-
Бәрі маған ғана байланысты ма?
Мен өзім осы нәтижеге тікелей жауаптымын ба?
Мен нәтиженің қолжетімділігіне сенем бе?
Менің күмәндарымның себебі қандай?
Мұны бұрын жасауда маған не кедергі болды?
-
Нәтижеге жету жолында болашақта қандай мүмкін кедергілерді көріп
тұрсыз?
-
Егер мен мақсатқа жетсем, менің өмірімде қандай игі өзгерістер
болады?» (А.Бизяева, 32).
Сабақтан кейін өзіңізге мынандай сұрақтар қойып, оларға жауап
іздеуге болады:
-
Сабақты өткізуім өзіме ұнады ма?
-
Мен сабақта нақты мақсат қойдым ба?
-
Мен мақсатыма жеттім бе? Оның дәлелдері қандай болды?
-
Таңдап алынған тәсілдер тақырыпты тереңінен ашуға көмектесті ме?
-
Талқылауды жандандыратын ашық сұрақтарды қойып отырдым ба?
-
Барлық оқушылар сабаққа белсенді түрде қатысты ма?
-
Мен оқушыларды сабаққа белсене қатысуын ынталандыра алдым ба?
-
Мен оқушылардың сабаққа белсене қатысу ынтасын бәсеңдеткен
жоқпын ба?
-
Өзіне өзі сенбейтін оқушыларды қолдап отырдым ба?
-
Мен зерттеу сұрақтарын қойып, жорамалдау жасауға ынталандырдым
ба?
-
Менің пікірім оқушылардың пайымдауларынан үстем болған жоқ па?
-
Мен әрбір әрекеттен кейін оқушылардан кері байланыс алып отырдым
ба? Менің ең сәтті шыққан әрекетім қандай болды?
-
Менің ең сәтсіз шыққан әрекетім қандай болды?
-
Бұл сабақ бұдан да мәнді болу үшін оған қандай өзгерістер енгізе
аламын?
Достарыңызбен бөлісу: