Дәрістер кіріспе


- ТАРАУ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗБА БАЙЛЫҚТАРЫ



бет6/13
Дата15.12.2023
өлшемі170,5 Kb.
#139513
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
3- ТАРАУ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗБА БАЙЛЫҚТАРЫ
3.1 Мемлекеттік қорықтар
Мемлекеттiк табиғи қорық — табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметiнiң мақсаты өзiнiң аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiн, өсiмдiктер мен жануарлардың жекелеген түрлерi мен қауымдастықтарын, әдеттегi және бiрегей экологиялық жүйелердi сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтiру болып табылады.
Қазақстанда қазіргі уақытта 10 қорық ұйымдастырылған.

  1. Ақсу Жабағлы  Қазақстанның ең көне қорығы, сонымен қатар Орталық Азиядағы ЮНЕСКО биосфера қорығы дәрежесін алған ең алғашқы қорық теңіз деңгейінен 1,000-нана 4,280м биіктікте Тянь-Шань тауларында орналасқан. Негізгі биік аймақтары өзінің таңқаларлық бейнелерімен жартылай шөлейттер ылғалды жазықтармен алмасып аршалы ормандарына өтеді. Ылғалды даладағы бай жазықтар аршалармен астасып жатқан жіңішке бұталардың өсуіне қолайлы жағдай туғызған. Көздің жауын алатын қатаң қарлы шыңдардың бөктерінде түрлі түсті альпі гүлдері жайқалып өскен. Ақсу жабағалы сирек кездесетін, тек осы аймақтарға ғана тән өсімдіктер мен жануарлардың отаны. Бұл жерден тау қойын, ешкісін, маралдарды және еліктерді, сілеусіндер мен қар қабыландарын, қасқырлар мен түлкілерді, аюлар мен тағыландарды, ақкүмістерді таба аласыз. Осы жерлерді сарышұнақтарды да көруге болады.

  2. Наурызым қорығы –Қостанай облысы Наурызым және Әулиекөл аудандарында орналасқан мемлекеттік қорық, Ол Қостайдан 190 км. оңтүстікке қарай Торғай жырасындағы ғажайып жер, оған Терсек, Сыпсың және Наурызым орман алқаптары кіреді. Соңғы шатқалдың айтарлықтай бөлігін ғажайып Наурызым орманы алып жатыр. 
    Қарағай ормандарын ежелгі деуге болады, себебі оның қалпы әлі күнге дейін өзгермеген. Наурызым қайыңдары Ресей қайыңдары сияқты жіңішке болмаса да әсем, тұзды көлдің маңындағы қайыңдар да сондай. Бұл қайыңның өзгеше түрі қырғыстан қайыңы - Солтүстік Қазақстан эндемикі. Ол салыстырмалы түрде алғанда аса үлкен емес аумақта өседі және де әлемнің басқа еш бір бұрышында кездеспейді. Наурызым қорығының эмблемасы - сықырмалы аққу. Сонымен қатар қорық рәмізі бүркітте бола алады, себебі бұл жерде оның 30 жұбы мекендейді. Қорықтағы ең әсем аңдар, Наурызым қорығының сәні еліктер. Қорықта “Табиғат мұражайы” жұмыс істейді.

  3. Шығыс Қазақстанда Қазақстанның тамаша жерлерінің қатарына жататын Марқакөл Ұлттық Қорығы бар. Марқакөл көлін осы аймақтың інжу-маржаны деп атауға болады. Сарқырамада орналасқан ол оңтүстігінде Күшім тауымен, солтүстігінде Азутау тауымен шектеледі. Көлдің ұзындығы 38 км, ені 19 км және тереңдігі 27м. Оған 27 өзен құяды, тек Қалжыр өзені ғана көлден ағып шығады.Марқакөл суы мұнтаздай таза және жұмсақ болғанымен , оның басты байлығы арқан балық тобына жататын балықтары бар. Марқакөл көлі Қазақстандағы осы балық түрлерінің отаны деуге әбден болады. Жартасты тауларда негізінен жапырақты және шыршалы ағаштар өседі. Көркем жартасты таулардың көп бөлігі май қарағай орманына толы. Биік таулардың баурайы медициналық дәрулік қасиеті бар шөпке бай (алтын және марал түбірі, бергиния, т.б.). Қорықтың суреттеме әлемі әртүрлі және бай. Ормандарда қоңыр аюларды, бұғыларды, түлкілерді, жабайы мысықтарды, маралдарды, құндыздарды, бүркітті, сирек кездесетін қызыл қасқыр, қара ләйлектерді, сұрғылт шағалаларды және басқаларын көруге болады.



  4. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет