Барсакелмесмемлекеттік табиғи қорығы 1939 жылы Қазақстанның Қызылорда облысы Арал ауданында 50 884 гектар жерде құрылған. Бүгінде қорықтың құрылымдық бөлімшелері «Барсакелмес» және «Қасқақұлан» атауы бар кластерлік учаскілер, сонымен қатар «Дельта» (Сырдарияның кіші атырауы) болып табылады. Аталмыш жерді сонау 1929 жылдан бастап қорғай бастаған, ол, Барса – келмес аралында аңшылық шаруашылық ұйымдастырылғаннан соң, сайғақ, ор қояндарын, сұр құрларды, сырдария қырғауылдарын әкелуден басталған. 1953 жылы қорықтың аумағында Бахыздан әкелінген түркмендік құландар, кейінірек, қабандар, құмды сарышұнақтар, құмқояндары, үй қояндары пайда бола бастады. Барсакелмес - экологиялық апат аймағында орналасқан әлемдік қорық территориясына жатады (Арал теңізінің деңгейі бірте-бірте төмендеуде).
Ғалымдар нақ осы жерде Арал теңізі-көлінің үдерістерін түсінуге тырысуда.
Бүгінде Барсакелмес Республикалық ҒЗИ, Жапония, Германия, Ресейдің зоологтары, орнитологтары және биологтары жыл сайын зерттеулер жүргізетін, өзгеше зертханалардың біріне айналды. Барлық зерттеулер қорықтағы барлық тірі жандарға аралдық экологиялық апатының салдары және зардаптары деген тақырыпқа байланысты.
Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы Қазақстан Республикасының орталық бөлігінде орналасқан. Қорықтың алаңы (қорғалатын жерден басқа) қазіргі таңда 258963 ге. құрайды оның 197919 ге. су астында. Қорғалатын аумақтың алаңы солтүстіктен оңтүстікке қарай 60 кл. ал, батыстан шығысқа қарай 75 кл.Қорық Ақмола және Қарағанды облыстарының түйіскен жерінде орналасқан. Оның қорғалатын аумағы Қорғалжын және Егіндікөл аудандарынан, Ақмола облысы, Нұра ауданы және Қарағанды облысының Мемлекеттік жер қорының жерлері бойынша өтеді. Қорғалжындағы жалпы аумағы 260 мың гектарды құрайтын өзендер жүйесі бүкіл Орта Азиядағы құстардың ең маңызды сулы-батпақты мекені болып табылады. Қорғалжындағы өзендер жүйесі қызғылт қоқиқаз (фламинго) және жоғалуға айналған өзге де сирек құстардың: бірқазан,тырна, савка және тарғақтың әлем бойынша солтүстіктегі ең шалғай мекені. Қорықта құстың 294 түрі жұмыртқа салса, суларында балықтың 17 түрі мекендейді. Сондай-ақ мұнда сүтқоректі жануарлардың 41 түрі тіршілік етеді. Бұл Қазақстандағы сүтқоректі барлық жануарлар түрінің 26 пайызын құрайды.Қорғалжын қорығында сирек кездесетін өсімдіктердің 45 түрі қорғалады. Олардың арасында Шренк қызғалдағы, Қазақстанның Қызыл кітабына енген екі түсті қызғалдақ, көкшіл жуа, орал миясы, құмды цмин, дәрілік алтей, қара жусан, ақмия, бозы және дала шатырашы бар. Қорғалжын фаунасы дала және жартылай шөл дала аймақтарына тән., құстардың 294 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 6 түрі,қос мекенділердің 2 түрі, балықтың 11 түрі бар. Қорықтың омыртқасыздар фаунасы мүлдем зерттелмеген. Қорғалжын көлдері – балықшылардың жұмағы. Мұнда алтын және бозша мөңкелер, шортан, аққайран, линь, алабұға және торта балықтар тіршілік етеді. Қорғалжын көлінде ұшып-қонушы құстардың санына байланысты әлемдік атаққа ие болды. Ол ЮНЕСКО тізіміне ландшафт батпақты-көл дүниелерін айрықша қорғайтын аумақ ретінде енген.