, қызметті бақылау, қызметкерлерді ынталандыру, реттеуді күшейту; 
3) жеке бейімделу деңгейі: табандылық, қайсарлық, мақсаттың 
жолын ұстау, жаңаға қатынасы, біліктілігін жоғарылату; 
4) жұмыс істеу сапасы: тәртіптілік, бақылаудың қажеттілігі, 
нәтижесінің тиімділігі. 
Менеджер қызметін аттестациялау көрсеткіштеріне келесілер жатады: 
1) білімі: жалпы дайындық деңгейі, арнайы дайындық деңгейі, аралас 
сұрақтарды білуі, жан-жақтылығы; 
2) жеке қасиеттері: шындық, адалдық, денсаулығы, сыртқы түрі; 
3) қабілеттері: ұйымдастыру, шығармашылық, басқару; 
4) қарым-қатынас жасау қабілеттігі: тіл табыса алуы, сөйлеу мәдениеті, 
психологиялық тұрақтылығы, ақыл-ойының икемділігі; 
5) жұмыс тәжірибесі: еңбек өтілімі, қызметінде алға жылжуы, 
қызметке сәйкестігі; 
6) талпынысы: жеке талпынысы, жұмыс істеуге деген ынтасының 
болуы, болашаққа ұмтылуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет