Дәрістер кіріспе



бет2/13
Дата15.12.2023
өлшемі170,5 Kb.
#139513
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫ:
ЖҰМЫСТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ:


1-ТАРАУ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТИІМДІ ТҰТЫНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Табиғи ресурстар, олардың мәні мен түрлері
Табиғат пайдаланудың мағынасы табиғат байлығын адамның қызметіне, оның белгілі бір тұтыну қажетін өтеуге жарату болып табылады. Осыған сәйкес өндіргіш күштердің белгілі даму дәрежесін игеруге болатын және экономикалық мәні бар, өндіріс қатынастарына тікелей араласатын немесе пайдалануы мүмкін табиғи заттар мен күштерді табиғат байлығы деп білеміз.
Осы тұрғыдан кем дегенде екі негізгі қорытынды жасауға болады. Бірінші табиғат байлығы өндірістің негізгі элементтерінің бірі, онсыз өндіріс жоқ, бұл жалпы кең мағынада. Негізінде табиғат ресурстарының өндіріске қатыстырылуын айтқанда біз оның тек алғашқы сатысын ғана аламыз, яғни табиғат байлығын өз ортасынан бөліп алу немесе сол ортада жұмыс істеу, табиғи заттарға еңбекпен тікелей әсер ету немесе табиғи күштерді еңбекте пайдалану. Алғашқы өңдеуден өткен, соның арқасында тауарға айналған заттарды қайта өңдегенде, тұтыну тауарларын шығарғанда жұмсалатын затты табиғат байлығы (ресурсы) деп қарастырамыз.
Мысалы, саз балшықтан кірпіш жасасақ, табиғат байлығын пайдаландық, деп есептейміз, ал сол кірпіштен үй салсақ, олай деп айтпаймыз.
Екінші қорытынды-табиғат байлығын пайдаланудың алғашқы сатысынан бастап белгілі дәрежеде оны бағалауды бастаймыз. Саналы түрде ме, ғылыми тұрғыдан ба немесе іс қажеттілігінен бе әйтеуір бір бағалау болады.
Табиғат байлығын пайдалану керек пе? Тиімді ме? Қандай қажетімізге жаратамыз ? - деген бағалау әрқашанда болады. Осылай бағалаулардың нәтижесінде табиғи заттар мен күштердің
пайдалануға болатынын, оның тиімділігін, қолданатын техника мен технологияны анықтаймыз.
Яғни, табиғи заттар мен күштер бағалау нәтижесінде ғана табиғат байлығына айналады. Олар өндіріс мақсаты үшін, адамдардың қажетін өтеу үшін зерттеледі. Бұл әрекеттің түпкі мақсаты табиғат байлығын саны және сапасы жағынан зерделеп, оның әлеуметтік, экономикалық қажеттілігін анықтау.
Бүгінгі күні табиғат байлығын экономикалық бағалаудың мәні ерекше артып отыр және біздің экономикамызда әлі толық зерттелмеген мәселе. Өйткені көп жылдар бойы табиғат байлығын тегін пайдалану принципі үстемдік етті. Тегін затты экономикалық бағалаудың қажеттігі де жоқ еді.
Дегенмен белгілі бір мақсаттар үшін (оптималдық болжамдар, жобалау, жоспарлау, т.б) экономикалық бағалаудың теориялық негіздері, әдістемелері зерттеліп келді. Бірақ экономикалық бағалау іс-тәжірибеде қолданбағандықтан теориядан қолданысқа жеткізілмеді.
Қазір табиғат байлығын экономикалық бағалау не үшін керек, қайда қолданылады, десек төмендегі негізгі бағыттарды атау керек:
-ұлттық байлықты есептеу
- табиғат байлығын игерудің оптималды мерзімін анықтау, қай түрін, қандай кезекпен, қанша мерзімде игеру қажеттігін анықтау
- ренталық табыстарды және төлемдерді анықтау
- өндіру салаларының өнімдерінің өзіндік құнын, бағасын дұрыс есептеу
табиғат байлығын пайдаланушы кәсіпорындардың шаруашылық есеп мүмкіндіктерін есептесу

  • жеке экономикалық аймақтардың экономикалық мүмкіндіктерін есептеу және болжау

  • табиғат байлығын пайдалануды болжау, жобалау мен жоспарлау

  • табиғат байлығын игергенде табиғи ортаға келетін экономикалық зиянды есептеу және табиғат қорғау шараларының экономикалық тиімділігін бағалау.

Осы келтірілген табиғат байлығын экономикалық бағалау негізінде шешілетін мәселелер оның қаншалықты маңызды екеніне және тез арада шешімін табу керек екеніне көзімізді толық жеткізеді.
Табиғат қорғау және табиғат байлығын тиімді пайдалануға ынталандыру, жауапкершілікті арттырып мүдде туғызу да экономикалық бағалау арқылы жүзеге асырылады. Табиғат байлығын экономикалық бағалау оның қоғамдық құндылығын, яғни нақты ресурстың адам қажетін өтеуге қосқан үлесін анықтау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет