Дәрістер кешені 1-тарау Оқушылардың оқу жетістіктерін өлшемдік бағалаудың



Pdf көрінісі
бет56/61
Дата23.10.2023
өлшемі1,25 Mb.
#120833
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Байланысты:
Д рістер кешені 1-тарау О ушыларды о у жетістіктерін лшемдік б

Сәттілікке бағыттау.
Тыңдаушының көкейіне «Кері байланыс — игі 
әрекет» деген оймен қатар оның нәтижелерінің тұлғаның дамуы мен өсуі 
үшін маңызды екендігін ұялату керек. Ал игі нәрсенің қорытындысы тек 
жағымды болатындығын да ұмытпаған жөн. Кері байланыс тиімді әрі сәтті 
болған сайын мұғалім оқу/оқытудың қалай жүріп жатқандығы, оқушылардың 
қалай оқитындығы туралы қажетті мәлеметтер алып отырады.
Рефлексия
-
Бұл істе мен шындығында қандай нәтижелерге қол жеткізгім келеді?
-
Бұл нәтиже шындыққа айналу үшін менің алғашқы қадамым қандай 
болуы керек? 


-
Бәрі маған ғана байланысты ма? 
Мен өзім осы нәтижеге тікелей жауаптымын ба? 
Мен нәтиженің қолжетімділігіне сенем бе? 
Менің күмәндарымның себебі қандай? 
Мұны бұрын жасауда маған не кедергі болды? 
-
Нәтижеге жету жолында болашақта қандай мүмкін кедергілерді көріп 
тұрсыз? 
-
Егер мен мақсатқа жетсем, менің өмірімде қандай игі өзгерістер 
болады?» (А.Бизяева, 32). 
Сабақтан кейін өзіңізге мынандай сұрақтар қойып, оларға жауап 
іздеуге болады: 
-
Сабақты өткізуім өзіме ұнады ма? 
-
Мен сабақта нақты мақсат қойдым ба? 
-
Мен мақсатыма жеттім бе? Оның дәлелдері қандай болды? 
-
Таңдап алынған тәсілдер тақырыпты тереңінен ашуға көмектесті ме? 
-
Талқылауды жандандыратын ашық сұрақтарды қойып отырдым ба?
-
Барлық оқушылар сабаққа белсенді түрде қатысты ма? 
-
Мен оқушыларды сабаққа белсене қатысуын ынталандыра алдым ба? 
-
Мен оқушылардың сабаққа белсене қатысу ынтасын бәсеңдеткен 
жоқпын ба? 
-
Өзіне өзі сенбейтін оқушыларды қолдап отырдым ба?
-
Мен зерттеу сұрақтарын қойып, жорамалдау жасауға ынталандырдым 
ба? 
-
Менің пікірім оқушылардың пайымдауларынан үстем болған жоқ па?
-
Мен әрбір әрекеттен кейін оқушылардан кері байланыс алып отырдым 
ба? Менің ең сәтті шыққан әрекетім қандай болды?
-
Менің ең сәтсіз шыққан әрекетім қандай болды? 
-
Бұл сабақ бұдан да мәнді болу үшін оған қандай өзгерістер енгізе 
аламын?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет