Тақырып 14. Критериалды бағалауда кері байланыс орнату технологиялары Мақсаты: Кері байланыс жасау түрлері мен құралдарын пайдалана отырып,
сабақ жүргізу
Жоспар: 1.Бағалауда ауызша және жазбаша кері байланыс орнату
2. Кері байланыс жасау түрлері мен құралдары
3. Оқушылардың білімін бағалау әдістері
4. Оқушылардың білім жетістіктерін жүйелеу технологиясы
Дәріс түрі: кіріспе
Демонстрациялық материалдар түрі: презентация, мультимедиялық
кешен, постер
Бағалауда ауызша және жазбаша кері байланыс орнату Фокус – Мұғалім сабақтың тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында
оқушыларды үнемі кері байланыс үдерісіне тартады
Сұрақтары: Кері байланыс туралы не білеміз?
Рефлексияны қалай түсінесіз?
Оқушылардың қажеттіліктерін қалай анықтайсыз?
Кері байланыс қаншалықты жұмысты дамыта алады?
Хәтти мен Тимперли (2007) кері байланыстың төрт деңгейін белгілейді: жауапкершілік туралы;
тапсырманы қорыту туралы;
өзін-өзі реттеу туралы;
тұлғаға бағытталған кері байланыс
Кері байланыс туралы Кері байланыс әрекеті ауызша және жазбаша түрде, мұғалім – оқушы,
оқушы – оқушы, оқушы – мұғалім бағытында жүзеге асырылады.
Кері байланыс - бұл оқушының жеке жетістіктері мен білім алудағы
олқылықтарды сезінуіне және өз іс-әрекетіне өзгерістер енгізуге
көмектесетін, алға жылжуға бағыттайтын нақты ұсыныстар үшін алынған
ақпараттар.
Кері байланысты ұсынғанда мынандай ережелерді ұстанған дұрыс: Позитивті болу. Талданып жатқан әрекеттің жағымды, ұтымды
жақтарын көруді ұмтылу қажет. Тіпті адамның мақтайтындай қасиеті
болмаса, онда оның ниеті мен ынтасын жағымды деп тану керек. Ұсыныс
жасағанда жұмысты жақсартатын мәселелерге тоқтаған дұрыс. Әңгімені
өзгені жақтыру және сыйлау тұрғысынан жүргізу керек.