Дәрістер «Білім беру жүйесіндегі менеджмент» куpсы бойынша дәрістер тезистері


Әлеуметтік мінез-құлық факторлары



бет9/19
Дата27.04.2023
өлшемі123,66 Kb.
#87579
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Байланысты:
Ä?ð³ñòåð «Á³ë³ì áåðó æ?éåñ³íäåã³ ìåíåäæìåíò» êópñû áîéûíøà ä?ð³ñ

Әлеуметтік мінез-құлық факторлары. Бұл факторларға қоғамның өзгермелі үміті, қарым-қатынасы мен әдет-ғұрпы жатады. Қазіргі кездегі кейбір маңызды факторларға қоғамның кәсіпкерлерге деген сезім күйі, қоғамдағы әйелдердің рөлі, менеджерлердің әлеуметтік мақсаты және тұтынушылар мүддесін қорғау қозғалысы жатады. Ұйым үшін көбінесе әлеуметтік фактор, проблеманы туғызады. Корпорацияның өзі де, әлеуметтік факторлардың өзгеруіне қарай бейімделіп отыруы тиіс.
Сыртқы ортаны талдау арқылы ұйым болатын қауіп-қатерлерді пайымдап, соған қарсы күні бұрын әрекет ете алады.
Жүргізілген талдаудан кейін басшы ұйымның күшті және осал жақтарына баға береді. Жоспарды ойдағыдай жүзеге асыру үшін басшы ұйымның ішкі мүмкіндіктері мен кемшіліктері туралы, сондай-ақ сыртқы проблемалар хақында толық хабардар болуы тиіс.
Ішкі ортаны бағалау және талдау
Фирманың ішкі мүмкіндіктерді игере алатындығын, ал сыртқы мүмкіндіктерді пайдалана білетіндігін, сондай-ақ өзіндегі әлсіз тұстарын айыра алуын анықтаудың зор маңызы бар. Процестер көмегімен ішкі проблемалар диагнозын жүзеге асыруды басқарушының тексеруі деп атайды.


Педагогикалық менеджменттің субъектері қызметінің нәтижесі
Теория, әдістеме және педагогикалық менеджменттің тәжірибесінің негізгі ұғымдары.Оқушылар білімінің сапасы. Элементарлық білік және дағды, түсіну, есте сақтау ажырата білу тасымалдау – бұлар оқытудағы біртіндеп көрсеткіш дәрежелері. Балдық бағаның мазмұны. Жоғары деңгейдегі талап.Орта деңгейдегі талап.Төменгі деңгейдегі талап.
1. Педагогикалық менеджмент басқару заңдарына негізделеді, сондай-ақ психология және педагогика ғылымдары заңдылықтарына да арқа сүйейді, яғни ғылыми негіздемесі бар
2. Білім беру ісінің менеджері қызметін тиімді ұйымдастыру - оның жеке мінездері мен педагогикалық шеберлігімен, басқару қабілеттілігімен де сипатталады.
З. Ғылыми негізде басқару, психологиялық және жеке адамгершілік касиеттер білім беру менеджеріне оны оқу тәрбие жұмысына қолдануға,көшіруге толық мүмкіндік береді. Бұл педагогикалық менеджменттің әрі ғылым, әрі өнер екендігін дәлелдейді.
-Кәсіптік мектеп менеджері,өз карамағындағыларымен кикілжіңсіз. әрі тиімді істсй алуы үшін оның кажетті білім коры болуы керек.
-Кәсіптік мектеп менеджері жоғары білікті педагог болуы қажет
БІЛІМ САПАСЫ- білім түрлерінің (заңдар, теориялар, қолданбалы, әдіснамалық, бағалау білімдері) білім мазмұны элементтерімен және меңгеру деңгейлерінің арақатынасы.
Әрбір-білім оны қолдану тәсілімен потенциалды түрде байланысқандықтан ол шығармашылық процеске қатсып қандай да бір маңызға ие болғандықтан мұндай арақатынасты белгілеу қажет.
Білім сапасы адамның білімді меңгеруімен тҥрлі іс-әрекетте қолданудың көп жақты талдауы нәтижесінде айқындалады және толықтық, тереңдік, жүйелілік, шапшандық, икемділік, нақтылық, түйіндеу сипатына ие болады.
Сол сияқты ол түйінделу және өрістелу, сапалылық және беріктігімен сипатталады. Білімнің барлық сапасы өзара байланысты және өзінше дербес, себебі бірін-бірі алмастырмайды.
БІЛІМ САПАСЫН БАҒАЛАУДЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖҮЙЕСІ (БСБҰЖ)-білім сапасының білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына, жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекет сұранысына сәйкестігін анықтау тәсілдерінің, түрлерінің, рәсімдері мен институционалдық құрылымдарының жиынтығы.
Мақсаты- отандық білім жүйесімен Қазақстан Республикасы мамандарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін халықаралық білім кеңістігі мен еңбек нарығында білім сапасына қол жеткізу.
Негізгі міндеттері:
-барлық деңгейдегі білім сапасын институционалды бағалау;
-барлық білім деңгейінде оқушылардың оқу жетістігін сыртқы бағалау;
-мұғалімдер мен оқушылардың қызметін бағалау; оқыту және үйрету процесін жетілдіру;
-білім беру ұйымдарының білім беру қызметінің сапасын жүйелі және салыстырмалы
зерделеу, білім жүйесінің тұрақты дамуын қолдау;
-мемлекет азаматтарының сапалы білім алуға деген конституциялық құқығын қамтамасыз
етуге қажетті білім беру жүйесінің жағдайы туралы объективті ақпарат алу;
-айқындыққа қол жеткізу үшін қоғамды ақпараттандыру;
-үздіксіз білім беру жүйесінің сатылары арасында бағалау нәтижелерінің сабақтастығын
қамтамасыз ету;
-ұлттық мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарын халықаралық стандарттармен
салыстыру үшін халықаралық зерттеу аясында, оқушылардың оқу жетістіктеріне салыстырмалы мониторинг жасау.
Білім беру менеджерінің кәсіби еңбек тиімділігін арттырудың негізгі өлшемі
мына төмендегілер:
-оңтайландыру (қажеттілік пен жеткіліктілік)дегеніміз мақсатка жету
жолында күш - жігердің жеткіліктіболуы, сондай-ак құралдар мен тиісті мерзімнің
шешімді орындауда мүмкіндіктің мейлінше жасалуы, ол істі оң шешуге әсерін тигізеді;
— субъектінің қызмет тәсілдері мен әдістерінің тиімділігі, олардың біртұтас азара байланысты болуы;
- менеджмент субъектісінің іс-қимылының нақты жолына жұмсалуы. Багдарлама мен жүйелі басқару ісінің үйлесімділігі
- атқарылатын жұмыстың перспективалық бағыттылығы
-барлық қимыл іс-әрекеттің қойылған мақсаттар мен міндеттерге Байланысты өзектілігі (көкейкестілігі);
-оқу-танымдык процесте оқушылар кызметінің белсенділігі мен дербестігі.
Осы өлшемдерге сәйкес білім беру менеджерінің кыз метін мына төмендегі 5 денгейге бөлмекпіз.
І.Репродуктивті деңгей. Мұнда басшы педагогтар жұмысы туралы ақпар жинап оны ұжымға хабарлаумен ғана шектсліп кәсіби оқу-тәрбие жұмысының кейбір түрін ғана атап өте алады.
2.Икемделген - басшы педагогтың кейбір істеріндегі мәнді сәттерді ғана анықтауға қабілеті жетеді, соны ұжымға икемдеп, таратуға тырысады.
3 Оқшауланған үлгі - басшы мұнда педагогикалык қызметтің кейбір аспектілерін ғана үлгі етіп алуға қабілетті, оны педагогтармен оқу – тәрбие процесінің бір бөлігінде ғана пайдалана алады.
4.Жүйеленген үлгі бойынша менеджер білім берудін актуалды мәселелері төңірегінде оқу-тәрбие жұмысын жүйелі үлгі бойынша атқаруга, оны дамытуға қабілеттілігі жетеді
З.Экстраполяциялық - мұнда басшы әлеуметтік прогрестің даму бағытын болжай отырып, педагогикалык ұжым алдына білім берудің перспективалық моделін ұсынады.
Педагогикалық жүйенің тиімдІлігін арттыруда менеджердің рөлі білім беру мекемесінің басшылық қызметін, құрылымын айкындауда білім, беру менеджерінің жеке субъекті ретіндсгі рөлі, оның жеке кабілеттілік сипаттамалары сөз жоқ, маңызды мәнге ие. Оған дәлел ретінде мына төмендегі оның жеке басына байланысты тұлғалык қабілеттсрін айтсақ та жеткілікті.
- жоғарғы оқу орнын, кәсіптік білім беру мекемесін, фа -культет, кафедра, оку тобын сол салада арнайы білімі бар ма -маннның басқаруы
- жаңа жағдайларға байланысты басқару тәжірибесі мен ұжыммен тіл таба білу кабілеттілігі:-әрбір құрылым жүйесіндегі басшылардың жеке компоненттерін қалыптастыру;- кәсіби білім мекемесі басшысының сол салада жетекшімаман болуы; -педагогикалык және окушылар ұжымының баскаруерекшелігін білу:басшының педагогикалық шығармашылық мен инновацияғакөзкарасы;басшының құрылымды басқарудағы иерархиялык деңгейі:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет