Дәрістер кіріспе


«Алтын-Емел» ұлттық табиғи паркі



бет11/13
Дата15.12.2023
өлшемі170,5 Kb.
#139513
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Дәрістер

3.2 Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер


«Алтын-Емел» ұлттық табиғи паркі



Жоңғар Алатауының батыс жағындағы Алтын Емел Ұлттық саябағы Қазақстандағы ең үлкен қорықтардың бірі. Аумағы 460,000 гектарға созылған қорықта жоғалу қаупі бар өсімдіктер мен жануарлардың түрлері сақталған. Осы жерде әдемілігі көз жауын алатын Ақтау тауларын және Қатутау тауларының тізбегін көруге болады.
Парк терреториясында Сақтардың б.з.д. 1 ғасырға жатқызылатын Бес шатыр қорғаны және б.з.д. XVI-XIV ғасырларға жатқызылатын ежелгі жартасқа салынған бейнелері бар Тамғалы тас тәрізді тарихи ескерткіштер бар. Олардың ең көнесі 16-14 б.з.д. ғас. жатады. 
Бес Шатыр қорғаны - Бес шатыр қорғаны қазіргі Қазақстан терреториясында б.э.д. 1 ғасырда өмір сүрген ежелгі сақтардың құдайға сыйынатын жері болған. Ол 2 шаршы км аумақты, шамамен диаметрі 9 м болатын биіктігі шамамен 2,5м жететін 18 жоғары қорғандар орналасқан. Қорған астынан Тянь-Шань ағаштары қолданылып жасалған зиратты көруге болады.
Бұл бірегей ескерткіш Жетісудағы Іле өзенінің бастауларының ежелгі номадтарына тиесілі. Қорғандардың батысында үстінде оңтүстіктен солтүстікке созылып жатқан аңдардың бейнесі қашалып түсірілген дөңгелектей 45 тас тақталар орналастырылған. Ғалымдардың ойынша, бұл орын діни салттық табыну орны болған.


Бурабай табиғи қоры

“Бурабай” мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы 2000 жылы құрылды.“Бурабай” МҰТС Ақмола облысының Щучье ауданы аумағында орналасқан. Ұлттық саябақ жерінің аумағы 83510 га, оның ішінде 47361 га орман алқабын құрайды. Жер беті сулары 8493,5 га жерді алып жатыр. Қазіргі кезде саябақ Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына қарасты республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғат аймағына енеді. Бурабай аң шаруашылығы және Золотобор орман шаруашылығы таратылып, 1997 жылы Бурабай орман шаруашылығы Бурабай табиғи-сауықтыру орман кешені мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді. “Бурабай” ұлттық саябақ аумағы Көкшетау далалық, орман далалық және бөктерлі-ұсақ төбелі қыраттар құрамына кіреді. Климаты шұғыл континентальды, жазы ыстық және қысы қатты. Аумақ бедері төмен таулармен, төмпешіктермен, жазықтармен көрсетілген. Громовой өзені басынан 12 шақырым жерде табиғи ерекше ескерткіш бар – «бұралған» шоқ қайыңдары, олардың атауына себеп болған ағаштардың иілген діңдері. Бурабай табиғи саябағының жануарлар әлемінің 305 түрлері бар, оның ішінде 87 сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері. Тұяқтылардың арасынан сібір елігі, қабан, бұлан мекендейді. Жыртқыштардан қасқыр,түлкі, қарсақ, борсық, сарыкүзен, ақ тышқан, аққұлақ, дала сасықкүзені, орман сусары, сілеусін кездеседі. Саябақтың аумағында әрбіреуінің су бетінің көлемі 1 шаршы километрге жуық көлемін алып жататын 14 көл және көптеген одан ұсақ көлдер бар. Көлдердің көп бөлігі тұщы, кейбіреулері тұзды болып келеді. Өзен жүйелеріне Сарыбұлақ, Громовая, Қолшақты, Қылшақты және Иманай және т.б. салалары кіреді. Олардың кейбіреулері көлдерді бір-бірімен қосады. Көлемі бойынша ең ірі көлдердің ішіне Үлкен және Кіші Чебачье, Щучье және Бурабай кіреді.


«Жеке-Батыр» жотасының шығыс бөктерінде орналасқан Щучье көлі ең терең болып саналады. Көлдің ұзындығы 7 шақырым, ені 3 метр шақырымнан асады, ал тереңдігі 18 метрге дейін жетеді. Көлде балықтар мекендейді: алабұға, шортан балық, түрпі, және т.б. Көл аудан орталығы Щучинск қаласына келіп тіреледі, ол жерде «Бурабай-Курорты» темір жол станциясы орналасқан. Көлдердің ішіндегі ең үлкені және ең тазасы болып Үлкен Чебачье көлі саналады. Мөлдір судың ішінде тек қана тынық суда жүзетін шаяндарды тамашалауға болады. Курорт аймағының көлінде сазан, көксерке, тұқы, табан балық, шалпан жергілікті халықтың айтуынша - бурабайдың тұздалған балығы бар.
Бурабай – қазақстандықтардың ұнататын демалыс жері. Көл Көкшетау облысы аумағында теңіз деңгейінен 320,9 метр биіктікте орналасқан. географиялық түрде осы аймақ Көкшетау үстірті деп аталады, ал жергілікті жолаушылар оны "Қазақстандық Швейцария" деп атайды. «Алла әлемді жаратқанда, - деп ертедегі аңызда айтылғандай, - бір халыққа бай ормандар, жайқалған егіндіктер мен кең өзендер, ал басқаларына керемет таулар мен көгілдір өзендер берген. Қазаққа тек дала берілген.


Баянауыл

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – Павлодар облысының оңтүстік-шығысында (Баянауыл ауданында) Екібастұз қаласынан 100 шақырым жерде Орталық-Қазақстандық ұсақ шоқылардың шетінде орналасқан Қазақстан Республикасындағы ұлттық парк. Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының қатарына кіреді.


Парк 1977 жылы құрылып, Қазақстанның бірінші ұлттық паркі болып табылады. Баянауыл тау сілемінің табиғи өсімдік әлемі мен жануарлар әлемін сақтау және қалпына келтіру қажеттілігі паркті құрылуына негіз болып табылды. Баянауылдың ең жоғары нүктесі (1027 м) — Ақбет тауы. Аңыз бойынша тау Ақбет деген қыздың құрметіне аталды, өзі сүймейтін адамға тұрмысқа бергені үшін таудан құлаған. Паркте өсімдіктің төрт түрі бар - тоғай, орманды дала, орман мен шабындық.
Парктегі өсімдік әлемінің әртүрлілігі Баянауыл қарағайы мен қара қандағашты қоса алғанда 460 түрге жуық өсімдікті құрайды. Баянауыл қарағайы тас пен өсімдіктің ғажайып үйлесімділігін жасай отырып, тастарда өседі. Парктегі өсімдіктердің әртүрлілігі оның өсімдігі тапшы шөлейт дала ортасында орналасқанын ескере отырып, ерекше таң қалдырады. Ақ қайыңмен, қарағаймен, қандағашпен және көктерекпен қоса паркте көптеген бұталар, соның ішінде жидек беретін бұталар – таңқурай, ит мұрын, қарақат, долана өседі. Шабындықтарда құлпынай жиі кездеседі. Орманда саңырауқұлақтар өседі. Паркте көнезамандық өсімдіктердің 50 түріне жуығы, көнезамандық қара қандағаш пен көнезамандық тас қарақат кездеседі. Парк аумағында үш ірі тұщы сулы көл - Сабындыкөл, Жасыбай және Торайғыр көлдері орналасқан. Олардан басқа шағын көлдер көп, кейбіреуі құрғақшылық кезде тартылып қалады.
Ең ірі көл — Сабындыкөл (тура аудармасы — «мыльное озеро»), оның жағасында Баянауыл кенті орналасқан. Көл өзінің ерекше, жұмсақ, сабынды суына байланысты солай аталған. Аңыз бойынша Баян сұлу кезінде әдемі ұзын шашын жуып отырғанда сабынын суға түсіріп алған.
Ең мөлдір және көлемі бойынша екінші көл — Жасыбай көлі, ол таулар арасындағы қазаншұңқырда орналасқан. Жасыбай жағажайынан ашылатын көркем көрінісіне және өзінің таза суына байланысты шомылуға арналған тартымды көлдердің бірі болып табылады. Аңыз бойынша жағада басқыншылармен шайқасқан кезде қаза тапқан қазақтың Жасыбай батыры құрметіне аталған болатын.
Торайғыр көлемі жағынан үшінші және теңіз деңгейінен барынша жоғары орналасқан көлдердің бірі болып табылады. Оның суы Жасыбаймен салыстырғанда соншама мөлдір емес, сондықтан ол шомылуға келе қоймайды, бірақ онда көптеген балық бар, әсіресе сазан, осыған байланысты бұл көл көптеген балықшыларды қызықтырады.


Тамғалы

Тамғалы мемлекеттік ұлттық паркіАлматыдан 170 шақырым жерде солтүстік-батысы Алматы қаласына ал, оңтүстік – шығысы Іле тауларының – Шу бөлігінде оңтүстіктен солтүстікке қарай созылып жатқан Алатаудан Балқаш көліне дейін және Бетпақ далаға дейінгі жерлерді алып жатыр. Ашық аспан астындағы бірегей жер өздерімен нағыз көне көркемөнер галереясын білдіретін тас суреттерімен бірегей ғибадатхана табылды (тектік белгілермен белгіленген тастар). Тамғалы петроглифтерінің галереясы әлемдік мәнге ие қазына болып табылады және ЮНЕСКО қорының қорғауында. Онда бірнеше тарихи кезеңдердің көрінісі бар. Көне дәуірге, көшпенділер мен түркілер кезеңіне жататын 5000-нан астам сурет табылды. Аласа тақтатас кіреберістерінде шатқалдың екі жағынан тегіс тіке жазықтықта металлдық шырпумен табынушылық күн тәрізді құдайлардың 40-75, архарлар, текелер, маралдар, үй жануарлары: түйелер, жылқылар, бұқалар, иттердің суреттері, аңшылық дәстүрлер, құрбандық шалу рәсімдері, әйелдердің, садақшылардың мүсіндері, бүркітпен аңшылық суреттері және т.б. салынған. Шатқал маңында қола кезеңінің және ерте көшпенділердің мазараттары, сондай-ақ олардың қоныстанған орындары бар.
Шарын ұлттық табиғи паркі

Шарын шатқалы – ең ірі экзотикалық орындардың бірі. “Қамалдар аңғары” атауымен мәлім Шарын шатқалы (Алматыдан 200) Талғардан шығысқа қарай 180 шақырым жерде, орналасқан. “Жалмауыз кемпір шатқалы” және т.б. құмды жардың биіктігі 150-300 метрге шейін жетеді. Алатаудан бастау алатын Шарын өзенi Iлеге құяр жолында Жалаңаш үстiртiн кесiп өтедi. Шатқалдың тереңдiгi кей жерде 300 метрге дейiн жетедi. Шатқал арқылы ағысы қатты (секундына 10-12 км), суы мол, рафтинг спортына жарамды, арнасының кеңдiгi 35-40 метр болатын өзен ағып жатыр. Колорадодағы Гранд Каньонмен салыстырылатын Шарын арнасы көлемі жағынан шағын болса да, Әдемілігі бойынша орын бермейді. Сол себепті Сіз Шарын шатқалына саяхатқа баруды жоспарласаңыз, алдымен Шарын шатқалының үстінен жүріп өтіп, содан соң төмендегі Шарын өзеніне түсіп ағаштардың көлеңкесінде демалуға болады. Шарын шатқалы Қазақстан табиғатының інжу-маржаны болып есептеледі, оның құрамына өзi аттас өзенмен қоса шетендi тоғай кіреді. Шетен тоғайының негiзiн соғдиян шетенi (Fraxsinus potamophila) құрайды. Ол қазiргi өсiмдiктер дүниесiнiң iшiндегi ең көне түрi (динозаврлар дәуiрiнiң жұрнағы) және халықаралық кадастр бойынша жоғалып бара жатқан түрге жатады. Шетен тоғайы Шарын шатқалындағыдай шоқ болып әлемнiң тек екi-ақ жерiнде – Қазақстан мен Солтүстiк Америкада ғана сақталған. 


Іле-Алатау ұлттық табиғи паркі

Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы Солтүстік Тяньшань физика-географиялық провинциясының құрамына кіретін Іле-Алатау жотасының солтүстік беткейінде орналасқан. Түрген - Шамалған өзендерi аралығындағы орнласқан. Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы 1996 жылы 22 ақпанда құрылған және 200 мың гектардай жерді алып жатыр. Саябақтың басты көрнекті жері табиғаттың тазалығы қалтқысыз сақталуы. Дегенмен, соңғы 80 жылда Алматы қаласына тиеп тұрған ойпатының табиғаты индустриалды өркениеттің және қоршаған ортаның ластауына байланысты өзгерді. Осы мәселе қазіргі таңда, саябақ экологиялық жүйесінің тұтастығын сақтауда қауіп келтіріп тұр. Дегенмен, өзінің қайталанбас көркемдігімен, мәңгі мұз басқан шындары, биік таулары, көк- жасыл ормандары, альпі шалғындарымен ерекшеленген саябақ, адамдарды еріксіз өзіне тартады. Бұл жерде көгерген Шренка шыршалары 45 метрге дейін бой көтеріп 2 метрлік диаметрге дейін жетеді. Бұл сымбатты шыршалар 205-300 жылға дейін өмір сүрсе, тау биігінде өскен шыршалар 600 жылға дейін өмір сүреді. Қылқанды орманның төменгі бөлігінде араласқан орман бой көтерген. Бұл жерде кәдуілгі өрік, Семенов аққайыңы, Янчевич қара қарақат, Сиверс алмасын кездестіруге болады. Саябақтағы барлық өсімдіктің түрі 1000 жуық. орналасқан.
Көкшетау ұлттық табиғи паркі

«Көкшетау» ұлттық табиғи саябағы Солтүстік-Қазақстанның бірегей орманды-тауларын және көлдік экожүйелерді, тарих ескерткіштерін, археологиялық және ұлттық мәдениетін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы бойынша 1996 жылдын сәуірінде құрылған болатын. Оның негізгі аумағы Көкшетау қаласының оңтүстік-батысына қарай 60 километр аралығындағы 182 000 гектардан аса алқапты алып жатыр. Саябақ жерінің құрамына Зеренді, Шалкар және Имантау және Айыртау табиғи аймақтарының таулы-орманды, өзен-көлді өлкелері енеді. Оның ландшафты әлемін жылтыр көлдер еліне ұқсатқандықтан Көкшетау ұлттық саябағын «Қазақстандық Швецария» деп атайды.Бұл шетсіз-шексіз даладағы әдемі таулар, шатқалдар мен жалтылдаған таза көгілдір сулы көлдер, оған қоса гүлге оранған жап-жасыл көк, салқын сулы бұлақтар мен күліп аққан қайнарлар да бар. Тауларға түрлі түсті ағаш пен бұтақтардан өрілген кілем төселген, аң-құстар мен балықтардың, жәндіктер мен көбелектердің сан алуаны кездеседі.
Ұлттық саябақтың аумағында мемлекет қорғауына алынған 185 археологиялык, тарихи, сәулет және монументальды өнер ескерткіштері бар: қорғандар, қоныстар, қалашықтар, сонымен қатар, әлемдік атаққа ие болған неолит дәуірінің Ботай қонысы. Қазіргі таңда Ботай ескертіштері Әлемдік Мәдениет құндылықтар тізіміне енген және ЮНЕСКО-ның қорғауында.

Қатон-Қарағайлы табиғи паркі

Катонқарағай ұлттық мемлекеттік табиғи паркі – Шығыс Қазақстанның інжу маржаны. Шөл даладан бастап ну орман алқаптары, биік шыңдардағы альпы шалғындары мен мұздықтарға дейін созылған ландшафтты-климаттық аймақтардың біртұтас жиынтығы. Орман мен өзендерге, балық пен балға, емдік шөп пен кенге, туристердің көзін тартар табиғи естеліктерге бай бұл жердің анағұрлым аумағының табиғаты тұмса және экологиялық таза болып сақталынған. Мұнда Сібір мен Алтайдың ең биік шыңы-қасиетті Белуха тауы бар(4506 м). Мистик және суретші Николай Рерих бұл жерді күш-қуат беретін жер десе, жергілікті шамандар бұл жерді космоспен байланысқан «жердің кіндігі» дейді. Аңыздарға сенер болсақ Ғажайып шамбала осы жерде жасырынған. 
Парк аумағында табиғаты әсем және тарихи көзтартарлық орындар мол. Олардың кейбіреулері халықаралық мәртебеге ие: Белуха тауы, Көккөл сарқырамасы, Берел қорғандары, Рахман қайнарларының термальды бастаулары,Ұлы Жібек Жолының Солтүстік Тармағы (Алтын Тармақ) және тағы басқалар.
Ашық түсті өсімдектер әлемі таңғаларлықтай әртүрлі, тау жоталары мен таудың таза ауасы тайганың иісімен мүңгіген. Мұнда сүтқоректілердің 66 түрін (Қазақстанда мекендейтіндердің үштен бірі), құстардың 250-ден астам түрін, қосмекенділердің үш түрін, бауырымен жорғалаушылардың 4 түрін және жәндіктердің бірнеше мыңдаған түрін кездестіруге болады.

Медеу табиғи паркі

Мемлекеттік табиғи саябағы Медеу шатқалында орналасқан. Мемлекеттік табиғи саябақтың шекарасы Бутаков өзенінің тармағының солтүстік – батысынан Кіші Алматы тармағына қосылғанға дейін созылып жатыр.

  • одан әрі Алматы-Бутаков автожолына дейін қала шеңберінде;

  • одан әрі Алматы-Бутаков автожолының бойымен Горная көшесіне дейін;

  • одан әрі Горная көшесінің оңтүстік-шығысынан Бутаков өзені тармағына қосылғанға дейін.

Табиғи саябақтың аумағы өсімдіктер белдеуімен және флора әлемімен ерекшеленеді. Медеу саябағының флорасында Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген 17 түрлі өсімдік түрі бар. Олардың ішінде, қызғалдақ, жауқазын, талғарлық кекіре, тянь-шаньдік көкнәр, кәдуілгі өрік, Сиверса алмасы, Шренка шыршасы, кавказдық қарқас, сары бәйшешек және т.б.
Тау маңында құстардан қырғауыл, сақалды құр, батпақдалалы үкі, балықшы құс мекендейді. Жапырақты орманда мысықторғайлар жұмыртқа салады, үлкен көкқұс, оңтүстік бұлбұл, сары сұлұ, тоқылдақ және т.б түрлері бар. Қазақстанның Қызыл Кітабына бүркіт, сақалтай, көкқұс, лашын, ителгі, үкі, сары шымшық енгізілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет