Дәрістер жинағЫ 1-тақырып. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеттері



бет18/33
Дата09.02.2023
өлшемі172,77 Kb.
#66471
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33
Байланысты:
Д рістер жина Ы 1-та ырып. дебиетті о ыту дістемесі п ні, ма с

Шығарманың мазмұнын меңгерту

Прозаны оқытуда сұрақ қоя білудің мәні зор. Сұрақтың жинақылығына, түсініктілігіне, мазмұндылығына, логикалық ойға құрылуына мән беру керек. Сұрақтар оқу, талдау, қорыту сабақтарына бөлініп келеді. Оқу сатысы шығарманың мазмұнын анықтау, соған жоспар жасау түрінде өтеді. Оның өзі көп жағдайда күрделі жоспар болып келеді. Образдарға мінездеме жасалатын болса, олардың сұрақтары да басқаша болып келеді. Сюжет, суреттеу тәсілдерін талдау, қорыту сабақтарында қолданылатын сұрақтар оқу мен талдау сабақтарындағыдан бөлектеу болады. Бұл сабақтардың жүйесін мұғалім күнібұрын белгілеп алып, тұсына мысалдардың немесе кітаптың беттерін жазып, белгілеп қояды.
Прозалық шығармаларды көлеміне қарай бір сабаққа немесе бірнеше сабақтарға шақтап, әр сабақтың мақсатын айқындап алу керек. Мысалы, 3 сағатқа бөлінген әңгіме болса, 1-сабақта шығарманың басын сыныпта оқытып, соған ат қойдырылады, оқушылар ауызша мазмұндайды. Афоризмдер мен көркем сөз қолданыстарын дәптерге көшіріп алып жаттайды, бөлімге жоспар құрады. Үйге тапсырма әңгіменің қалған 2,3,4-бөлімдерін үйден оқып, жоспар құру түрінде беріледі.
Екінші сабақта балалар үйден оқып келген 2-4 бөлімдерге ат қойып, әр бөлімнің мазмұнын айтады. Төрт бөлімнің аты мен жоспары дәптерге түседі. Мұны толық мазмұндау, көркемдеп айту дейміз. Мазмұнды дикциямен айтқызып, баланың тілін дамытуға жол ашуға болады. Ол үшін афоризм, мақал-мәтел, көрнекті тіркестерді оқушылар жаттап алып, өз сөзінде келтіреді. Онсыз айту әсерлі болмайды. Үйге тапсырма – үйден әңгімелеуге әзірлену.
Үшінші сабақта кейіпкерлерге мінездеме беріледі. Мінездеменің 2 түрі бар: 1) Кейіпкер тарихына құрылған мазмұндау; 2) Мінездеу. Шығармадағы барлық кейіпкерлер мен кейіпкерлер тобына мінездеме беру немесе кейіпкер тарихына құрылған мазмұндаудың шығарма идеясын ашуда, жазушы көзқарасын, оқиға дамуы мен композициясын айтқызуда маңызы мол. Қорытынды сабақта сондай-ақ шығарма идеясын, тәрбиелік мәнін ашу керек.
Бірнеше сағатқа арналған тіркес сабақтар сынып жоғарылаған сайын көбейе түседі. Ү сыныпта көбінесе 1-2 сағатқа арналған шығармалар (шағын әңгіме, новеллалар) топтастырылса, ҮІІ-ҮІІІ сыныптарда көпшілігі бірнеше сағатқа арналған әңгімелер мен көлемді шығармалардың үзіндісі беріледі. Оларды бағдарламада белгіленген 3-4 сағат көлемінде меңгертіп шығу оңай емес. Көп жағдайда мұғалім үлгермей жатады. Сондықтан оларды қай сабақта қандай мәселе қарастырылатынын нақтылап, жүйеліп жоспарлау керек.
Жаңа тақырыпқа кіріспес бұрын, яғни мәтінді оқу, талдау алдында өтілетін шығармаға түсінік беріледі. Кіріспе жұмыстары мазмұнына қарай 3 салаға бөлінеді:
1) Заман, қоғам жайындағы тарихи түсінік;
2) Жазушының өмірбаяны жайындағы түсінік;
3) Мәтінге байланысты тақырыптық түсінік.
Бұл үш кіріспе түсініктің әр қайсысы әр жерде қажеттілігіне қарай қолданылады. Кейде қабаттастырыла қолданылуы да мүмкін. 5-8 сыныптарда өмірбаянға көп уақыт кетіріп, бөгде материалды көбейтудің қажеті жоқ. Автор туралы қысқаша түсінік жеткілікті. Ал оқылатын материалға, ондағы өмір суретіне байланысты тақырыптық түсінік оқу-талдау мақсатына жақын келеді.
Әдебиет сабақтарында оқушыларға мәтінді ауызша мазмұндатуға айрықша мән беріледі. Мазмұндаудың жазбаша түрін мазмұндама дейміз. Мазмұндауға қойылатын басты талаптар: шығарманың тақырыбын ұғыну; оқиғаны ретімен логикалық түрде айтып беру; мәтіннің тіл өрнектерін сақтай білу; көркемдеп айту; кейіпкерлер табиғатын түсіну.
Мазмұндаудың бірнеше түрі бар. Олар: толық мазмұндау; қысқаша мазмұндау; кейіпкер тарихына құрылған мазмұндау; цитата түрінде мазмұндау; әңгіменің формасын өзгертіп мазмұндау; шығармашылық мазмұндау; инсценировка.
Әр сыныптағы мазмұндаудың мақсат-мазмұны әдеби жанр ерекшелігіне, сынып дәрежесіне қарай бірте-бірте күрделеніп, тереңдеп отыруы керек. Толық мазмұндау – оқушының шығарма оқиғасын түгел қамтып, әдеби тілмен, автор сөзіне жақын түрде, рет-ретімен айтып беруі. Бұған үлкен шеберлік, дайындық, дағды керек. Қысқаша мазмұндауда оқиғаның негізгі буындары ғана алынады. Қысқаша мазмұндау оқиғаның түйінді буындарын, тақырыбы мен идеясын таба білуге, логикалы ойлауды дамытуға, сөйлей білуге үйретеді. Мұнда оқушы оқиғаның ең маңыздысын, қажеттісін ғана теріп айтады. Бұл толық мазмұндаудан әлдеқайда қиынырақ, сондықтан мұны оқушылар толық мазмұндауды біраз игере бастаған кезде жүргіземіз. (Негізінен оқиғасы күрделі шағармалар алынады).
Кейіпкер өмірбаянына құрылған мазмұндауда мінездеме элементтері де болады, оны кейіпкер өмірбаяны деп те атайды. Мұнда жеке қаһарманның тарихы ретімен көрсетіледі.
Көркем мазмұндау оқушының әдеби тілінің қалыптаса бастағандығын көрсететін, шығармашылық түрдегі мазмұндауға жатады. Бұл – мазмұндаудың жоғары сатысы, онда көркем оқудың элементі болады. Әрбір мәтін тұсында мазмұндаудың түрлі формаларын қолдану арқылы мұғалім оқушылардың тілін дамытумен бірге көркем шығарманың ішкі ерекшеліктерін меңгертіп, оның идеясы мен автор ойын тереңірек танытады. Мазмұндаудың жазбаша формасы мазмұндама түрінде жүргізіледі, оның әдістемесі де осыған ұқсас.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет