Дәрістер кешені



бет25/27
Дата26.02.2023
өлшемі91,59 Kb.
#69967
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Қорғану қимылдары. Пиджагы түймеленген, қолдары кеуде тұсында айқастырылған. Әңгімелеуші қорғаныс позициясын қабылдаған және басталған тақырыпта әңгімені талқылауға құлқы жоқтығын көрсетеді.
Бағалау қимылдары. Адамның иегі алақанында, сұқ саусағы жақ сүйегінде, ал қалған саусақтары аузынан төмен орын алған, яғни адам болып жатқан жағдайға шұбаланып қарайды.
Тұйықтық және күдіктенушілік қимылдары. Қолы аузын жабады (талқыланған сұраққа өз позициясын білдірмеу) жан-жағына көз тастау (сенімсіздік позициясы) мұрнын тарру немесе уқалау (күмәндәну позициясы).
Үстемдік қимылдары. Адам қолын беріп көтереді және оны бұрған кезде алақаны үстінде жатады. Егер адамның қолы әңгімелесу кезінде қалтасына ұқыпсыз салынған, ал үлкен саусағы сыртында қалған, бұл өзінің басымдылығына сенімділігін көрсетіп тұр.
Жетекші үшін мынандай психологиялық ерекшелікте маңызды: жарты шарлық ассиметрия және жекелеп айтқанда моторлы ассиметрия (жетекші қол, жетекші аяқ) және сенсорлы ассиметрия (жетекші көз, жетекші құлақ).
Шындығында біздің көбіміз солақаймыз. Эксперимент жасайық. Нопомон позасында тура қалыңыздар, яғни қолдарыңызды айқастырыңыздар. Қолдарыңыды иықтарыңызға айқастырып тез қоя қойыңыздар. Айқастыру кезінде оң қолыңыз үстінде болса, онда сіздің жетекші қолыңыз- оң қол.
Қол шапалақтап тесті. Шапалақтаңыздар. Егер оң қолыңыз үстінде болса-онда сіз оңақайсыз. Жетекші оң көзді басшылар икемді, өзгерістерге саббырлы қарайды, жаңалықтардаң қорқпайды. Олардың мінез –құлқы бейімделген келеді.
2 Темпераментте адам өзінің динамикалық мінездеме жағынан көрініс берсе, ол мінезінде мазмұндыжағынан ашылады.
Жеке адамның мінезі дегеніміз адамның жекелін -өзіндік тұрақты, елеулі қасиеттерінің байланысын мінез көрсетеді. Мінез бен темперамент өзара шығыз байланыста. Басшы мінездң акценттері туралы ойларды білуі керек (жеке адам мінезіндей үйлесімдік дамуларын) ең бастыларын қарастыратын.
Қыр көрсететін (демонстративті) типтер. Ол үшінші ең бастысы барлығына бірдей ұнау, әсер қалдыру. Киімін жиі ауыстырады, әдемі сөйлейді, ашық киінеді. Барлық жаңалықтар мен өсектің әрдайым ортасында, шалатаныс заттар туралы нандыра, сендіре әңгімелейді: мақтануға, алдауға жақын тұрады.
Барлық жағдайдың ортасында. Өзінің жүріс – тұрысымен, дауысымен, сөйлеу үлгісімен, тек оның жұмысы, тек оның әңгімесі ғана қызықты екенін көрсетіп отырады. Тыңдай алады, жаны ашып аяуы, кеңес береді, бірақ тез арада қызығушылығын жоғалтады ерекшелігі: Әр адаммен ол әртүрлі сөйлеседі. Осындай типтердің басты белгісі шексіз эгоцентризм, (өзімшіл дарашылдық) өзіне деген ықыласты ашкөздікпен аңсау, өзіне деген таңдауды, қадірлеуді, есіркеуді, тіпті болмаса қастықты жақсы көреді. Ол тек нарықсыздықты, селқостықты, немқұрайдылықты кешірмейді. Осындай адамдарға қажет: оларға қарау керек, тандану керек; осы үшін олар жоғары нәтижегекөрсетуі мүмкін, бірақ олар өзін жаақсы көретіндік туралы, үміт артатындық туралы сенімде болу керек.
Ол адамның әрбір қимылы, әрбір жұмысы, көрермен үшін, сырт көзге әсер ету үшін есептелген. Ауру күйін сыр жағдайларды шешу үшін жауапкершіліктен қашу үшін өзінің ауырғандығын пайдалануы мүмкін. Ауруын емдей бастағанда барлық проблемалар шешіле бастайды, бірақ бұл құлық емес, бұл психологиялық бейімденудің санасыз амалы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет