6. Мобильды спутниктік жүйелері
Спутникті байланыс желісі пайдаланылатын СВЧ антенналары – жер үсті станциялары беретін радиосигналдарды қабылдауға арналған және осы сигналдарды кері ретрансляцияға арналған жиіліктегі диапазон. Спутниктердің көбі гигагерцті диапазонды 6/4 ГГц, кейбіреулері 14/12 ГГц пайдаланады (бірінші сан – Жер – спутник буыны бойынша жұмыс жиілігі,ал екіншісі – спутник – Жер буыны бойынша жұмыс жиілігі). Спутниктің сигналды қабылдауы мен беруі - транспондер деп аталатын арнайы құрылғымен қамтамасыз етіледі. Абоненттер арасындағы өзара әрекеттесу тізбек бойынша жүзеге асады: абонентті станция (ақпаратты жөнелткіш) – таратқыш жерүсті радиотелеметриялы станция (РТС) – спутник – қабылдағыш жерүсті радиотелеметриялы станция – абонентті (ақпаратты алушы). Жерүстіндегі бір РТС жуық жатқан АЖ тобына қызмет етеді.
Сурет - Мобильді спутниктік жүйе
Спутник пен жерүстіндегі РТС арасындағы деректерді беруді басқару үшін мынадай тәсілдер пайдаланылады.
1. Кәдімгі мультиплексирлеу – жиілік бөлігу мен уақытын бөлінулер. Біріншісінде барлық жиілікті спектр радиоканал подканалға бөлінеді, олар пайдаланушылар арасында кез – келген графикті беру үшін үлестіріледі.
Бұл тәсілдің кемшілігі: ішкі каналдар тиімді пайдаланылмайды, бастапқы каналдар өткізу сызығының едәуір бөлігі бөлу сызығы ретінде пайдаланылады.
Екіншісінде барлық уақытты бөлінулер пайдаланушылар арасында бөлінеді, олар шешуі бойынша ұсынылған уақытша кванттарға (слотқа) иелік етеді.
2. Сұрау – таңдау әдісі мен құралын пайдаланатын “бастауыш/қайталама” кәдімгі тәртібі. Бірінші орган ретінде көбінесе РТС, сиректеу – спутник шығады. Сұрау/таңдау циклі көп уақытты алады, әсіресе желісте АЖ үлкен саны болғанда. Сондықтан пайдаланушыға сұрау салу реакция уақыты ол үшін қабылданбайтындай болуы мүмкін.
3. “Бастауыш/қайталама” типті басқару тәртібі сұраусыз, уақытты кванттаумен көптік кіру әдісін жүзеге асырумен (ТДМА). Мұнда слоттар бірінші РТС белгіленеді, эталон деп аталады. Эталонды станция басқа РТС сұрау салуды қабылдап бұл сұрауларды кадрды беру үшін нақтылы слотты станциялары белгілену жолымен қанағаттандырады, ол каналдың графигі мен қамтылу сипатына байланысты болады. Мұндай әдіс кең түрде коммерциялық спутниктік желісте пайдаланылады.
4. Басқарудың тең рангілі тәртібі. Пайдаланушылар каналға кіруге тең құқылы, канал үшін бәсекелестік жүреді. 70 – жылдар басында Н.Абрамсон тиімді бәсекелесу әдісін ұсынып, ол ALOHA жүйесі деп аталды.
Бұл жүйенің бірнеше нұсқасы бар: кездейсоқ кіру әдісі (кездейсоқ ALOHA); тең рангілі басымды слот жүйесі (слотты ALOHA) және т.б.
Спутниктік байланыс желісінің негізгі артықшылықтары:
• Станциялар арасында байланысты қамтамасыз ету;
• Қашықтығына тәуелсіз ақпаратты беру құны;
• Желісті тұрғызу мүмкіндігі;
Спутниктік байланыс желісінің кемшіліктері:
• Деректер берілісінің құпиялығын қамтамасыз етуге қаражат пен уақытты жұмсау қажеттілігі;
• Үлкен қашықтықтан радиосигналдарды қабылдауда кідірістің болуы;
• Радиосигналдардың өзара қателесу мүмкіндігі;
• Сигналдардың әртүрлі атмосфералық құбылыс әсеріне ұшырауы;
Достарыңызбен бөлісу: |