Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы 1998 жылдың 21-ші сәуірінде Алматы және Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы аумағында ұйымдастырылды. Қорық Жоңғар Алатауы мен Алакөл көлінің - Үлкен, Орта, Тасты - аралдарынан бастау алатын Тентек өзенін сақтау мақсатында құрылған. Қорық екі бөліктен тұрады, біріншісі Сасықкөл көлінің оңтүстік жағалауындағы Тентек өзенінің атырауында орналасқан, ал, екінші бөлігі Алакөл көлінің аралдарында орналасқан. Қорықтың орталық мекені Алматы облысы Алакөл ауданының Үшарал қаласында орналасқан, ол Талдықорған облыстық орталықтан 282 кл. Алакөл, Алакөл өзенінің ағындысындағы ең үлкен көл, сонымен қатар, Қазақстанның ең ғажайып көлдерінің бірі. Ол, Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде Қытай шекарасында теңіз деңгейінен 340 шаршы метр биіктікте орналасқан. Көлдің ұзындығы 104 кл. ал, ені 52 кл. Көлдің жағалауы емдік лайға, минералды тұздарға бай. Алакөл көлінің суы теңіз суының құрамымен бірдей: сульфат-хлорлы натрий және бұрыннан емдік қасиетімен танымал. Алакөл мемлекеттік табиғи қорығында 269 түрден астам құс бар. Олар табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау жөнінідегі халықаралық одақтың Қызыл кітабына енгізілген. Олар, шағала, қызғылт және бұйра бірқазандар, ақ құтандар, қара құтандар, қулар, дуадақтар. Алакөл суында балықтың 8 түрі мекендейді. Көлге құятын өзендердің сағасында ондатра мекендейді. Жағалауда баклан, гагара, акку, бірқазан, ақққұтан, үйрек мекендейді. Құрақтардың арасында ала мысық және су егеу құйрығы кездеседі.Аңдардың ішінде – арқарларды, ақбөкендерді, тау ешкі, бұғы, аюларды және т.б көруге болады.
Алматы мемлекеттік табиғи қорығы 1931 жылы 15 мамырда құрылды. Алматы облысында, Іле Алатауының орталық бөлігінде орналасқан. Қорықтың ауданы 73325 мың га. жерді құрайды. Бұл жерде 92 мұздық бар, соның ең қуаттысы Дмитриева мұздығы оның ұзындығы 5,14 км. және ені 18,8 шаршы км. Талғар массиві Алматы қорығына қарайды. Ол аймақта қорықтың ең биік нүктесі — Талғар шыңы — орын тепкен. Талғар шыңының биіктігі 5017 метр. Ең үлкен шатқалдар олар, Талғар және Ыстық, Үлкен өзендер: Шілікті, Ыстық, Талғар. Алматы қорығындағы таулы аймақтарда ағатын негізгі өзендер оң Талғар, сол Талғар, орта Талғар болып бөлінеді. Олардың барлығы Іле Алатауынан бастау алады. Қорықтың көлдері - Ақкөл, Бозкөл. Қорықта, 1967 жылы құрылған табиғат мұражайы бар, оның ішінде 300 астам көрме қойылымдары жинақталған. Қорықта 194 түрлі аң, оның ішінде 38 сүтқоректілер, 148-ге жуық құстардың түрлері, 7 бауырмен жорғалаушылардың түрлері және бірнеше мың түрлі жәндіктер мен буынсыз жәндіктер кездеседі.