Дәрістер «Білім беру жүйесіндегі менеджмент» куpсы бойынша дәрістер тезистері



бет5/19
Дата27.04.2023
өлшемі123,66 Kb.
#87579
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Ä?ð³ñòåð «Á³ë³ì áåðó æ?éåñ³íäåã³ ìåíåäæìåíò» êópñû áîéûíøà ä?ð³ñ

Бағдарлама мақсаттары:
қаржыландыруды жетілдіру
білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдауды күшейту және педагогикалық жұмыскерлердің еңбегін ынталандыру
білім беру саясатының барлық субъектілерінің рөлін және олардың өзара байланысын арттыру
үздік білім беру ресурстары мен технологияларына оқушылардың, мұғалімдердің бірдей қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету, білім сапасын жақсарту мен басқару тиімділігін арттыру үшін оқу процесін автоматтандыру 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбие және оқытумен толық қамтамасыз ету, олардың мектепке даярлығы үшін әр түрлі мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бағдарламаларына балалардың теңдей қолжетімділігі
12-жылдық мектепте интеллектуалдылықты, Қазақстан Республикасының рухани және дене жағынан дамыған азаматын қалыптастыру, жылдам өзгеретін өмірде жетістікті қамтамасыз ететін оның білім алу қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін адамзат бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту
индустриалды-инновациялық даму талаптарына сәйкес ТжКБ жүйесін жетілдіру
тұлғалық қажеттілік пен елдің индустриалды-инновациялық даму міндеті, еңбек нарығының қажеттілігін қанағаттандыратын жоғары білім сапасының деңгейін жетілдіру

Дәріс №2.Өзін-өзі тексеру сұрақтары



  1. « Білім беру жүйесіндегі менеджмент» куpсының міндеттері.



Тақырып 3. Педагогикалық менеджменттің функциялары
1.Педагогикалық менеджменттің функциялары туралы ұғым.
2. Объектіні бағдарлау және басқару жүйесі арасындағы қатынас.
3.Шешім қабылдау және жоспарлау функциясы.


Басқару функциясы – басқару қызметінің нақты түрі, оны жүзеге асыру үшін арнайы амалдар мен әдістер, сондай-ақ тиісті ұйымдық жұмыстар қолданылады.
Әрбір басқару функциясы үдеріс болып саналады, өйткені, бұлар да өзара байланысты әрекеттер сериясынан тұрады. Басқару функциясы барлық функцияның жалпы жиынтығы. Функция – көпмәнді термин. Философияда бұл екі объектінің (топтың) қарым-қатынасы, онда біреуінің өзгеруі екіншісінің өзгеруіне түрткі болады, әлеуметтануда – белгілі бір әлеуметтік институт немесе жеке әлеуметтік үдеріс жоғары деңгейдегі қоғамдық жүйенің қажетін орындайды.
Функция – бұл сонымен қоса әрекет, міндет, жұмыс. Бұл мағынада функция ұғымы басқару функциясының категориясын анықтаған кезде басқару теориясында, сондай-ақ олардың ұйымдастыру жүйесіндегі басқа функциялардан - өндірістік, әлеуметтік т. б. өзгешелігін көрсету үшін пайдаланылады.
Басқару функциясының өзіндік өзгешелігі, ерекше мазмұны болады, әрі дербес жүзеге асырылуы мүмкін. Оларды кез келген басқару саласындағы адамдар қызметіне теңдестіруге болады. Шындығында, кез келген салада басқару үшін шешімді әзірлеу және қабылдау, оның орындалуын ұйымдастыру, оның орындалу барысын үйлестіру, орындалу нәтижесінбақылау жәнеде осы деректердің негізінде келесі шешімді шығару және қабылдау қажет.
Басқарудың барлық функциясы бір-біріне тығыз байланысты, сонымен қоса, олар бір-бірімен сіңісіп кетеді. Жоғарыда атап көрсетілгендей, басқару функциясына деген көзқарас және олардың жіктелуі алуан түрлі. «Менеджмент негіздері» кітабының авторлары (М. Х. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури) басқару қызметінің елеулі түрлерін шағын категорияларға бөледі. Мұның өзін қазіргі кезде барлық ұйымдарға қолдануға болады. Авторлардың пікірінше, басқару үдерісі олардың өзара байланысты функцияларынан: жоспарлаудан, ұйымдастырудан, мотивация және бақылаудан тұрады.
2-схема. Басқару функциясы

Жоспарлау. Ұйымдастыру. Мотивация. Бақылау

П.И. Третьяков «Нәтижелер бойынша мектеппен басқару» кітабында басқарудың келесі функцияларын бөлді:


1. ақпараттық -талдау;
2. уәждеу –мақсаттық;
3. жоспарлы –болжамдық;
4. ұйымдастырушылық–атқарушы;
5. бақылау –диагностикалық;
6. реттеу-түзету.


2. Алдыңғы тараудан бізге басқару процесінің төрт функциясы белгілі: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау. Олар коммуникация және шешім қабылдау үдерісерімен байланысып біріккен. Олардың негізгі мазмұнын қарастыралық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет