Excel бағдарламасын іске қосу
Excel бағдарламасын іске қосу үшін онымен байланысқан шартты белгіні тауып,
тышқанды екі рет басу қажет. Ол іске кіріскенде экранға терезе шығады. Экрандағы Excel
терезесінде мынадай объектілер орналасқан:
-
жоғарғы қатар – басқару қатары терезе тақырыбы;
-
екінші қатар – Excel бағдарламасының меню қатары;
-
үшінші және төртінші қатарлар Стандарттау және Форматтау саймандар
тақтасы;
-
бесінші қатар – енгізу-түзету қатары немесе формулалар қатары. Бесінші қатардан
терезе соңына дейін электрондық кестенің жұмыс парағы орналасады. Жұмыс
парағындағы қатарлар мен бағаналар белгілі бір тәртіппен белгіленеді.
-
алтыншы қатар – қалып күй қатары. Тӛменгі қатар сол жақ шетінде Excel
бағдарламасының жұмыс режимдерінің индикаторы орналасады.
Excel мәзірінде жұмыс істеңіз
Excel- дің жаттық мәзірі:
Файл, Правка, Вид, Вставка, Формат, Сервис, Данные, Окна, Файл түзету түр қою
пішім сервис дерек терезе көмек
Файл- Файлмен жұмыс істеу командалары;
Түзету- Құжатты түзету командалары;
Түр- Экранды ӛзгерту командалары;
Қою- Келесі объектілерді құжатқа қоюға қызмет етеді: бет нӛмірлері, символдар, тақырып
пен кӛрсеткіштер файлдар, кадрлер сурет, объект, деректер қоры;
Пішім- Символды, абзацты, кестені түрлі стильде пішіндеу командалары;
Сервис- Құжатты кӛркемдеп, қатесін тексеріп, макростар құрып, баспаға дайындайтын
командалар;
Деректер- Кестелер мен жұмыс істейтін командалар;
Терезе- Терезелермен жұмыс істейтін командалар;
Көмек- Excel- мен жұмыс істеу туралы анықтама.
Электрондық кестенің негізгі ұғымдары
Қатар нөмірі – электрондық кестенің кӛлденең орналасқан қатарларының сол жақ
шетінде орналасқан нӛмір.
Бағана әрпі – электрондық кестенің бағаналарын белгілейді. Әріптер жұмыс
аумағында жазылып тұрады.
Ұя – электрондық кестенің мәлімет енгізілетін ең кіші элементі. Әрбір ұя немесе тор
бағана әрпімен қатар нӛмірінен тұратын адреспен анықталады.
Ұя сілтемесі – жұмыс істеуге тиісті екпінді күйдегі немесе ағымдағы ұяны кӛрсетіп
тұрған тіктӛртбұрышты тор таңба.
Ағымдағы ұя – тормен белгіленіп тұрған ұя. Ол кестенің бір торын ғана белгілеп,
келісім бойынша, мәлімет енгізу операциясы немесе басқа бір іс-әрекет осы торда
ғана орындалатынын кӛрсетеді.
Excel бағдарламасының жұмыс кітабы
• Жұмыс кітабы құжаты бірнеше парақтардан тұрады. Жұмыс кітабына мысал ретінде
кадрлар, салықтар, бұйрықтар жинақталған ұйымдық құжаттар жиынтығын айтуға блады.
• Парақтар – жұмыс кітабындағы жеке құжат.
• Қолданылатын парақтардың саны Қызмет – Параметрлер - Жаңа парақтағы кітаптар
арқылы, ал Файл – Құрастыру, арқылы жаңа жұмыс кітабы жасалады.
• Парақтың атын ӛзгерту – Формат – Парақ атауын ӛзгерту деген бұйрықтармен жаңа
ат қою арқылы іске асады.
Жұмыс парақтарының өзара байланысы
Excel бағдарламасында бір кестеге басқа парақтардан немесе басқа кестелерден
мәліметтерді алып енгізуге болады. Екі парақ арасындағы байланыс олардың біреуіне
екіншісінің адресі кӛрсетілген формула енгізіп қою арқылы орнатылады.
Бірнеше терезелермен жұмыс істеу
Жұмыс парағының мәліметтері мониторды алып тұрса, бір терезе жеткілікті.
Егер оның кӛлемі ұлғайса, онда бірнеше терезе ашуға болады және мониторда бір уақытта
файлдың әр түрлі парақтарды орналастырған ыңғайлы.
Мониторда екі терезенің бірі ғана екпінді күйде болады. Екінші терезені екпінді қылу
үшін бағыттауышты сол терезеге апарып, тышқанды басса жеткілікті.
Файлдар арасындағы байланыс
Екі файл арасындағы байланыс бір файлға екінші файлдың ұясындағы мәлімет
кӛрсетілген формуланы енгізу арқылы жүргізіледі. Оны басқа орыннан мәлімет алатын
файл және мәлімет беретін файл деп атайды.
Байланыс орналасқаннан кейін Excel бағдарламасы мәлімет беретін файлдағы ұя
мәндерін мәлімет алатын файлға кӛшіріп алады да, мәлімет алатын файл ұяларындағы
мәндер автоматты түрде ӛзгеріске ұшырайды. Әр түрлі жұмыс кітаптарының парақтары
арасындағы байланыс орнайды.
Файлды ашу
• Файлды ашу үшін, дискіден буманы тауып алып, оған кіру керек (буманың атын екі
рет басу қажет), яғни қажетті файлдың атын басып, АШУ бұйрығын орындау қажет.
Сонымен қатар файлдың атын екі рет басып немесе саймандар тақтасындағы АШУ
сайманының белгісіне басуға болады.
• Жұмыс кітабын сақтау үшін, Файл – Сақтау командасын таңдау керек. Егер атауы
берілмесе файл кітап-1 атымен сақтайды. Немесе файл қалай сақтау белгісін басып,
буманы белгілеп, жаңа, тиісті атын теру қажет. Сақталған файл ереже бойынша ХLS
кеңейтуіне сәйкес келеді.
• Файлды ӛзге форматта сақтау үшін, қалай сақтауды ашқаннан кейін файл түрлерін
терезеден тауып, сақталған файл түрін басу керек.Мысалы. Microsoft Exsel–де қажетті
файл атын теріп, сақтау бұйрығын орындау керек.
• Жұмыс кітабын жабу үшін, одан шығып, файлды жабу керек.
Excel мәзірімен жұмыс атқару
Excel мәзірімен пернеден гӛрі тышқан арқылы жұмыс істеу ӛте ыңғайлы, керекті
меню пунктіне тышқан меңзерын жеткізіп, оны бір басу керек. Осы тәрізді тәсілмен меню
командаларын да белгілеп, оның қатардағы ӛрістерін, жалаушаларын таңдап жеңіл іске
қосуға болады..Орындалып жатқан әрекетке сәйкес берілетін контекстің тәуелді
анықтамалық жүйе орналасқан.Әрбір әрекетке байланысты әрқашан кӛмек алып отыруға
болады.
Электрондық кестенің негізгі ұғымдарымен танысыңыз Жолдар, бағаналар,
ұяшықтар
Электрондық кестенің ж ұ м ы с т а қ т а с ы жолдар мен бағаналардан тұрады.Жол
саны 65536-тен, ал бағана саны 256-дан аспауы керек. Электрондық кестеде жол
нӛмірленеді, бағаналар латын бас әріптермен белгіленгенеді.
Жол нөмірі электрондық кестеде қатарды анықтайды. Жол нӛмірлері жұмыс тақтасының
сол жағында жазылады.
Бағана әріптері электрондық кестеде саптарды анықтайды, олар жұмыс тақтасының
бастапқы жолында (6-шы жол) жазылады. Саптар келесі ретпен нӛмірленеді:A-Z, одан соң
АА-АZ, одан соң BA-BZ, одан соң СА-СZ т.с.с.
Ұяшық –кестенің негізгі ұғымы, ұяшықта мәтін, сан, формула, деректер жазылады.
Ұяшықтар жол мен бағана қыилысында орналасады. Әр ұяшықтың ӛз адресі болады,
адрес бағана әріптері мен жол нӛмірінен тұрады. Мысалы:В3 адресі В бағанасы мен 3-жол
қиылысындағы ұяшықты білдіреді.
Ұяшық көрсеткіші – ағымдық ұяшықты кӛрсетеді, ұяшық кӛрсеткіші жылтырауық
тӛртбұрыш түрінде кескінделеді. Кӛрсеткішті пернелеу арқылы да, тышқан мен де
басқаруға болады.
Ағымдық ұяшық кӛрсеткішпен белгіленеді. Әдетте деректерді енгізу әрекеті және басқа
да әрекеттер ағымдық ұяшыққа қатысты орындалады.
1. Тышқан арқылы D4 ұяшығын ағымдық етіңіз.
2. Меңзерды жылжыту пернелері арқылы А1 ұяшығына оралыңыз
Блок (аудан) - сыбайлас ұяшықтардан тұратын тіктӛртбұрыш ауданды б л о к деп
атайды. Блок бір ұяшықтан немесе бірнеше ұяшықтардан тұрады.
Б л о к а д р е с і қарама-қарсы (сол жақ жоғары оң жақ тӛмен ) жатқан бұрыштарының
координаталары арқылы белгіленеді. Мысалы:В13:C19, A12:D27 немесе D:F.
Командаларды орындағанда немесе формуланы енгізгенде блокпен орындау ыңғайлы әрі
тиімді болады. Ол үшін блок координаталарын кӛрсетіп немесе белгілеу қажет.
Ұялар ішіндегі мәлімет
Ұялар – координатасымен берілген элемент кестесі (бағана аты, реттік нӛмері).
Мысалы А1, В7, С12, ВК43. Ұялардың адресі кестенің сол жағында орналасады.
Ұяшықтан-ұяшыққа кӛшу үшін ТАВ немесе ӛзге ұяшықты басу арқылы жүргізіледі.
Мәтін енгізу
Ұяшыққа кез келген символдарды енгізгенде ол мәтін ретінде қабылданады, егер
мәтіннің бірінші сӛзі сан болса, міндетті түрде ‗(апостроф) белгісімен бастап жазу керек.
Егер мәтін енгізіліп отырған ұяшыққа симай қалса, оның оң жағындағы кӛрші ұяшық бос
болған жағдайда , сол ұяшыққа жалғасып жазылады. Кӛршілес ұяшыққа басқа мәлімет
енгізу кезінде, алдыңғы енгізілген мәтіннің ұяшыққа сыйып тұрған бӛлігі ғана кӛрініп
тұрады. Ал сыймай қалған бӛлігін кӛру үшін, мәлімет сол ұяшыққа сыятындай етіп,
бағананың ӛлшемін кеңейту, үлкейту қажет .
Қате кеткен жағдайда соңғы орындалған іс - әрекетті болдырмау батырмасын шерту
немесе Түзету, Болдырмау (Правка , Отменить) командасын орындау арқылы алып
тастауға болады .
Сандарды енгізу
Сандарды ұяшыққа ―=‖, ―+‖ таңбаларынан бастап немесе санның ӛзін цифрдан бастап
енгізуге болады . Егер 97 программасы оны экспоненциалды түрге келтіреді немесе
сандардың орнына # ### символдары шығарылады. Әйтсе де сан тұтасымен сол ұяшықта
сақталып тұрады. Санды тұтас кӛру үшін бағананың енін үлкейту керек. Ұяшыққа
енгізілген сан үлкен болса да, кіші болса да экспоненциалды түр қолданылады. Мысалы
903000000 саны 90,3 * 108 болғандықтан, 9,03Е + 08 түріне келтіріледі, ал
0,0000000006 саны 6*10 – 9 болғандықтан 6Е – 9 түріне келтіреді .
Уақытты және күн – ай мерзімін енгізу
Электрондық кестеге уақыт және күн-ай мерзімі енгізілгенде Excel 97 программасы
оларды арнайы сандар ретінде қабылдайды, яғни олар ұяшықтың оң жағына қарай
ығыстырылады.Уақыт мерзімдері сан ретінде қабылданатын барлық амалдарды орындау
мүмкіндігі бар.Күн мен ай және жыл мезгілдері шамалары бір бірінен нүкте арқылы
ажыратылып жазылады.Мысалы, 3.12.94, 12
1.2-кесте. Күн мен ай мерзімдерінің форматтары
3/12/94
16. 4. 97
апр. 98
12-Март-94
16. 04. 97
Апрель 99
12-Март
16 апр
16 Апрель,1998
Март-12
6 апр 97
М-98
16. 4
06 апр
Кестедегі мәліметтерді өңдеу тәсілдері.
Бағаналардың ені мен қатарлардың биіктігін өзгерту әрекетін тышқанның кӛмегімен
және меню командалары арқылы орындауға болады.
Тышқан меңзерін бағаналар әріптерінің немесе қатар номерлерінің араларына
орналастырып, пайда болған екі жақты жылжытамыз. Бағананың ені немесе қатардың
биіктігі қажетті шамаға жеткеннен кейін тышқан батырмасын босатамыз немесе оны екі
рет шертеміз.
Қатардың биіктігі мен бағана енін меню командаларының кӛмегімен ӛзгерту үшін
қажетті бағаналарды немесе қатарды белгілеп алған соң, сәйкес Формат, Қатар
(Строка), Биіктік (Высота) немесе Формат, Бағана (Столбец), ені (Ширина)
командаларын орындаймыз да ашылған терезедегі ӛрісте тиісті шаманы теріп
жазамыз немесе тышқан батырмасын шертіп отырып кӛрсетеміз.
Ұяшықтардағы мәліметтерді өңдеу
Ұяшықтағы мәліметтерді енгізу кезінде және олар енгізілгеннен кейін де
ӛңдеуге болады.
Егер ұяшыққа мәліметтерді енгізіп отырып түзету қажеттігі туса, оларды
солға [BackSpace] немесе оңға [Delete] қарай ӛшіру пернелерінің тиістісін
қолданамыз.
Қатар, бағана, блоктармен жұыс істеу
Ұяшықтағы мәліметтерді кӛшіруге, ӛшіруге, жылжытуға, блоктарды
мәліметтерді тазартуға болады.Осы әрекеттерді орындау үшін қажетті бӛлікті
белгілеп алған соң:
-Стандартты саймандар тақтасының батырмалар тобының кӛмегімен (Қиып
алу, Кӛшіру, Кірістіру);
-Түзету (Правка ) мәзірінің Қиып алу ( Вырезать), Кӛшіру (Копировать), Кірістіру
(Вставить), Ӛшіру (Удалить), Тазалау (Очистить), Толтыру (Заполнить)
командаларының кӛмегімен;
- тышқанның кӛмегімен;
- контексті жанама менюдің командаларының кӛмегімен орындауға болады.
Жылжыту немесе Орын ауыстыру үшін нені, қайта жылжыту керек екенін
кӛрсету керек. Тышқанның кӛмегімен белгіленген бӛлікті (ұяшық немесе блок)
жылжыту үшін, тышқан меңзерын сол белгіленген аймақтың ішіне орналастырамыз.
Ұяшық мазмұнын көшіру
Кӛшіру кезінде мәлімет бұрынғы орнында да қалады, оның кӛшірмесі жаңа орынға
қойылады. Тышқанның кӛмегімен кӛшіру үшін белгіленген аймақты жылжыту кезінде
[Ctrl] ернесін басулы күйде ұстап тұру керек.
Торларды мәліметтермен толтыру
Торларды мәліметтермен толтыру кезінде ұяшықтағы немесе блоктағы мәліметтер бір
іс - әрекет нәтижесінде бірнеше рет қайталанып кӛшіріледі. Толтыру әрекеті тек оңға және
тӛмен қарай ғана орындалады.
Формулаларды енгізу
Excel бағдарламасындағы ұяшықтарда арифметикалық амалдарды орындау үшін:
• Нәтиже шығатын ұяшығын кӛрсетіп, алғашқы күйдегі белгісін теру керек. Формула
сақталғаннан кейін ENTER пернесіне басу немесе формула қатарын басу қажет.
• Қажетті ұяшықтың адресін термей-ақ оны басуға болады.Ол ұяшықтарға қосу, алу,
кӛбейту, бӛлу, азайту, үлкен тең, кіші тең, тең емес амалдары теріледі.
• Қиын кӛп қабатты формулалар бір қатарда теріледі.Сондықтан орындау ретін кӛрсету
үшін дӛңгелек жақша қажет.
• Мастер функция анықтамасына кіру үшін математикалық категорияны, функцияны
таңдап анықтама бұйрығын орындау керек.
• Формуланы шығаруда мастер функциясын шақыру үшін формуланың қажетті жерінде
fx белгісін басып, одан әрі функция аргументін шығарудағы ережелерге сай атқару қажет.
• СУММ (тізім).Тізім элементтерінің қосындысын табу.Тізім элементтері қос нүкте,
тізім мен нүктелі үтір арқылы ажыратылады.
Бағаналар енін және қатарлар биіктігін өзгерту
Бұл әректтерді тышқан арқылы немесе меню кӛмегімен атқаруға болады.Тышқанды
пайдаланар кезде, оның бағыттауышын бағаналар әріптерінің арасында немесе қатарлар
нӛмірінің арасындағы бӛлу сызығына жеткізіп, бағыттауыш екі сызық, бағыттауыш
бейнесіне айналғанда тышқанның сол жағын басып, бағананы немесе қатарды кеңейтуге
болады.
Меню жолының кӛмегімен пайдалану үшін, кӛлемі ӛзгертілуге тиісті бағаналарды
белгілеп, Формат - Қатар - Мӛлшер немесе Формат - Бағана –Мӛлшер командаларын
орындау керек.
Қатарлар, бағаналар, блоктар мен операцияларды орындау
Бұл операциялар меню арқылы, алмастыру буферінің кӛмегімен және тышқанның
кӛмегі арқылы орындалады.
Жылжыту
Мәліметтерді бір орыннан екінші орынға жылжыту барысында нені және қайда
орналастыруды айқындап алу қажет. Жылжыту кезінде орнынан кӛшірілетін мәліметтерді,
яғни ұяны не блокты белгілеп алып, оған тышқан бағыттауышын алып бару керек, сол
сәтте меңзер ақ бағыттауыш сызыққа айналады. Сонан соң белгіленген блокты не ұяны
тышқанмен іліп алып, басқа орынға алып бару керек.
Көшірме алу
Кӛшірме алу кезінде түп нұсқа түріндегі мәлімет ӛз орнында қалады, ал басқа
орында оның қосымша кӛшірмесі пайда болады. Кӛшірме алу операциясы жылжыту
тәрізді орындалады, тек бұл жолы Ctrl пернесін басулы күйінде ұстап тұру қажет.
Плюспен толтыру әрекеті арқылы да кӛшірме алуға болады. Меңзерды тордың
оңжақ тӛменгі шетіне алып барса, ол "плюс" таңбасына айналады, оны толтыру маркері
деп атайды. Толтыру әрекетін оңға қарай және тӛменгі бағытта жүргізеді. Толтыру
жылжыту сияқты орындалады, бірақ бұл сәтте меңзер ұяның немесе блоктың оң жақ
тӛменгі шетінде тұруы тиіс. Толтыру кезінде бастапқы ұядағы немесе блоктағы
мәлімет тышқанды басып тұрып оны жылжыту арқылы бірнеше рет қайталана алады.
Бұл тәсіл, әсіресе формулаларды кӛшіруге ӛте ыңғайлы.
Ұяларды өшіру, тазалау
Егер торлар мен блоктардағы мәліметтерді ӛшіру керек болса, оларды белгілеп алып
Del пернесін басса болғаны. Бұрын енгізілген мәліметтерден блоктарды, ұяларды арылту
үшін оларды белгілеп алып,Түзету-Тазалау командасын орындау керек. Сол сәтте
шығатын ішкі менюде нені, мысалы: мәліметті, безендіру элементін ескертуді немесе
бәрін бірдей ӛшіру керектігін кӛрсету керек.
Бағаналарды, қатарларды және блоктарды ӛшіру үшін, алдымен оларды белгілеп алып,
сонан кейін Түзету - Ӛшіру командасын орындау қажет. Ӛшірілген обьектілер орны
бос қалмай, тӛменгі қатардағы немесе оң жақтағы мәліметтері жоғары не солға жылжып,
сол орындарды толтырады.
Мәліметі ӛшірілген орын бос тұру үшін,Түзету-Тазалау командасын орындау керек.
Электрондық кестені толық ӛшіру үшін Файл-Жабу командасын орындап, шыққан
сұқбат терезесіне "ия" деп жауап беру қажет.
Белгілеу, көшірмесін алу, араластыру, жою
• Блокты белгілеу үшін-сол жақтағы жоғарғы ұяшықты басып, маркер кресін оң
жақтағы тӛменгі кестенің бұрышына жылжыту керек. Немесе SHIFT пернесін басып
тұрып, қажетті бұрышқа жылжу қажет. Және F8 пернесін басып, стрелка арқылы
қажетті бұрышына жылжытады. Белгілеу басталған алғашқы ұяшық, сол қалпында
қалады.
• Барлық қатарды белгілеу үшін, олардың атын немесе нӛмірін басу қажет.
Макрос (алгоритм) деген – арнайы бетте бағдарлама тәрізді жазылады. Жұмыс бетіндегі
операцияның орындалуы. Макрос- қайталанып отыратын қызмет үшін құрылады. Бірнеше
операция орындау үшін бір ғана бұйрық жеткілікті.
Макросты құру: Қызмет – жазу – макросты басу арқылы, бұдан соң тәуелсіз макрос атын
теріп, ОК –ға басу арқылы орындалады.
Ұяшықтар мен блоктардың абсолютті, салыстырмалы және аралас адрестері
Ұяшықтарды қолдану кезінде бұған дейінгі сипатталған әдістерді қолдануға болады: В3,
А1, G9, сол сияқты. Бұндай адрестер салыстырмалы деп аталады, яғни Eхcel формулада
қолданылатын ұяшықтардың ағымдағы ұяшыққа қатысты орналасуын есте ұстайды. Мысалы,
егер сіз В4 ұяшығына =В1+В2 формуласын енгізсеңіз, Eхcel формуланы ӛзінше былай
талдайды: ―үш қатар жоғары орналасқан ұяшық мәнін екі қатар жоғары орналасқан ұяшық
мәніне қосу керек‖.
Ал, егер сіз осы =В1+В2 формуласын В4 ұяшығынан С4 ұяшығына кӛшірсеңіз,
формуланы: ―үш қатар жоғары орналасқан ұяшық мәнін екі қатар жоғары орналасқан ұяшық
мәніне қосу керек‖ деп талдай береді. Формула С4 ұяшығында =С1+С2 түріне енеді.
Егер сіз кӛшіру барысында нақты ұяшыққа немесе аумаққа сілтемені сақтап қалғыңыз
келсе абсолютті адрестерді қолдануыңыз қажет. Ол үшін тік жол аты мен жатық жол аты
алдарына $ таңбасын енгізуіңіз керек. Мысалы, $В$4 немесе $С$2:$F$48, және сол сияқты.
Сонымен формуланы кӛшірген кезде оның кейбір элементтерін салыстырмалы, ал
кейбірін абсолютті түрде жазуға болады, мұндай түрде жазылған адрес — аралас түрдегі
адрес деп аталады.
MS Excel кестелік редакторының графикалық мүмкіндіктері. Диаграмма тұрғызу.
Диаграмманы форматтау. MS Excel құжатын баспаға шығару.
Диаграммаларды даярлау
Excel-дің ең кӛзге түсер ерекшеліктерінің бірі – оның сандар қатары мен
бағаналардағы ақпараттарды толық, кӛрнекі түрде кескіндей алатын графиктер мен
диаграммаларға айналдыруы болып саналады.
Диаграммалар – мәліметтерді графикалық түрде кескіндеудің ыңғайлы түрі.
Олар берілген сандық шамаларды ұяшықтарды үңіліп қарағаннан гӛрі салыстырмалы
түрде бағалау мүмкіндігін береді. Диаграммалар бір ұяшықта тұрған қатені де тез кӛрсете
алады.
Excel-де 14 түрлі екі және үш ӛлшемді диаграмма түрлері бар. Excel графикасын
үйрену кезінде үйдегі компьютерді бір аптада пайдалану уақыты жайлы (сағатпен)
мәліметтерін қарастырайық.
А1:Н6 мен І1:І2 блоктарындағы мәліметтер онша қызықты емес, І3:І6 блогындағы
мәліметтерді графиктік түрде беруге болады. Экранға І3 ұяшығынан басталатын кесте
бӛлігін шығарайық. Диаграмманы немесе графикті даярлау үшін Диаграмма шебері деген
функцияны пайдаланған жӛн.
Excel-дің бұл функциясы бес сұхбат терезесі арқылы диаграмма (график) тұрғызуға
және оны жұмыс парағына салып шығуға керекті мәліметтерді сұрап алады.
Стандартты аспаптар тақтасындағы Диаграмма шебері батырмасын бассақ, Excel
диаграмма кестенің қай маңында орналасуы керектігін сұрайды. Біз, мысалға, А18
ұяшығын курсормен кӛрсетіп, тышқан батырмасын басулы күйде ұстап тұрып А18:G35
блогын ерекшелеп шығайық та, батырманы қоя берейік.
Достарыңызбен бөлісу: |