104
органдары бар комплексі. Ал ұжым ұйымы
бар жерде ұжым органдары да
бар, ұжым сенетін өкілетті уәкілдер ұйымы бар және жолдастық қатынасы
мәселесі - ол жай ғана достық, жақсы көру, көршілік мәселесі емес, ол
жауапгершілікті тәуелділік мәселесі. Ол адамдарды қызметі қоғам үшін
пайдалы екені анық міндеттерді атқару үшін біріктерсе ғана ұжым
болатынын көрсетті. Ұжымның мәні бар міндеттерді тиімді шешуге қабілетті
келеді және тұрақты әрі бір – біріне көмектесіп отыруға негізделген өзара
қарым – қатынас орната алады.
Ұжым дамуындағы бұл құбылысты
әлемге әйгілі психолог, Нобель
сыйлығының лауреаты Г.М.Саймон құмырсқаның ауыр жолымен
салыстырады. «Құмырсқа қисық-қисық жол жүру арқылы үйіне қайтатын
жол салады. Оның мақсатын адамның мақсатымен салыстырмайтын, тек
оның жолын қағаз бетіне саламын. Осы түрлі сызықтардың қатары
кездейсоқ жол емес, ол белгілі мақсатқа жетуге
бағдарланған сезіммен
анықталған бағыт». Бұл Г.М.Саймонның пікірінше мінез құлық моделін
береді: «Егер оны геометриялық фигура деп қарастырсақ , құмырсқаның
жолы түзу де , симметриялы да емес жазуға өте күрделі әрі қиын. Бірақ ол
құмырсқа үшін күрделі күрделң емес». Бұл салыстыру ұйымының дамуы
қоршаған ортадағы жағ дайлардың күрделілігіне байланысты екенін
көрсетеді. Мұндай жағдайда менеджердің алдында үнемі не
істеу керек,
басқару мақсатын қалай шешуге болады? деген сұрақ туады. Мұндай
жағдайда ең көне әдістердің бірі, интуицияның көрінуінен болатын «жақсы
идея» пайдаланылады. Бұл жағдайда мәселені нақты құрастыру үнемі қолдан
келе бермейді. Мәселенің өзі және оның шешімі интуицияның негізінде қас
қағым сәтте анықталатын кездер сирек кездеспейді. Қазір де кездейсоқ
эвристикаға көп мән беріледі.Жаңашылдық идеяны дамыту жағдайында
ұйымдасқан өнімді еңбектң ұйымдастырудың құрамдастырудың құрамдас
бөлігі мәнді элементі интуиция болып табылады.
Адамның әлеуметтік мәні оның материалдық және рухани өмірінен
көрінеді. Басқа адамдардан оңаша жүрген болса ол табиғатан
құлы болудан
оның әміршісі болу дәрежесіне жете алмас еді. Тек қоғамдық қызмет қана
адамдарды тіршілік құралымен қамтамасыз етті, олардың әлеуметтік орта
еңбектегі өзара қарым – қатынас психиканың да болуының шешуші
факторына айналды. Әрбір әлеуметтік қауымдастықтың өз тарихы болады:
дүниеге келеді, дамудың белгілі сатыларынан өтеді, аса жоғары дәрежеге
жетеді, сондай-ақ өмір сүруін тоқтатуы мүмкін.
Бұл формалды топқа да
формалды топқа да бірдей дәрежеде қатысты. Топтың қалыптаса бастауы
ассоцацияның - адамдардың уақыт және кеңістік белгілері негізінде бірлесуін
алу керек.
Мектепте бір сынып институтта бір курс тобы турсистер мен
экскурсанттар осылай құрылады. Ассоциацияда ортақ мақсат жоқ, іскерлік
және қарым – қатынас та қалыптаспаған бірақ оған қажет алғышарт болады.
Ассоцацияға кіруші әрбір адамның өзіне тән және әдетте басқалардың жеке
мақсаттарына ұқсас мақсаты болады. Бірақ бұл ортақ мақсат емес. Бірігіп
105
әрекет жасау кезінде ассоцацияға қатысушылар арасында іскерлік және жеке
қатынас орнайды. Сонда ассоцация жағынан мүлдем
басқа және әлдеқайда
күрделі қауымдастық – корпорацияға айналады. Корпорация – адамдардың
өзімен - өзі тұйық бірлестігі. Ассоцация сияқты, оның да ортақ мақсаты
болмайды. Корпорацияда әркім өзінің жеке ойын жүзеге асырады, ол
басқалардың ойына ұқсас болады. Корпорацияға оқшаулық тән ол
басқалармен мүлдем қатынас жасамайды ал қатынас жасайтын болса, оның
көп сатылы болатыны сонша, корпорацияға қатысушылар байқамайды.
Ұжым дәстүрі
заманның ағымына қарай дамып, қалыптасқан. Әрбір
ұжымның өз дәстүрлері бар, ол ұйымдастыруға байланысты жаңарып
отырады.
Достарыңызбен бөлісу: