Мәдениеттің құрылымы және қызметі
Мәдениеттің құрылымы күрделі және көп қырлы.Ол білім, ғылым, көркемөнер, әдебиет, мифология, имандылық, саясат, құқық, дін жүйелерін біріктіреді.Бұлар бір- бірімен араласа отырып,аса маңызды мәдениет құбылысын құрайды.Мәдениеттің ең негізгі қызметі- адамға қызмет жасау немесе гуманистік қызмет болып табылады.
Аса маңызды қызметі - әлеуметтік тәжірбиені тарату.Мұның мәнісі- мәдениет бір ұрпақтың тәжірбиесін екінші ұрпаққа, бір кезеңнен екінші кезеңге, бір елден екінші елге жеткізу деген сөз.Сондықтан да мәдениетті «аламзаттың әлеуметтік есі» деп атайды.Мәдени жалғастықтың жойылуы жаңа ұрпақтың әлеуметтік есінің жоғалуына(Ш.Айтматов) алып келіп, жастарды үлкен рухани кедейшілікке ұрындырады.Мәдениеттің тағы бір маңызды қызметі- танымдық қызметі.Мәдениеттің парасаттылығы – көбінесе өткен кезеңдердің мәдени құндылықтарын пайдалана деңгейімен байланысты.Қоғамның барлық түрлері осы жағдайға байланысты бір- бірімен ажыратылады.Кейбір елдер мәдениет арқылы өткен кезеңнің пайдалы тәжірбиелерін алып, өз қажетіне шебер қолданады.Мұндай қоғамдар(мыс:Жапония) ғылым, техника, өндіріс салаларында аса зор табыстарға жетті.Кейбір қоғамдар мәдениеттің осы танымдық қызметін дұрыс пайдалана алмағандықтан, дамуы жағынан көп артта қалып қойды.Семиоттық немесе таңбалық (гректің semeion – таңбалар туралы ғылым) қызмет мәдениет жүйесіндегі аса маңызды қызметтер қатарына жатады.Қажетті таңбалар жүйесін оқып- үйренбейінше, мәдениет жетістіктерін игеру мүмкін емес.Мысалы, тілш (ауызша немесе жазбаша) адамдардың қарым – қатынасының құралы, әдеби тіл ұлттық мәдениетті игерудің аса маңызды құралы болып табылады.Кәсіби тілдер музыка әлемін, көркемсуретті, театрды тану үшін қажет.Жаратылыстану ғылымдарының( физика, математика, химия,биология) таңбалық өз жүйелері бар.Мәдениеттің ең кіші бөлінбейтін бөлшегі мәдениеттің элементі деп аталады.Бұл элеметті зерттеу америкалық ғалым Э.Хобельден басталады.Оның пікірі бойынша, мәдениеттің элементі дегеніміз- одан әрі бөлінбейтін материалдық немесе материалдық емес заттың бөлшегі.Мысылы, материалдық мәдениеттің элементі шеге, қарындаш, қол орамал, т.б. болса, ал материалдық емес мәдениеттің элементі амандасқанда қол беру, қалпағын көтеру, сүйісу, т.б. болады.Әрбір мәдениет мыңдаған мәдени элеметтерден тұрады.Ол элементтердің бірқатары әр халықтың, әр түрлі елдердің мәдениеттерінің бөлшегі болады.Әр түрлі мәдени элементтердің жиынтығы мәдени кешендер құрайды.Мысалы,спорт ойыны(футбол) мәдени кешен болып есептеледі.Оған материалдық (ойын ережелері, төрешінің этикасы) элементтері кіреді.Бірнеше мәдени кешендердің бірлігі мәдени институттары (отбасы, мектеп) құрайды. Мысалға неке институты: танысу, некелесу, той жасау, т.б. мәдени кешендерден тұрады.Мәдени элементтердің ішінен басты немесе базистік элементтер ерекше орын алады.Рухани мәдениеттің базистік элементтеріне білім, құндылық, мәдени нормалар жатады.Сонымен қатар, барлық мәдениетке , халықтарға ортақ жалпыадамзаттық құндылықтар да болады(мысалы, үлкендерді сыйлау, балаларға қамқорлық, т.б.).Мәдени құндылықтарды сақтаудың, беріктендірудің құралы- мәдени нормалар.Мәдени нормалар дегеніміз- жалпы құндылықтарға сәйкес қалыптасқан тәртіп ережелері.Нормалардың жиынтығы нормативтік жүйені құрайды.Нормативтік жүйенің типтері: әдет- ғұрып, мораль, дін, құқық.Бұлардың ішінде әдет- ғұрыптың алатын орны зор. Әдет- ғұрып арқылы мәдени құндылықтар ұрпақтан- ұрпаққа беріледі, мәдениет жалғасады. Әдет- ғұрып арқылы мәдениеттегі ең жақсы құндылықтар сақталады.Жазу болмаған, өнеркәсіптік қоғам пайда болғанға дейінгі кезде мәдени құндылықтар әдет-ғұрып арқылы ұрпақтан- ұрпаққа берілген.Барлық елдердің даму тәжірбиесі мәдени құндылықтардың ұрпақтан- ұрпаққа әдет- ғұрыптар арқылы берілгендігін көрсетеді.
Қазіргі заманғы ғылымдар жүйесінде мәдениеттанудың алатын орны және оның басқа ғылым салаларымен байланысы.
Мәдениеттану жеке пән ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады, сондықтанда оны әлі де болса буыны бекімеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз.Мәдениеттану – мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол философияның басты саласы, мәдениет философиясын қамтиды.Мәдениеттану қоғаида болып жатқан түрлі процестерді( материалдық, әлеуметтік, саяси, адамгершілік, көркемдік т.б.) барынша қамтып, мәдениет дамуының жалпы заңдылықтарын, оның өмір сүруінің принциптерін және бір- біріне этно- әлеуметтік, саяси- моральдық, ғылыми, көркемдік және тарихи сипаттамаларымен, жағдайларымен ерекшеленетін түрлі мәдениет түрлерінің өзара байланыстарымен, тәуелдіктерімен зерттейді.Мәдениеттану пәні сонымен қатар жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалы ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен мирасқорлығын, қарым- қатынасын зерттей отырып, адамзат баласының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды.Демек, мәдениеттану пәні түрлі қоғамдар барысындағы мәдени өмірді жан- жақты қамти отырып, ондағы басты мәдени процестерге ғылыми тұрғыдан талдау жасайды.Мәдениеттануды тек қана гуманитарлық ғылымдар саласына ғана емес, жалпы теориялық пәндер қатарына да жатқызуға болады.Өйткені бұл пән адамзат баласының мәдени өміріндегі толып жатқан құбылыстарды жүйелі түрде қарастырады.Ал мәдени процестердің мәнін ашып көрсетуде түрлі ғылым салаларының өкілдерінің, атап айтқанда этнографтардың, әдебиетшілердің, социологтардың, психологтардың, тарихшылардың, демографтардың және т.б. ат салысатынын ескерсек, мәдениеттанумен барлық ғылым саласының айналысатындығын айқын аңғаруға болады.Мәдениеттануға осы уақытқа дейін түрлі ғылым салалары, атап айтқанда, антропология, психология, тарих, педогогика зор ықпал етті.Енді осы аталған ғылым салаларының мәдениеттануға қалайша ықпал ететіндігін қарастырып көрейік.Антропологияның басты бағытының бірі- қоғам мен адамды салыстыпмалы тұрғыдан зерттеу.Осы тұрғыдан алап қарағанда, «антропология» мәдениет деген ұғымның мағынасын анықтауда үш жағдайға назар аударады.Олар:1) Қоғам мен адамның мәдени қалыптасуы(ағартушылық); 2) Қоғамдық және адамзаттық салт- дәстүрлердің, әдет- ғұрыптардың, қалыптасқан дағдылардың, қоғамдық мекемелердің және т.б. жиынтығы(бірлігі).Белгілі бір қалыптасқан мәдени жүйенің басқа мәдени құндылықтарға қарсылығы.Мәдениетке антропологиялық тұрғыдан берілген бұл анықтаманы мәдениеттану саласындағы көптеген сыншылар «жалпылама» деп есептеп, оның эмперикалық сипатта екендігін баса көрсетеді.Ұлттық мәдениеттің ойдағыдай зерттелуі этникалық немесе ұлттық психологияның мәліметтеріне де тығыз байланысты болып келеді.Нақты тарихи тәжірбие негізінде әрбір нәсілдің, тайпалар мен халықтардың психикалық өмір салтының ерекшеліктерін байқай отырып, «этнопсихология» рухтың не белгілі бір ұлттың қайталанбайтын өзіндік қасиеттері жөніндегі Гегельдің, Гумбольдтың және олардың ізбасарларының философиялық қағидаларына барып тірелді.Ресейде жекелеген халықтардың, олардың ішінде орыс халқының мәдени- психологиялық сипаттамасын Н.А.Бердяев тамаша сипаттап берген болатын.Этнопсихологиялық зерттеулер ұлттық мәдениетті жасаушылардың психологиялық ерекшеліктерін есепке ала отарып, кез- келген ұлт мәдениетінің өзіне ғана тән сипатын ашып көрсетуде қомақты табыстарға жетіп отыр.Мысалы: орыс биінің, аргентин тангосының, негр музыкасының терең ұлттық мәнін осы тамаша рухани дүниелерді өмірге келтірген халықтың ұлттық мінезін ескергенде ғана толық түсінуге мүмкіндік алған болар едік.
Халық туралы және қоғамдық факторларға байланысты оның даму заңдылықтары жайындағы демография ғылымының да мәдениеттануға тікелей қатысы бар.Ұлттық мәдениеттің тоқырауы немесе оның орны толмас ауыр зардаптарға ұшырауы – қоғамдық саяси жағдайларға және т.б. тікелей байланысты.Ендеше адамзаттың мәдени жаңғыруына бұл мәдениеттану пәнінің қосар үлесі де қомақты екендігін ескерсек, әлі де болса буыны бекімеген бұл жас ғылым саласының болашағы зор болатындығына күмән келтіруге болмас.
Мәдениеттану - жалпы адамзаттық және ұлттық мәдени үрдістердің объективтік заңдылықтары, тарихи ескерткіштер, құбылыстар, сондай-ақ адамдардың материалдық және рухани өмірінің оқиғалары мен әрекеттерін зерттеп, зерделеуге негізделген мәдениет туралы ғылым және оның мәні.
Мәдениет дегеніміз- адамзаттың өмірі мен қызметін ұйымдастыру қалпы мен түрлеріне, сонымен қатар олардың жасаған материалдық және рухани құндылықтарынан көрінетін қоғам мен адам дамуының белгілі бір дәрежедегі тарихи деңгейі.
Мәдени нормалар дегеніміз – жалпы құндылықтарға сәйкес қалыптасқан тәртіп ережелері.
Дүниежүзілік мәдениет – біздің планетамызды мекендеген барлық халықтар мәдениетінің озық үлгілерінің синтезі болып табылады.
Материалдық мәдениет – еңбек және материалдық өндіріс мәдениеті топтың, яғни тұрған мекеннің , үйдің ауылдың, қаланың мәдениеті, адамның өз денесіне , дене тәрбиесіне қарым- қатынасының мәдениеті.
Мәдениеттің классикалық үлгісі – мәдениетті адамзаттың тарихи дамуының нәтижесі, адамзат баласының саналы және адамгершілік қоғамдық қарым- қатынастарының қол жеткен дәрежесі.
Ұлттық мәдениет – нақты тәжірибе негізінде әрбір нәсілдің тайпалар мен халықтардың психикалық өмір салтының ерекшеліктері.
Полис – шағын ғана халқы бар қала, ал қала тұрғындары сол қаланың азаматтары болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |