Дәрістер кіріспе


Табиғатты қорғауға, тиімді пайдалануға ынталандыру



бет5/13
Дата15.12.2023
өлшемі170,5 Kb.
#139513
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
2.2 Табиғатты қорғауға, тиімді пайдалануға ынталандыру

Табиғи ортаны қорғау, табиғат байлығын тиімді пайдалану, оған барлық халық, жеке кәсіпорындар мен кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар мүдделі болғанда ғана ауқымды және нәтижелі болады. Мүдделілікті экономикалық ынталандыру тетіктері арқылы басқаруға болады. Экономикалық басқару механизмдерін қолданып табиғатты қорғауға, тиімді пайдалануға жағдай жасалады. Экономикалық жолмен басқарудың ерекшелігі, мұнда ешкімді күшпен зорлап емес, әркімнің өз еркімен табиғатты қорғауға, оның байлығын молайтып, тиімді пайдалануға жұмылдырады. Табиғи ортаға зиян келтіру, табиғат ресурстарын ысырапқа ұшырату ең бірінші кезекте оған жол бергендердің өзіне тиімсіз болады.


Экономикалық мүдде тудырудың басты әдістері: жоспарлау, шаруашылық есеп және экономикалық ынталандыру. Бұл әдістер баға, қаржыландыру, несие, материалдық сыйлық және жауапкершілік, табиғат пайдалану төлемдері, экологиялық нормативтер, т.б экономиалық тетіктер арқылы жүргізіледі.
Жоспарлау басқарудың әкімшілік әдісіне тән деп есептелгенімен, экономикалық басқару механизмінде де маңызы зор. Тек мұнда жоспарлаудың сипаты түбірімен өзгереді. Ол жоғарыдан нұсқау, бұлжытпай орындалатын заң сипатын өзгертіп, іс-әрекеттерді ерікті, сапалы басқару сипатына ие болады. Жоспралау арқылы көптеген жағымсыз құбылыстарды, шығындарды алдын ала болжап, оларды болдырмау шараларын ұйымдастыруға болады. Жоспарла еңбекті белгіленген мақсатта жұмылдыруға мүмкіндік береді.
Табиғат пайдалану саласында жоспралаудың басты мақсаты – табиғи ортаны қорғаушы, табиғатты тиімді пайдалануды, оның ресурстарын үнемдеп, мүмкін болғанда молайтуды қамтамасыз ету. Жоспралаудың мұндай қызметі нарық экономикасы жағдайында күшейе түседі.
Нарық қатынасы бойынша табиғатты арнайы пайдалану төлемді, табиғат пайдаланушылар табиғат ресурстарын ақылы пайдаланады, табиғи ортаға келтірген зияндарын жоюға, зинға ұшырағандардың шынынын қайтаруға міндетті және табиғи ортаны қорғауға, табиғат қорғау заңдарын сақтауға міндетті.
Табиғат пайдалану жоспарларын айқындау үшін экологиялық нормативтер маңызды рөл атқарады. Олар табиғат қорғау, пайдалану ережелеріне, талаптарына, тәртіптеріне сәйкес анықталады және нақты аймақтық табиғи жағдайына байланысты құрылады. Табиғат пайдалану нормалары орындалғанда, жетілдірілгенде табиғат пайдаланушыларға жеңілдіктер, сыйлықтар беріледі, ал орындалмағанда айып төлем белгіленеді.
Табиғат қорғауға, тиімді пайдалануға ынталандыру мақсатында баға тетігі кеңінен қолданылады. Жалпы баға деңгейі нарық қатынасына сәйкес қалыптасқанымен, оның негізгі құрамды бөлігі - өнімнің өзіндік құны табиғат пайдалану дәрежесіне сәйкес қалыптасады. Табиғат қорғау шығындары өскенде немесе табиғатқа әсер артқанда, төлемдер өскенде, табиғат ресурстары ысырапқа ұшырағанда, өнімнің өзіндік құны артады, таза пайда кемиді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет