Дәрістер жинағЫ 1-тақырып. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеттері


Әдеби білім беруді дамытудағы қазақ ағартушыларының еңбектері



бет4/33
Дата09.02.2023
өлшемі172,77 Kb.
#66471
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
2. Әдеби білім беруді дамытудағы қазақ ағартушыларының еңбектері
ХХ ғасырдың басында Қазақстанда мектеп қажетін өтеудегі оқу материалы ретіндегі орыс әдебиеті шығармаларынан аудармалары хрестоматиялық құралдар ретінде басылып шықты. Қазақ әдебиеті пәнінің әдеби білім негіздері «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде көрінді.
Халық санасын оятуға қазақтың ағартушы-демократтары тарихы үлес қосты: Шоқан, Абай, Шәкәрім, С.Көбеев, Б.Өтетілеуов, С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев т.б.
Кеңестік дәуірдегі әдебиетті оқыту әдістемесінің үш кезеңі болды:
1. 1917-1927 жылдары әдебиет пәні кеңестік идеологияны орнықтырушы қоғамтану пәні ретінде оқытылды.
2. 1928-1938 жылдары әдебиет мектептік жүйеге негізделмеген тарихи-әдебиеттік курс ретінде оқытылды. ВКП(б) Орталық комитетінің 1931-1932 жылдардағы «Бастауыш және орта мектептер» туралы қос қаулысы мектепте әдеби білім беруді жетілдіру, арнайы бағдарламалар, оқулықтар арқылы оқыту тиімділігін арттырудың бағыт-бағдарын белгілеп берді. Отызыншы жылдардың екінші жартысында әдебиетті оқытуды әдебиеттік оқу және тарихи-әдеби курс ретінде алғаш рет жүйелеп берген бағдарламалар жасалды.
3. 1970-1990 жылдары КСРО-да халыққа білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру, дамыту мақсатында 1958 және 1985 жылдары мектеп реформалары жүзеге асырылды. Бұл реформалар мектептегі әдеби білім беру ісін жетілдіруге оң ықпалын тигізді.
А.Байтұрсыновтың «Әліппе» (1921), «Оқу құралы» (1921), Әдебиет танытқыш» (1926), «Жаңа құрал» (1926), М.Жұмабаевтың «Сауатты бол» (1923), Ж.Аймауытовтың «Жаңа ауыл» (1929), Б.Майлин, С.Мұқановтың «Колхоз – ауыл» (1930) атты оқулықтарымен қатар басқа да оқулық-хрестоматиялары ұлттық әдебиеттің мектепке жеке пән ретінде оқытылуына берік негіз болды. Қазан төңкерісінен кейін идеологияның барлық саласында кеңестік идеологияның үстемдік алуына байланысты 1917-1927 жылдары әдебиет пәні кеңестік идеологияны орнықтырушы қоғамтану құралы ретінде оқытылды. 1928-1938 жылдары әдебиет пәні тарихи-әдебиеттік курс ретінде оқытылды. 1931-1932 жылдары БКП(б) Орталық комитетінің әдеби білім беруді жетілдіру, арнайы бағдарламалар, оқулықтар арқылы оқу тиімділігін арттыру жөніндегі қаулылары шығып, мектептегі әдебиет пәнінің оқытылуына, оның сапасын арттыруға маңызды ықпал етті.
Бұл кезеңде қазақтың ақын-жазушылары әдебиет тарихыны зерттеу мен оқулықтар жазуға кірісті. Әсіресе, бұл саладағы М.Әуезовтің еңбегі ерекше болды. Ол 1927 жылы қазақ әдебиеті тарихынан «Әдебиет тарихы» атты тұңғыш зерттеу еңбегі, оқулығын, 1930 жылы ересек жастар мектебіне арналған «Жеткіншек» оқу құралын, «Қазақ шаруа жастары мектебіне арналған бағдарлама» (1930) дайындап, онда аударма шығармалар енгізді.
Қазақ әдебиеті оқыту әдістемесіне байланысты әр кезеңде мектепке арналған және жоғары оқу орындарына арналған әдебиет пәні бағдарламалары мен оқулықтарын жасауда С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, С.Қирабаев, Н.Ғабдуллин, Ш.Кәрібаев, Ә.Қоңыратбаев, А.Көшімбаев, Т.Ақшолақов, Ә.Дайырова, т.б. көп еңбек сіңірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет