Дәрістер жинағЫ 1-тақырып. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеттері


-тақырып. Мұғалім даярлау жүйесіндегі педагогикалық практика



бет32/33
Дата09.02.2023
өлшемі172,77 Kb.
#66471
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
Д рістер жина Ы 1-та ырып. дебиетті о ыту дістемесі п ні, ма с

15-тақырып. Мұғалім даярлау жүйесіндегі педагогикалық практика



  1. Педагогикалық практиканың мақсат-міндеттері;

  2. Оқытудың жаңа технологиялары туралы



Дәріс мақсаты:

  1. Педагогикалық практиканың мақсат-міндеттерін түсіндіру;

  2. Оқытудың жаңа технологиялары туралы пайымдау




  1. Педагогикалық практиканың мақсат-міндеттері;

Педагогикалық практика – студенттерді мұғалімдік мамандыққа баулудағы жауапты кезең. Студент университет қабырғасында алған білімдерін практикамен ұштастырады.
Әрбір практикант студенттің мемлекеттік практикадан өту кезеңінде атқаруға міндетті оқу-тәрбиелік шаралары:

  • Мектептік әдеби білім талаптарына сай орталау (Ү-ІХ) сыныптардағы әдебиеттік оқу курсын оқушы мен мұғалімнің бірлескен шығармашылық еңбегі негізінде ұйымдастыра білу. Әрбір сабақты оқушының пәніне деген сүйіспеншілігін арттыру, қызығушылығын ояту, әдеби-эстетикалық түсінігін қалыптастыру мақсатында құру;

  • Жоғары сыныптағы (Х-ХІ) тарихи-әдебиеттік курсты оқытуда оқушы бойында көркем шығарманы оқып-үйренудің, талдаудың, мәтінмен өз бетінше жұмыс жүргізе білудің білімдік-тәрбиелік дағдыларын қалыптастыру, эстетикалық деңгейін көтеру;

  • Әдебиетті оқытудың мектеп тәжірибесінде қалыптасқан әдіс-тәсілдерін оқытудың жаңа технологиясымен тиімді ұштастыра білу;

  • Өзі бекітілген сынып оқушыларының мінез-құлқы, әдебиетке бейімділігі, оқырмандық қабылдау дәрежесі т.б. мәселелер бойынша тұрақты бақылау жүргізу. Алынған нәтижелерді сабақ процесінде, сыныптан тыс жұмыстар кезінде тиімді пайдалана білу жолдары;

  • Практика барысында пән бойынша ашық сабақтар, сынып жетекшісі ретінде ашық тәрбие сағаттарын өткізу;

  • Мектеп басшылығымен, педагогикалық практикаға жетекшілік жасаушы ұстаздармен педагогикалық практика кезеңінде тығыз байланыста, ынтымақтастықта жұмыс жүргізу;

  • Педагогикалық практиканың қорытындысы бойынша мектепте және университетте арнайы конференциялар өткізу, жетістік, кемшіліктер жайында төменгі курс студенттеріне насихаттау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет