85
жоспарластырылғанда мұғалім ұжымдық оқу түріне тартыла отырып, өзін
қызықтырған сұрақтарға жауап таба алады.
Мектеп директоры және оқу ісінің меңгерушісі әдістемелік жұмысты
ұйымдастырғанда өз мектебі педагогтарының алдындағы қиындықтарға баса
назар аударады. Әркімге қатысты мәселелерді бірлесе талқылау мұғалімнің
өз білімін көтеру әрекетіне ықпал жасайды. Сондықтан да директордық, оқу
ісі меңгерушісінің өз білімін көтеруді ынталандыруы
және оған басшылық
жасауы негізінен жанама сипат алады. Өздігінен білім көтеру ауқымды
мәселелерді қамтиды. Мәселелер топтамасының арасында оқушылардың
ғылыми көзқарасын,
оның рухани мәдениетін, азаматтық тәрбиесін
қалыптастыруды атауға болады. Әрбір мұғалімнің өздігінен білімін көтеруі
ой еңбегінің техникасын білу, ақыл-ой әрекетінің
дербес ерекшеліктерін
ескеру негізінде құрылады. Мұғалімнің өздігінен білімін көтеруі оның бос
уақытын дұрыс ұйымдастыру, дербес жұмыс жоспар құрып,
оны іске асра
алуына тікелей байланысты. Сонымен, мұғалімнің кәсіби даярлығы оқу орны
қабырғасымен шектеліп қана қоймайды, ол оның кәсіби қызметі бойында
жалғасып отыратыны анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: