Жоспарлау барлық басқару функциясының ішіндегі ең елеулісі болып саналады.
Жоспарлау кәсіпорын мен бөлімшенің мақсатын таңдап алудан тұрады, сондай-ақ осы мақсатқа жету амалдарын қарастырады.
Ұйымдастыру. Ұйымдастыру – демек нендей бір құрылым құру. Ұйым өзінің жоспарын орындау, сол арқылы мақсатына жету үшін конструкциялауға қажетті көптеген элементтер болады.
Мотивация. Егер кімде кім ұйымдағы нақты жұмысын орындамаса, онда тіптен ойдағыдай жасалған жоспардың және ұйымның неғұрлым жетілдірілген құрылымның ешқандай мәні болмайды. Сондықтан да мотивацияның міндеті сол, ұйым мүшелері өздеріне бекітілген міндеттерді жоспарға сәйкес орындау.
Бақылау. Күтпеген жағдайға байланысты ұйым өзінің бастапқы, басшы белгілеген бағытын өзгертуі мүмкін. Сондықтан да басшының міндеті, ұйымға елеулі зиян келмей тұрғанда алғашқы белгіленген жоспардың өзгеру себебін тауып, анықтау болуы тиіс.
Бақылау – бұл ұйымның өз мақсатына жетуін қамтамасыз ету процесі.
Тақырып 4. Педагогикалық менеджменттің ұстанымдары 1. Педагогикалық менеджменттің мазмұнындағы еңбекті ғылыми ұйымдастырудағы ұстаным. Ұтымдылық. Менеджмент субъектісі қызметінің аналитикалық ұстанымы. Оқушылар мен оқытушылар қызметінің тиімділігін бағалау және сараптау менеджердің оқу –тәрбие үдерісін бақылаудағы негізгі ережелер. Нақты мақсат қоюдың ұстанымы. Кез-келген деңгейдегі менеджердің қызмет мазмұнының негіздері. Кешендік ұстаным . сызықты басқару және функционалдылық, мақсатқа сәйкес келу. Әлеуметтік-педагогикалық жүйелер, ұғымдар және түрлер. Жүйелердің мақсаты және маңызы, олардың түрлері және даму заңдылықтары. Білім беру жүйесі әлеуметтік жүйенің түрі ретінде, оның атқарушы жұмыстары: мақсатты, мазмұны, қызметті, талдау-нәтижелік.
педагогикалык менеджменттің мектеп негізінде болжау ұстанымдарын атуға болады.
1. Адамды сыйлау және оған сенімділікпен қарау.
2. Адамдарға тұлға ретінде қарау қағидасы.
3. Ынтымақтастық әрекеті немесе басқарудан қарым-катынасқа көшу.
4. Үздіксіз кәсіптік білімін көтеру. Мұғалімге ықпал жасау кағидасы.
5. Мұғалім жұмысын бағалау қағидасы,
Бұл қағидалар педагогикалық менеджментте бірқатар нақты талаптар қояды.
Олар мына төмендегілер:
- адамның жеке басының беделін құрметтеу, адамның құқығы мен мүмкіндіктерін мойындау;
- адамға сену, оның өзін-өзі тануы және мүмкіндіктерін ашып көрсету үшін
жағдай жасау;
- өзара құрмет негізінде сенім ауанын қалыптастыру;
- бастамашылдықты, шыгармашылық бейімділікті, ұжымда өз арнын таба білуді қалыптастыру;
- жетістікті, мектептің ісіне әркімнің қосқан жеке үлесін мадақтау.
- Адамға құрмет және сенім - басқарудағы ізгілікгің ең жоғары көрінісі.
- Адамдарға тұлға ретінде қарау кағидасында педагогикалық менеджментті немесе менеджерді, демек, педагогикалық ұжымның әр мүшесін жай ғана қызметкер, мұғалім деп емес, оны бүкіл кызмет кезеңіндегі кажеттіліктерімен, мақсаттарымен, бастан кешіретін қобалжуларымен бірге тұлға деп карастырған жөн. Мұғалім де баланы онын үлгірімі тұрғысынан ғана оқушы деп карамай, тұлға ретінде қарастыруы шарт. . Тіпті, оны баланың бойындағы барлық нәрсе қызықтыруы тиіс: оның оқуы, дамуы, қызығуы, қоршаған ортасы, тұрмысы, т.б.
Педагогикалық менеджменттің ынтымақтасу кағидасы, яғни, басқарудан қарым-қатынасқа көшуде мынандай қағидалар туындайды:
—мұғалімге жауапкершілік артумен бірге оның мектепшілік басқару ісіне және
мектептің қоғамдык, өміріне араласу қажеттілігін ұғыну жағдайын жасау;
—мұғалімнің жеке қасиеттерін білу әрі ескеру және олардың оқушыларга деген ізгілікті қатынастарын, құзыреттіліктерін, бастамашылықтары мен
жауапкершіліктерін бағалау;
—мектеп басшысы мен педагогикалық ұжымның бірлескен қызметінің негізгі қағидасы - адамгершиік, саналы тәртіп, бастамашылдық, педагогикалык мақсатқа лайық жүмыс болуы тиіс. Ең алдымен, мұқият назар аудару, талдау,сараптау, сонан соң шешім қабылдау.
Ең бастысы, менеджердің қызметіндегі негізгі міндеттердің бірі - педагогтерді бірікгіре, жұмылдыра білу.
Барлық қағидалардың мәні - мұғалімдердің кәсіби қызығуын қолдау, өз әрекетіне сенімділігін ояту. Ол үшін мұғалімдердің кәсіби өсуіне мүмкіндік жасау, семинар, конференция, педагогикалық оқу-байқауларға қатысуға мүмкіндік беру керек.
Осындай жанашылдық ықпал үздіксіз өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру кажетгілігін талап етеді.
Д.Карнегидің басқара білудің (әлеуметтік-психологиялық болып табылатын) 10 ережесін үнемі назарда үстау қажет.
1.Сұхбаттасқан адамдардын ерекшелігін ықыласпен мойындаңыз және мақтаудан бастаңыз.
2. Кемшілікті жанама түрде көрсетіңіз. Тура сынау пайда келтірмейді.
3.Алдымен өз қатеңіз туралы айтудан бастаңыз, сонан соң сұхбаттасушыны сынаңыз.
4.Әнгімелесушіге бұйрық беруден бұрын сұрақ койыңыз.
5.Адамға өз жетістіктерін қорғауға мүмкіндік беріңіз
6.Мақтауға сараң болмаңыз.
7.Адамның үмітін ақтау және сақтау үшін мүмкіндік туғызыңыз.
8. Мадақтаңыз. Кемшілікті оңай түзетуге болатындай, ол қиындык келтірмейтіндей үміт туғызыныз.
9. Өз қалауынша, адам қызығушылыкпен орындайтын күйге қол жеткізіңіз.
10. Адамның өз бейнесін сақтауға мұмкіндік беріңіз.
Д.Карнегидің ұсынып отырған ережесі қарауындағы адамға сыйластықпен қарауға үйретеді. Менеджменттік басқару әдісінде жеке тұлғаға сенімділікпен қарау негізі қаланған. Менеджменттің басты мақсаты — жетістік. Ал жетістікке ұмтылу адамды дамытуға бастайтын үлкен күш. Осы менеджменттік басқару арқылы педагогикалык қызметтің сапалы нәтижесі үшін атқарылған жұмыстың жемісін көруге болады. Басқарудың педагогикалық менеджмент негіздерін меңгере отырып кез келген деңгейдегі педагогтердің біліктілігін көтерудегі негізгі міндет — әдістемелік сауаттылыкты меңгере алуы (ағартушылық, құзырлылық, зерттеушілік мәдениеті).
Педагогикалық менеджмент мектеп басшысы мен мұғалімдердің құзырлылық пен белсенділігін және өзін дамыту үшін жағдай туғызудағы дамытушылықты басқару болып табылады.
Білім беру жүйесін мемлекеттік басқару сипаты мындай қағидалар принциптер жиынтығымен анықталады:
білім берудің ізгілік сипатта болуы;
біліім беру жүйесінің ұлттық мәдениеттерді және салт-дәстүрлерді мемлекеттік тараптардан қорғауы;
Білім берудің қоғамдық сипаты бірқатар белгілермен анықталады. Мұндай белгілер қатарына мыналаар жатады.
Мектеп іс-әрекетін ұжымдық басқару органы – мектеп кеңесі басқарады. Оның атқаратын функциялары мен жұмыс мазмұны жалпы білім беру мекемесінің типтік ережелерінде көрсетіледі.
Мектептің жоғары жетекші органы – конференция, жылына кем дегенде бір рет шақырылып отырады. Мұнда мектеп кеңесі, оның төрағасы, іс-әрекет мерзімі анықталады және мекеме Жарғысы қабылданады.
Конференциялар аралығындағы жетекші орган рөлін мектеп кеңесі атқарады.