Дәрістер кешені 1-тарау Оқушылардың оқу жетістіктерін өлшемдік бағалаудың



Pdf көрінісі
бет57/61
Дата23.10.2023
өлшемі1,25 Mb.
#120833
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Байланысты:
Д рістер кешені 1-тарау О ушыларды о у жетістіктерін лшемдік б

Қорытынды
Бақылау сұрақтары: 
1.
ҚМЖ құру 
2.
Кері байланыс орнату дегеніміз не? 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. 
2. Красноборова А.А. Критериальное оценивание в школе. Учебное 
пособие 
3. Мұғалімге арналған нұсқаулық «Оқыту үшін бағалау және оқуды 
бағалау», 55-бет, 107-бет 
4. http://moodle.nis.edu.kz 
Тақырып 15. Білім алушылардың жетістіктерін критериалды бағалауды 
ұйымдастырудың психологиялық –педагогикалық негіздері 
Мақсаты: 
Критериалды бағалаудың психологиялық сипатамасын анықтау.
 
 


Жоспар: 
1. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау – конструктивті педагогика 
негізінде сипаттау 
2. Критериалды бағалаудың психологиялық сипатамасы 
3. Бағалауда оқушылардың жеке дара ерекшеліктеріни ескеру 
4. Бағалау – оқу сапасын диагностикалау және мониторинг жасау бөлігі 
ретінде
 
Дәріс түрі: 
кіріспе 
Демонстрациялық материалдар түрі: 
презентация, мультимедиялық 
кешен, постер
 
 
1. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау – конструктивті 
педагогика негізінде сипаттау 
Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген 
анағұрлым танымал білім беру әдістемелері арасында сындарлы 
(конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған. Бұл теория 
оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа 
неме-се сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және 
достарынан алған білімдері-мен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады 
деген 
тұжырымға 
негізделген. 
Сындарлы 
теорияның 
тиімділігін 
жақтаушылардың басым бөлігі дайын білім беруге негізделген оқыту тәсіл-
дерінің білімді меңгеру былай тұрсын, олар бойынша терең түсінік 
қалыптастырып, бастапқы білімді жаңа біліммен өзара байланыстыруға да 
мүмкіндік тудыра бермейтінін тілге тиек етеді. 
Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» әдіс арқылы алынған білім 
оқушылардың жинақ-таған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сол 
себепті де механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. 
Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақтал-ған мәліметтерді 
емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән-мағынасы терең 
меңгерілмей, жәй ғана жатталғындықтан, тақырыпты оқыту аяқталған соң 
немесе емтихан біт-кен соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде 
пайдалана алмайды. Сындарлы оқыту-дың мақсаты – оқушының пәнді терең 
түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген 
жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.Оқыту туралы сындарлы 
түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз са-бақтарын 
оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге 
сай ұйымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған 
тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар 
бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір-көзқарастарын нақтылап, 
жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырып құрылады. Мұғалім 
қызметіндегі маңызды дүние – жекелеген оқушылардың тақырыпты 
қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту 
мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, содай-ақ кейбір 
оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін 
жете түсінуі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет