жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестің шешімі бойынша
қорытынды бағалар шығарылады. Бақылау
әдістері арқылы оқушылар
жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтамасыз
етіледі. Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және графикалық бақылау
әдістері жатады. Бұл әдістерге қарағанда бағдарламалап бақылау әдістерінің
өзіндік ерекшелігі бар. Олар машинасыз
және машиналы бағдарламалап
бақылау әдістеріне бөлінеді.
Машинасыз бағдарламалап бақылау әдістері бойынша перфокарталар
және бақылау карталарын қолданып, оқушылардың теориялық және
практикалық білімдерін анықтайды. Мұғалім оқыту және білім беру мазмұны
бөлімі бойынша 20 - 25
сұрақтар дайындап, әрбір сұраққа 4 вариантты
жауаптың мазмұнын жазады. Олардың ішінен бір сұраққа ғана дұрыс жауап
беріледі.
Қалған сұрақтар варианттары: дәл емес, толық емес немесе басқа
тектес ұғымдарға сәйкес келеді''Бақылаудың тағы бір бөлігі, кейбір жағдайда,
тапсырмалар түрі деп ұғынылады (жазбаша
бақылау жұмысы, тесталық
жұмыс, зертханалық-тәжірибелік жұмыс, зачет, шығарма, диктант т.б.)
немесе оқушылар әрекетінің түрі болып (баяндама, хабарлама,
оқушы
әңгімесі,
мұғалім
сұрағына
жауап
беру
т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: