Жаңашыл технологияларды енгізу мақсатында жұмыс жасайтын
орталықтар және ұйымдар (мысалы, «Стикс» мектебі, Павлодар қаласы) өз
бағдарламаларын ұсынып та жатыр. Бағдарламада
бірнеше модульдер
бойынша білім бағаланады. Мұндай модульдік бағдарламалар бойынша білім
алған оқушы өзін еркін ұстап, ойын дәл жеткізе алатын,
сыни тұрғыдан
ойлай алатын, тұжырым жасай білетін, бірін-бірі бағалай алатын, көшбасшы
бола алатындай түлға болып қалыптасатынына сенім білдіреді.
Оқушылардың сабаққа деген құлшынысын, қызығушылығының
артқанын,
қала берді, ең болмағанда жаман жолға түспейтініне, сыни
тұрғыдан ойлауға бет алатыны байқалған. Ең маңыздысы оқушылар өз іс-
әрекетін,
сыныптастарының,
құрбы-құрдастарының
іс-әрекеттерін,
жетістіктерін бағалауды және жауапкершілікке үйренеді.
Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау – оқу үдерісінің
маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен,
зерттеу іс-
әрекеттерін кеңінен қолданып, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің
талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі. Бұл жерде оқушылар
өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, топтық бағалауда оқу үдерісінің белсенді
қатысушысы бола алады. Өйткені, дәстүрлі
бағалау процесінде мұғалім
оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін баға қояды.
Сонда оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей қалады, күмәнмен
қарайды. Бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер
бойынша алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу
керектігін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен
бірге іс-әрекеті де
бағаланады. Одан басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді
қолдана алады. Біріншіден, оқушының қызығушылығы артады,
екіншіден,
мұғалімнің жұмысы да жеңілдеуі мүмкін (оқушылар бірін-бірі бағалау,
топпен бағалау, топты бағалау әдістерін қолданғанда).
Достарыңызбен бөлісу: