Дәрістер кіріспе



бет9/13
Дата15.12.2023
өлшемі170,5 Kb.
#139513
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Дәрістер

Үстірт мемлекеттік қорық Маңғыстау облысының Үстірттің оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан (Оңтүстік-Батыс Қазақстан). Үстірт қорығының тарихы 1984 жылы 12 шілдеде шөлейт өңірдің табиғат дүниесін табиғи күйінде сақтап қалу мақсатында құрылған. Үстірт қорығы 223,3 мың ге. алаңға ие. Қорық көптеген сирек кездесетін жануарлардың мекені болып табылады: үстірт муфлоны, гепард, сайғақ, жайран, қорқау, түлкі, ұзын инелі кірпі, күзен және т.б.Үстірттің көрнекі орны археологиялық ескерткіштер болып табылады. Үстірт қорығы аумағында жануарлардан: сүт қоректілердің 29 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 15 түрі, қосмекенділердің 1 түрі, омыртқасыздардың 300-ге жуық түрі және құстардың 110-ға жуық түрі кездеседі. Қорық аумағында өте сирек кездесетін, саны азайып бара жатқандықтан қорғауға алынып, «Қызыл кітапқа» енгізілген жануарлардың 8 түрі: арқар, қарақұйрық, қарақұлақ, мәлін, шағыл мысығы, итаю, шұбар күзен, ақбауыр жарқанат, ал құстардың 10 түрі – бүркіт, үкі, ителгі, жұртшы, дала қыраны, жорға дуадақ, қарабауыр бұлдырық, қарабай, жыланжегіш қыран, лашын, ал бауырымен жорғалаушылардың 1 түрі: төрт жолақты қара шұбар жылан бар. Үстірт қорығының ұйымдастырылуына негізгі себепші болған, Оңтүстік-Батыс Үстірттің эндемигі – Үстірт арқарының Маңғыстауда жойылып кету қаупі бар еді. Бүгінгі күні Үстірт қорығының аумағында 2 мыңға жуық Үстірт арқары кездеседі. Бұл өңірлерде қабыланның кездескендігі туралы ешбір ғылыми мәлімет жоқ. Қабылан Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген, қазір ол туралы дерек жоқ, сондықтан жойылып кеткен түр санатына жатқызылады. Негізінде Қабыландар мысықтар тұқымдасы, жыртқыштар отрядына жататын қарақұлақ, сабаншы, шағыл мысығы қорықтың Қарынжарық құмында кездеседі. Қабыланның дене бітімі ұзынша, қалың, қысқа , сарғылт түгінің үстінде қара дақтар болады. Шөлді жерлерді мекендейтін қабыландар жыныстық жағынан 3-4 жылда жетіледі. Желтоқсан – қаңтар айларында ұйығып, 90-95 күннен кейін 2-4 күшік табады. Қорегі қарақұйрық, арқар, киік және т.б. өзінен кіші аңдар. Жемтігін негізінен түнде аулайды. Жылдамдығы өте жоғары, сағатына 80 – 90 шақырымға дейін көтеріледі.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет