Дәрістер кешені


Дәріс. Әлеуметтік жұмысты басқару процесінің технологиялары және ақпарат беру жүйесі



бет23/27
Дата26.02.2023
өлшемі91,59 Kb.
#69967
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Дәріс. Әлеуметтік жұмысты басқару процесінің технологиялары және ақпарат беру жүйесі.

Сұрақтар:
Әлеуметтік жұмысты басқару процесінің технологиялары.
Ақпарат беру жүйесін ұйымдастыру.

Әлеуметтік қызметтердің іс-әрекетітері, олардың басқару іс-әрекеттері сәйкес құжаттарда өз бейнесін табады. Ғ.Т.Р жағдайында жаңалық көлемі шұғыл өсті, оларды тәртіпке келтіру қажеттілігі пайда болды.


Құжаттарды ресімдеуге талаптар әзірленді. Басқарма қызметтерін құжаттандыру үшін нақты нұсқаулар бар; стандартандыру көлемінде анықталған бір үлгіге салу, тағайындалуға байланысты, түрлі құжаттар құрамын, құжаттарды ресімдеу (яғни іс-жүргізу қызметін тәртәпке келтіру мақсатымен ережесін анықтау, қолдану. Ұйымдастырушылық-басқарушылық құжаттардың жүйелі кешені зерттелді, яғни өзінің үлгілі бар кешен деректеме жынтығы мен оның орны). Басқарушы аппараттың әр қызметкері осы құжаттар жүйесімен кезігеді.
Әр құжат жеке деректемелерден (элементерден) құралады. Мақсатына байланысты әр түрлі құжаттарда әр түрлі деректемелер жиынтығы болады. (мысалы, хаттама, бұйрық, акт). Ереже бойынша қызметтік құжаттар бланкіге құрастырылады. Бланк – тұрақты немесе өзгермелі жаңалықтарға орын қалдырылған үлгі қағаз. Бланкілер хат бланкілері және басқа да құжаттар түріне қолданылатын жалпы бланкілер болады. Хат бланкісіне келесі деректемелер кіреді: мемлекеттік елтаңба, мекеменің шартты белгісі, министрліктер атауы, құжат авторы, мекеме көрсеткіші (индекс) телефон, мекен-жайы. Жалпы бланкте де осылай, + құжат түрі, құжаттың толтырылған уақыты, құжаттардағы арнаулы белгі (гриф) атауы кіреді. Тұрақты қолданылатын құжаттар үшін (мысалы, оқитын немесе жұмыс орнынан анықтама қағазы) үлгі мәтінмен дайындалған бланктержәне өзгермелі жаңалыққа рұқсатнама әзірлеуге болады.
Бланктерге өзгермелі деректемелер үшін (мысалы, күн тізбелік күн, кіріс құжаттың күнтізбесіне сілтеме) шектеулі белгілер жасауға болады. (сызықша –бұрыштамалар түрінде).
Басқарма қызметін құратын құжаттар заңды күшіне ену үшін құжаттарды бекіту, қол қою, дайындау, келістіру кезінде заң ережесін сақтау қажет. Мемлекеттік елтаңбаны жоғары тұрған министрліктің арнайы рұқсаты бар мекемелер ғана өз бланкілеріне орналастыра алады. Елтаңба құжаттың жоғарғы жағында «министрлік немесе ведомство атауы» деректемесінің үстіндегі орта тұсынд орналасу керек. Деректеме: «құжат авторы» (яғни құжатта деректеме болуы қажет, «Құжат авторы» атты жалпы атау арқылы үш деректемені түсінуге болады.). Қызметтік құжаттың авторы тек қана ұйым, кәсіпорын, мекеме болуы керек.
Автордың аты бағыныштылықты нұсқау арқылы беріледі: «министрліктің аты» - мекеменің аты, бөлімшенің құрылысының аталуы. Мысалы, құжат: курстың жұмысты жазу туралы нұсқау:
Барлық атаулар Атау септігінде жазылу керек. Келесі деректеме – ұйымның мекен жайы: поштаның мекен-жайы, поштаның көрсеткіші, телефон номері, факс номері, ал кейбір бланкілерде (кепілдік хаттарда, басқа да финастық хаттарда) банкінің деректемелері көрсетіледі.
Құжаттың түрі. Ереже бойынша, жалпы бланкіде автор- мекеменің мекен-жайы бар орын қалдырылады. Құжат түрі не машинада, не алдын-ала баспада бастырылып шығарылады. Құжат түрі құжаттың мақсаты және хабардың сипаты жайлы жалпы көрініс береді (мысалы, қаулы), (хаттан басқа) баяндама (мәлімдеме), есеп, хаттама, қызметтік тіл хат, қысқа хат және т.б.
Қол қойылған мезгілдегі уақыты, күні, айы, жылы құжаттың міндетті деректемесі болып табылады. Қол қойылған мезгілмен қатар, құжатты ресімдеудің барлық кезеңінің уақыты белгіленеді: келісім уақыты, бекітілген уақыты, құжатты алған уақыты, орындалған уақыты.
Келесі деректеме – құжаттың көрсеткіші (индексі) – бланкіде құжаттың күні, айы,жылымен бір жолда қойылатын шартты санды, әріптік белгі. Ал ішкі құжаттар (бұйрық,хаттама) үшін бұл жыл басынан келе жатқан күнделікті кезекті номір.
Құжатты мекен-жайға жіберу, яғни алушыға сілтеу. Ол басқа мекемелерге жіберілген құжаттарға, сондай-ақ басшыларға ұсынылатын құжаттарға (өтініш, мәлімдеме, түсінік хат) жазылады.
Адресат – бірнеше бөліктерден тұратын күрделі деректеме: мекеменің атауы (атау септік), құрылымдық бөлімшенің атауы (атау септік) лауазымға сілтеме барыс септікте (деканға) аты-жөні барыс септікте (Н.Ш.Ахметоваға), пошталық мекен-жай. «Адресат» деректемесінің әрбір құрамындағы бөлімі жаңа жолдан 1,5 аралықта басылуы керек.
Құжаттық келісім – бұл құжаттың жобасын, оның дәлелділігін, пайдалылығын, күші бар заңға және т.б. нормативі актілерге сәйкестілігін алдын-ала бағалау. Сондықтан көптеген құжаттар қол қойылғанға дейін мүдделі жақтармен мекемелермен, құрылымдық бөлімшелермен келісіледі.
Ішкі және сыртқы келісімдерді айқындайды. Ішкі келісім – бұл мекеменің ішіндегі келісім. Ереже бойынша, ол қаражат қызметі, заң қызметі, құрылымдық бөлімшелер арасында өткізіледі. Ішкі келісім виза қоюшының жеке қолымен және қол қойылған уақытымен (күні, айы, жылы) ресімделеді. Сыртқы келісім (құжаттың мазмұнына байланысты) құжаттың мазмұны көрсететін жақтармен ұйымдармен өткізіледі.
Сыртқы келісім құжат жобасын талқылау хаттамасымен немесе арнаулы келісім белгісімен (гриф) ресімделеді.
Арнаулы келісім белгі (гриф) бірнеше бөлімнен тұрады:
А) келісімді сөзі (тырнақшасыз жазба әріптермен жазылады).
Ә) лауазым атауы.
Б) жеке қол.
В) жеке қол шифрын оқу (расшифровка).
Г) күні, айы, жылы.
Құжаттармен жұмыс жасағанда жеке куәләндіру, яғни жеке қолы, мөрі маңызды орын алады.
Жеке қол – бұл әр қызметтік құжаттың деректемесі.
Жеке қол құқығы – мекеме, ұйымдардың шығыс құжаттарына өкіметті қызмет иесінің қол қоюы. Қызмет иесі хабардарлық шегіне сай құжаттарға қол қоюға құқығы бар. Бұл мекеме ережесінде, қызметтік нұсқауларда қамтылған. Басшылар мен оның орынбасарлары мекеме ішінде бұйрықтар және тағы басқа басқарушылық құжаттарға қол қояды; анықтама қағаздары, мәлімдемелік қысқа хат, жоғары, тең тұрған мекемелерге хат. Коллегиялық органдар қабылдаған құжаттарда екі қол қойылуы қажет – төрағаның және хатшының. Ақша алуға және материалды құндылықтарға байланысты құжаттарға екі қол қойылуы қажет: бірінші басшының (орынбасар) және аға бухгалтердің. Келісім шартқа барлық келісуге келген жақтар қол қояды.
«Қол қою» деректемесі құрамына мыналар кіреді: қол қоятын қызметкердің қызмет атауы, жеке қолы және шифрланған қолы. Егер құжатты комиссия қорытындыласа, онда қолды ресімдеу кезінде тек комиссия құрамындағылар ғана қояды. (комиссия төрағасы, комиссия хатшысы), жеке қол қызметіне қарамай аофавиттік қатармен орналасады.
Аса маңызды құжаттарды растау үшін және оның түпнұсқасын куәләндіру үшін қойылады. Мөр, елтаңба және жай түрлі болады. Елтаңба түрлі мөр-дөңгелек, ортасында ҚР мемелекеттік елтаңба бейнесі, айналасында мекеменің толық атауы беріледі. Елтаңбалық мөр мекемеде тек біреу ғана, ол құжаттардың түпнұсқасына ғана қойылады. Мекемелерде елтаңбалық мөрден басқа дөңгелек, шаршы, үшбұрышты үлгідегі бірнеше жай мөрлер болады. Мұндай мөрлермен басқарушы құжаттардың көбейтілген экземпляры, мекемелерден жөнелтілетін құжаттардың көшірмесі, анықтама, босатпа қағазы. Мөрдің баспасы анық болуы керек, ал қойған кезде қызмет атауының бөлігін және құжаттағы қойылған түпнұсқа қолдың бөлігін басу керек.
Арнаулы бекіту белгісі (гриф). Кейбір құжаттарды куәләндіру үшін бекіту амалы қолданылады. Жоспар, нұсқау штатты кестелер, ережелер бекіту қажет. Мұндай құжаттар заңды күшіне тек бекітілгеннен кейін ғана енеді. Құжаттарға қол қойылғаннан кейін ғана бекітіледі, ресімдеудің 2 варианта бар:

  1. Басшының қол қоюы арқылы жай ресімдеу.

  2. Басқарушылық құжаттардың дайындалуы (бұйрық қаулы).

Бірінші жағдайда бекіту арнаулы «БЕКІТЕМІН» деген сөзбен басшының қызметін көрсетумен, шифрланған қолымен және бекітілген уақытымен беріледі.
Екінші жағдайда «Бекітілді» деген сөз оның нөмері, басқарма құжаттың түрі, уақыты көрсетіледі.
«Бекітемін», «Бекітілді» сөздері тырнақшасыз жазба әріптермен басылады.
Құжат келіп түскен кезде осы мекемеге қабылданған уақыты белгіленіп бірнеше белгі қойылады. Міндетті түрде құжаттың қабылданған уақыты (күні, айы, жылы) қойылады. Міндетті түрде кіріс құжатқа тіркеу нөмері қойылады. Осы деректеменің орны бірінші беттегі төменгі жағындағы оң жақ бұрышы.
Қарар. Құжаттағы тіркеудегі бірінші өңдеуден өткеннен кейін, оның орындалуының ретін сілтейтін басшыға жөнелтіледі. Қарар – шешем қабылданған мазмұны бар және лауазым иесі жасаған құжаттағы жазу. Бұл құжаттардан құралған басқарушы құжат, ол анық, қысқа да нұсқа болуы тиіс. Мұнда, қол, күні, айы, жылы болуы тиіс.
Орындау кімге тапсырылатыны, сұрақтың ешім сипаттамасы, атқару мерзімі қарарда көрсетіледі.
Қарардың орны – құжаттың жоғарғы бөлігінде.
Бақылау туралы белгі. Орындауды қажет ететін құжаттар бақылауға алынады. Әдетте құжатта қарар қойылғаннан кейін атқарылады.


  1. Құжаттарды классификациялау (топтау) және оның сипаттамасы.

Құжаттарды былай бөлуге болады:

    1. Басқарушылық

    2. Ұйымдастырушылық

    3. Ақпарат-анықтамалық құжаттар.

Мекеменің қызметі әр түрлі құжаттарда жазылып отырады. Барлық ұйымдар, мекемелер кәсіпорындар нұсқау, штатты кесте, ереже, жарғы шығарады.
Басқарушылық құжаттар - әкімшілік сипаттамасы.
Төмен тұрған немесе бағынқы ұйымдарға және жеке лауазымды адамдарға бағытталады.
Басқарып ұйымдастыратын құжаттардың негізгі түрлері: қаулы, бұйрық, шешім, жарлық, нұсқау.
Ақпаратты - анықтамалық құжаттар – қызметшілердің фактіге негізделген іс-жағдайы туралы шешім, басқарушылық құжаттарды шығару үшін ақпаратты мазмұны бар құжаттар жиынтығы. Ақпаратты - анықтамалық құжаттар түріне: анықтама, мәлімдеме, тіл хат, түсінік хат, хаттама, акті, хат, жедел хат, телефонограмма.
1.Персоналды басқаруға классикалық подходта кадрларды басқару деп атаған (адамдарға винтик ретінде қарау). Бүкіл жұмыс тек кадрлардың бөлімшеде болған. Оның қызметтің бағыты керек жерлерде керек адамдарды қою болған және керегі жоқтарды жұмыстан шығару.
Адамдарды басқару өзіндік функция болған әкімшілік кадрлық қызметке қарамай өздері бәрін шешкен.
Осы концепциясын персоналды басқару концепциясына көшу кадрлары бөлімшелердің фукциялары кеңейтті және сонда жұмыс істейтін мамандарға талаптар жоғарлады.
2. Осы өзгерістерге сай персоналды басқару қызметтері келесі міндеттерді шешу керек:
1. Әр түрлі деңгейде персоналды таңдау.
2. Персоналдың квалификациясын көтеру, қайта квалификациялау және білім беру.
3. Жұмыскерлік тиімді қызмет үшін оптималды жағдай жасау (ұжымның ішінде жақсы халық жағдайларды орнату, комфорттық жұмыс орнын тауып беру, тұрмыс проблемаларды шешуге көмектесу).
4. Әлеуметтік сұраныстарды шешу (денсаулық, демалысты ойлау, қамқорлыққа алу т.б.)
5. жұмыстың және мемлекеттің юристік және тәртіптік аспектілердің өзара қарым-қатынасын реттеу (бақылау комиссияны құру, жалабы) шағым.
6. Сыртқы мекемелермен контактыларды құру (әр түрлі юристік мекемелермен, оқу мекемесі, кәсіби өсу т.б.).
3. Персоналды басқару қызметтің фукциялары:

  1. Басқару аппаратың оптималды жүйесін қалыптастыру;

  2. Персоналды бақылау;

  3. Кадрлық маркетинг. Мекемені жоғары квалификациядағы жұмысымен қамту. Сыртқы және ішкі еңбек нарықты зерттеу, мекеменің ішінде кадрлардың қозғалысын реттеу т.б.

  4. Кадрлық мониторинг. Әрқашанда арнайы бақылау (кадрларды, динамикасын, қанағаттануын т.б.)

  5. Кадрлық жұмыстың тиімділігін көтеру жолдары туралы ұсыныстар.

  6. Персоналды байланысты нығайту бағдарламаларды іске асыру;

  7. Әлеуметтік тұрақтылықты қолдауға көзделген әлеуметтік партнерсваны ұйымдастыру (еңбек ұжымының әкімшілігі; және басқа ұйымдардың өзара байланысы)

3. Бүгін кадрлық қызметтің өскен сайын бұл қызмет персоналды басқару қызметке айналады кең билігі бар.
Бұл қызмет тіке персоналды басқармайды, олар фукционалды болады – «жалқау басқарушылардың» - ережені сақтау керек. Персоналды басқару құрылымда бір неше блоктар көрінеді:

  1. Компанияның персоналды қалыптастыру блогі: зерттеу, даярлау, жұмыстан босату;

  2. Персоналды орналастыру және қайта орналастыру блогі (кәсіби бейімделу, тік және көлбеу көшу, ең бірінші орналастыру);

  3. Персоналды пайдалану жағдайларды жасау блогі (еңбекті қорғау, медициналық және әлеуметтік қызметті ұйымдастыру, стимул жасау әдістерді пайдалану);

  4. Персоналды басқару нормаларын анықтау блогі (өнімдік нормасы, уақытты пайдалану, еңбек ақысы т.б.);

  5. Персоналды басқару жүйесін құру және жетілдіру. Оның проектісін жасау.

4. Персонал басқару қызметтің құрылымы мекеменің көлемімен және сипатына, дәстүрлеріне, ерекшелігіне т.б. байланысты.


Персоналды басқару жүйесінің қызметтірінің .... әр түрлі факторларына тәуелді ( мекеменің көлемі, қызметтің түрі, қаржы мүмкіндіктері т.б.)

Персоналды басқару жүйесінің бір түрі – функционалды.




Персонал басқарушысы



еңбек ресурстарды жоспарлау бөлімі




Персоналды алу бөлімі




Кәсіби оқыту және қайта оқыту бөлімі




Еңбек ақыны ұйымдастыру бөлімі



әлеуметтік даму бөлімі




Еңбек қарым-қатынастың бөлімі




Кадр бөлімі




Ресурстарды зерттеу бөлімі



Тұлғаға көмек және техникалық қауыпсіздік бөлімі





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет