Дәрістер тезистері 1-Дәріс Тақырыбы


ақырғы  жіктеме  деп  санауға  болмайды



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата06.02.2017
өлшемі1,17 Mb.
#3505
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ақырғы  жіктеме  деп  санауға  болмайды,  алайда  программалық  қамтуды  жетілдіру  мен 

дамыту бағыттарын басқасына қарағанда кӛрнекі түрде кӛрсетеді. 



 Қандай программалар қолданбалы деп аталады? 

 

Қолданбалы  программа  —  бұл  белгілі  бір  проблемалық  сала  шеңберіндегі 



қандай  да  бір  мәселенің  шешілуіне  ықпалын  тигізетін  кез  келген  түрдегі  нақты 

программа. 

 

Мысалы,  ӛзінде  компьютерге  қандай  да  бір  фирманың  қаржылық  іс-әрекетін 



бақылау  міндеті  жүктелген  жерде  тӛлеу  ведомостерін  әзірлеу  программасы  қолданбалы 

болады.  

 

Қолданбалы  программалар  жалпылама  сипатқа  ие  болуы  мүмкін,  мысалы, 



құжаттарды құрастыру мен басып шығаруды және т.б. қамтамасыз етуі мүмкін.  

 

Осыған  қарсы  ретінде  әрекеттік  жүйе  немесе  инструменттік  ПҚ 



пайдаланушының соңғы қажеттерін қанағаттандыру ісіне тікелей үлесін қоспайды.  

 

Қолданбалы  программалар  не  дербес  түрде  қолданылып,  былайша  айтқанда, 



қойылған  міндетті  басқа  программалардың  кӛмегінсіз  шешіп,  немесе  программалық 

кешендердің немесе дестелердің құрамында шешуі мүмкін.  



 Жүйелік программалардың ролі қандай және олар қандай мақсатқа арналған? 

Жүйелік программалар қолданбалы программалармен бірге қолданылады және 

компьютердің  ресурстарын  –  орталық  процессорды,  жадыны,  енгізу-шығаруды 

басқаруға арналған.  

 

Он  мыңдаған  жүйелік  программалардың  арасында  ерекше  орынға  әрекеттік 



жүйелер    ие  болуда,  олар  компьютердің  ресурстарын  оларды  тиімді  пайдалануға  арнап 

басқарылуын қамтамасыз етеді. 

 

 

Жүйелік  программалардың  маңызды  топтарына  сондай-ақ  қосымша  арналудағы 



программалар  -    утилиталар  (лат.  utilitas  —  пайда)  жатады.  Олар  не  әрекеттік  жүйенің 

тиісті  мүмкіншіліктерін  кеңейтеді  және  толықтырады,  немесе  дербес  маңызды 

міндеттерді шешеді.  Утилиталардың түрлерін қысқаша сипаттап кетейік:  

 

бақылау,  тестілеу  және  диагностикалау  программалары,  олар  компьютердің 

құрылғыларының  дұрыс  жұмыс  істеуін  тексеру  үшін  және  пайдалану  барысындағы 

ақауллықтарды анықтау үшін қолданылады; ақаулылықтың себебі мен орнын кӛрсетеді;  

 

драйвер-программалар,  олар  әрекеттік  жүйенің  енгізу-шығару  құрылғыларын, 

жедел  жадыны  басқару  жӛніндегі  және  т.б.  мүмкіндіктерін  кеңейтеді;  драйверлердің 

кӛмегімен  компьютерге  жаңа  құрылғыларды  қосуға  немесе  қолданыстағыларын 

стандарттан тыс пайдалануға болады;  

 

орап-қаптаушы  программалар  (архиваторлар),  олар  ақпаратты  дискілерге 

бұрынғыдан  да  тығызырақ  жазып,  сондай-ақ  бірнеше  файлдардың  кӛшірмелерін  бір 

архивтік файлға біріктіруге мүмкіндік береді;  

 

вирусқа  қарсы  программалар,  олар  компьютерлік  вирустарды  жұқтырудың 

алдын-алу мен вирустарды жұқтыру зардаптарын жоюға арналған;  

Компьютерлік  вирус  —  бұл  көлемі  бойынша  шағын  болып  келетін  арнайы 

жазылған  программа,  ол  қайсыбір  зиянды  әрекеттерді  орындау  үшін  өзін  басқа 

программаларға  «қосып  жазуы»  мүмкін  –  файлдарды  бүлдіреді,  жедел  жадыны 

«қоқыстандырады» және т.б.  

 

дискілік 



кеңістікті 

оңтайландыру 

мен 

оның 

сапасын 

бақылау 

программалары;  

 

ақпаратты қалпына келтіру, мәліметтерді пішіндеу, қорғау программалары;  

 

коммуникациялық  программалар,  олар  компьютерлердің  ӛзара  ақпарат 

алмасуын ұйымдастырады;  

 

жадыны  басқаруға  арналған  программалар,  олар  жедел  жадының 

бұрынғысынан да икемді қолданылуын қамтамасыз етеді;  

 

CD-ROM, CD-R жазуға арналған программалар және т.б.  

 

Утилиталардың  бір  бӛлігі  әрекеттік  жүйенің  құрамына  кіреді,  ал  енді  бір  бӛлігі 



оған байланыссыз түрде, б.а. дербес түрде әрекет етеді. 

 Әрекеттік жүйе дегеніміз не? 

 

Әрекеттік жүйе дегеніміз — бұл өзара байланысқан жүйелік программалар 



кешені,  ол  пайдаланушының  компьютермен  өзара  әрекеттесуін  және  басқа 

программалардың орындалуын ұйымдастыруға арналған.  

 

Әрекеттік  жүйе  бір  жағынан  компьютер  аппаратурасы  мен  орындалып  жатқан 



программалар  және  екінші  жағынан  пайдаланушының  арасындағы  байланыстырушы 

буынның ролін атқарады.  

 

Әрекеттік  жүйе  әдетте  компьютердің  сыртқы  жадында  –  дискіде  сақталады. 



Компьютер қосылған кезде ол дискілік жадыдан алынып, ЖЖҚ-ға орналастырылады.  

 

Бұл процесс әрекеттік жүйенің жүктемеленуі деп аталады.  



 

Әрекеттік жүйенің қызметтеріне тӛмендегілер кіреді:  

 

пайдаланушымен сұхбат жасау;  



 

мәліметтерді енгізу-шығару және басқару;  

 

программаларды ӛңдеуден ӛткізу процесін жоспарлау мен ұйымдастыру;  



 

ресурстарды  (жедел  жады  мен  кэшті,  процессорды,  сыртқы  құрылғыларды) 

үлестіру;  

 

программаларды орындалуға арнап іске қосу;  



 

әртүрлі қосалқы қызмет кӛрсету әрекеттері;  

 

әртүрлі ішкі құрылғылардың арасында ақпараттың берілуі;  



 

шеткі  құрылғылардың  (дисплейдің,  пернетақтаның,  дискілік  жинақтауыштардың, 

принтердің және т.б.) қызметін программалық қолдау.  

 

Әрекеттік  жүйені  компьютерді  басқару  құрылғысының  программалық 



жалғасы  деп  атауға  болады.  Әрекеттік  жүйе  пайдаланушы  мен  аппаратураның 

арасында    аралық  қатпар  құрумен  одан  аппаратурамен  өзара  әрекеттесудің  керексіз 

қиындықтарын  жасырады.  Соның  нәтижесінде  адамдар  компьютердің  аппаратымен 

өзара әрекеттесуді ұйымдастыру жөніндегі өте ауыр жұмыстан босатылады.  

 

Бір  мезгілде  ӛңдеуден  ӛткізіліп  жатқан  міндеттердің  саны  мен  ӛздеріне  ӘЖ 



қызмет  кӛрсете  алатын  пайдаланушылардың  санына  қарай  әрекеттік  жүйелер  тӛрт  негізгі 

топқа бӛлінген:  

1.бір  пайдаланушыға  бір  міндетке  арналған  әрекеттік  жүйелер,  олар 

пернетақтамен  жұмыс  істейді  және  тек  бір  ғана  міндетпен  (бір  мезгілде)  жұмыс  істей 

алады;  

2.бір  пайдаланушыға  бір  міндетке  арналған  фондық  басылымы  бар  әрекеттік 



жүйелер, олар негізгі міндетпен қатар, әдетте, ақпаратты басып шығаруға бағытталған бір 

қосымша  міндетті  іске  қосуға  мүмкіндік  береді.  Бұл  үлкен  кӛлемдегі  ақпаратты  басып 

шығарған кездегі жұмысты жылдамдатады;  

3.бір  пайдаланушыға  көп  міндеттерге  арналған  әрекеттік  жүйелері,  олар  бір 

пайдаланушыға бірнеше міндеттерді қатар ӛңдеуден ӛткізуді қамтамасыз етеді. Мысалы, 

бір компьютерге бірнеше принтерді жалғауға болады, олардың әрқайсысы «ӛз» міндетіне 

арнап қызмет ететін болады;  

4.көп  пайдаланушыға  көп  міндеттерге  арналған  әрекеттік  жүйелер,  олар  бір 

компьютерде  бірнеше  пайдалануышыларға  бірнеше  міндеттерді  іске  қосуға  мүмкіндік 

береді.  Бұл  ӘЖ-лар  ӛте  күрделі  және  едәуір  мӛлшердегі  машиналық  ресурстарды  қажет 

етеді.  

 

Компьютерлердің  әртүрлі  үлгілерінде  архитектурасы  мен  мүмкіндіктері  әртүрлі  



болатын  әрекеттік  жүйелер  қолданылады.  Олардың  жұмыс  істеуі  үшін  әртүрлі  ресурстар 

қажет  етіледі.  Олар  программа  жасау  мен  дайын  программалармен  жұмыс  істеуге  арнап 

қызмет кӛрсетудің әртүрлі дәрежесін ұсынады.  

 

Кәсіби  қолданысқа  бағытталған  дербес  компьютерге  арналған  әрекеттік  жүйеде 



келесідегідей негізгі құрамдас бӛліктер болуы тиіс:  

 

енгізу-шығаруды басқару программалары;  



 

файлдық  жүйені  басқаратын  және  компьютерге  арнап  тапсырмаларды 

жоспарлайтын программалар;  

 

командалық  тіл  процессоры,  ол  әрекеттік  жүйеге  арналған  командаларды 



қабылдап, талдаудан ӛткізіп және орындайды.  

 

Әрбір әрекеттік жүйенің ӛзіндік командалық тілі болады, ол пайдаланушыға сол 



не ӛзге түрдегі әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді:  

 

каталогты қарауға;  



 

сыртқы тасымалдауыштарды белгілеуге;  

 

программаларды іске қосуға;  



 

басқа әрекеттерді орындауға.  

 

Пайдаланушының  командаларын  талдау  мен  орындау  ісін,  соның  ішінде  дайын 



программаларды  жедел  жадыға  жүктемелеу  мен  оларды  іске  қосуды  қоса  алғандағы 

әрекеттерді әрекеттік жүйенің командалық процессоры жүзеге асырады.  

 

Компьютердің  сыртқы  құрылғыларын  басқару  үшін  арнайы  жүйелік 



программалар  –  драйверлер  қолданылады.  Стандарттық  құрылғылар  драйверлерінің 

жиынтығы  енгізу-шығарудың базалық жүйесін (

BIOS

)  құрайды,  ол  әдетте  компьютердің 



тұрақты ЖҚ-сына енгізіледі.  

 ӘЖ-нің файлдық жүйесі дегеніміз не? 

Файл  (ағыл.  file  —  қапшық)  —  бұл  сыртқы  жадыда  сақтағыш  құрылғыда 

орналастырылған  және  біртұтас  нәрсе  ретінде  сақталатын,  жөнелтілетін  және 

өңделетін кез  келген  түрдегі  мәліметтердің  атаулы  жиынтығы.  Файлда  программа, 

сандық  мәліметтер,  мәтін,  кодталған  бейне  және  т.б.  болуы  мүмкін.         

Файлдық  жүйе  —  бұл  файлдардың  қандай  да  бір  тасымалдауышта  сақталуын 

ұйымдастыруға арналған құрал.  

 

Файлдар  жадының  бір  бӛліктері  ретінде  физикалық  түрде  сыртқы 



тасымалдауыштарда  –  магниттік  дискілерде  немесе  CD-ROM-да  жүзеге  асырылады.  Әрбір 

файл дискілік жады блоктарының қайсыбір санын алады. Блоктың әдеттегі ұзындығы — 512 

байт.  

 

Файлдарды файлдық жүйенің драйвері  деп аталатын әрекеттік жүйенің арнайы 



модулі күтімге алады. Әр файлдың каталогта – файлдардың тақырыбында тіркелген атауы 

болады.  

 

Каталогқа  пайдаланушы  әрекеттік  жүйенің  командалық  тілі  (кейбір  кезде 



директория  немесе  қапшық  деп  аталатын)  арқылы  қатынай  алады.  Оны  қарауға,  онда 

тіркелген  файлдардың атын  ӛзгертуге,  олардың  құрамындағысын  жаңа  орынға  ауыстыруға 

және жоюға болады.  

Дәріс 8 

Тақырыбы: MS Word мәтіндік редакторы туралы негізгі мәліметтер. Мәтінді 

форматтау. 

Қолданбалы  программалар.    ПК-ді  жұмысістету  үшін  ыңғайлы  құрал  ретінде 

пайдалануға мүмкіндік береді. Ойындар мен немесе оқу программаларын айтуға болады. 

Осы қолданбалы программалар мен пакеттер ақпараттық қабықшаны қолдануға ыңғайлы 

ақпаратты  –  есептеу  құрылғыға  айналдырады.Қолданбалы  программалар  белгілі  бір 

аймаққа  жұмыс  жасайтын  маманға  немесе  жәй  пайдаланушыға  және  арнайы 

программамен жұмыс істейтін адамдарға арналған қолданбалы кең профилді бола алады. 

Мысалы: функциональдық есептеулер немесе құдаттар құру үшін арналған программалар 

және  де  тар  профилді:  электрокардиограмма  анализдерінде  және  электрондық  ӛнім 

жобаларында қолданылады және т.с.с. 

Құжаттарды дайындау және редакторлау жүйелері.  


Компьютерді  қолдану  немесе  ӛңдеу  қәзіргі  заманғы  есептеу  техникасының  даму 

интенсивтігіне әкеп соғады мұнда мәтіндік құжаттарды құру үшін редактордың дайындау 

түрлері кӛп қолданылады. ІBM- типіндегі компьютерлерге сәйкес ең кӛп тараған мәтіндік 

редакторлардың  бірі  WORD.  Бұл  WІNDOWS  операциялық  жүйесінің  комерциялық 

қосымшасы  болып  табылады.  WORD  мүмкіншіліктері  тек  мәтін  құрумен  ғана 

шектелмейді.  Ол  одан  да  кӛп  операцияларды  жасайды.  Бірақ  бұл  программалық 

қабықшаны оқып үйрену үшін тізбектей жәй түрінен күрделі түріне ӛту керек.   

Word    мәтіндік  редакторын  жұмыс  істету  үшін  осы  қосымшаның  пиктограммасын 

басу  керек.  Осы  пиктограммаға  бару  үшін  ―Пуск‖  басқышын  басамыз  одан 



―Программы‖  менюін  таңдаймыз  одан    ―Mіcrosoft  Word‖  пункті  таңдалады  (басқа 

варианттар  ―Word  немесе  ―Mіcrosoft  Offіce‖.  Яғни  бұл  жағдайда  Word  бос  құжатпен 

терезе  түрінде  экранға  шығады.  Мұнда  Word    терезесі  толық  экран  түрінде  беріледі,  ал 

құжаттардың екінші терезесі негізгімен бірігіп кетеді). 

Қосымшамен  жұмыс  айақтау  үшін  тақырып  жолының  оң  жағында  орналасқан 

―Закрыть-  Жабу‖  басқышын  басу  керек.  Бұдан  кейін  қосымшаның  жұмысы  айақталады. 

Редакторланатын  құжаттармен  жұмыс  істеп  болғаннан  кейін  ол  қосымшадан  шыққыңыз 

келген  жағдайда  автоматты  түрде  оны  сақтау  керек  па  жоқ  па  жайындағы  ақпарат 

шығады. Яғни құжаттардағы ӛзгертуді сақтайын ба деген терезе. 

Word  терезесі  негізінен  терезе  тақырыбы  және  терезе  басқыштары,  меню  жолдары, 

инструменттер  панелі,  сызғыштар,  айналдыры  сызықшалары  және  жолдар  күйінен 

тұрады. 


состоит  из:  Заголовка  окна  и  кнопок  окон,  строки  меню,  панелей  инструментов, 

линеек, полос прокрутки и строки состояния  .   

Бас  меню  немесе  негізігі  меню  деп  аталатын  менюде  келесі  пункттер  орналасқан, 

онда  олар  ӛзіндік  мәндері  бірдейлері  бойынша  біріккен.  Кез  –  келген  әрекеттер  осы 

менюде  орналасқан  пункттер  арқылы  орындалатындығын  есте  сақтаған  дұрыс.  Меню 

пункттерінде біріккен қосымша пункттердің белгіленуі: 



―Файл‖ - файлдармен байланысты барлық операциялар соның ішінде баспаға шығару 

және беттер форматы; 



―Правка‖  -  алмасу  буферімен  байланысты  барлық  операциялар  соның  ішінде 

жолдарды ауыстыру және ӛзгертусондай – ақ соңғы орындалған операцияларды қайталау 

немесе болдырмау; 

―Вид‖  -  құжат  варианттарын  қарауға  және  оларға  колонтитулдар  беруге  мүмкіндік 

беретін операциялар

―Вставка‖ – обьектілерді енгізе отырып қосуға байланысты операциялар;  

―Формат‖ - абзацқа, шрифтке және форматтауға байланысты барлық операциялар; 

―Сервис‖  -  тасымал,  синоним,  орфографиясын  тексеруге  арналған  қосымша 

функциялар , сондай – ақ Word-ты орналастыру; 

―Таблица‖ – кестелерді ӛңдеу мен құруға байланысты барлық операциялар; 

―Окно‖  -  Word-тың  екіншілік  терезесіне  байланысты  операциялар,  соның  ішінде 

бірнеше құжаттармен жұмыс істеу кезінде; 

― ? ‖  - анықтамаға қатыстының барлығы.    



Инструментер  панелі  ашылатын  тізімдер  және  басқыштардан  тұрады.  Мәтіндерді 

форматтау  және  редакторлауға  байланысты  ең  жиі  қолданылатын  функциялар 

инструменттер панелінде орналасады (сур 3). 

Форматтау  сызғыштарының  белгіленуі  беттегі  мәтіннің  орналасуын  кӛрсетеді. 

Оның  кӛмегімен  оң  және  сол  жақта  (вертикалды  сызғыштың  болуы  оны  жоғары,  тӛмен 

ӛзгертуге де мүмкіндік береді) берілген шегіністерді ӛзгертуімізге, қызыл жол беруімізге 

болады. 

Айналдыру сызықтары ӛзінің кішігірім нюанстар болмаса стандартты сызғыштардан 

ӛзгешелігі аз. Горизанталды сызықтың сол жағында кішкентай тӛрт басқыш орналасқан. 

Бұл  басқыштар  құжатты  кӛру  режимына  жауапты.  Ал  вертикалды  айналдыру 

сызықтарында біріншілік элементтерден басқа екілік үшбұрышты екі басқыш орналасады. 

Ол басқышқа басу арқылы экран бетін бір бетке тӛмен немесе жоғары жылжытуға болады. 


Күйлер  жолы  экранның  тӛменгі  жағында  күйлер  жолы  орналасады.  Онда  маңызды 

ақпарат орналасады, мысалы: 

- ағымдағы бет; 

- ағымдағы бӛлім; 

- ағымдағы бет / құжат бетінің жалпы саны. 

- ары қарай курсордың ағымдағы орыны бейнеленеді: 

- құжаттың жоғарғы шетінен арақашықтығы; 

- жол ( ағымдағы позициясынан бастап санағанда); 

- курсордың сол жағындағы символдар саны немесе бағандар. 

Келесі  ӛрісте  редакторлаудың  ағымдағы  режимі    бейнеленеді.  Сондай  –  ақ  күйлер 

жолында  басқыш  функциялары  мен  меню  қосымшалары  жайында  анықтама  немесе 

ағымдағы операция шығады. 



Контексті  –  тәуелді  меню    деп  пайдаланушы  қолданатын  ең  кӛп  кездесетін 

командаларға  қатынас  жасайтын,  тышқанмен  кез  келген  жерде  шақырылатын  менюді 

атаймыз.  Оны  контексті  –  тәуелді  деп  атау  себебі,  тышқан  қай  обьектіні  кӛрсетсе  сол 

обьектімен жүргізілетін әрекеттер тізімі шақырылады. 

Word  игеретін  ақпараттық  анықтамаларға  тоқталу  керек.  Анықтаманы  шақыру 

берілген қосымша үшін Mіcrosoft жүйесін шақырады. 

Программа  жайындағы  және  Mіcrosoft  фирмасының  пайдаланушыларының  жүйесі 

жайлы және техникасы жайлы   барлық ақпаратты Mіcrosoft Word-қа хабарлайды. 

Ӛзіндік 

мүмкіндік 

бере 

отырып 


мәтіндік 

редактор 

секретар 

жұмыс 


автоматтандырады. 

Сериялық құжат құру этаптары үш этаптан тұрады: 

1.

 

Құжаттың ӛзгермейтін  бӛлігін кӛрсететін, шаблонды файл құру 



2.

 

Берілген құжаттың ӛзгеретін  бӛлігін сақтау базасы болатын, деректер кӛзін құру 



3.

 

Дайын құжаттарды біріктігу 



Шаблон  –  бұл  сырт  беті  бір  біріне  ұқсас  және  кӛп  кӛлемде  құрылатын  құжат  үшін 

арналған негіз. 

Шаблонды құжат құру үшін құрудың екі түрін қолдануға болады: 

1.

 



Кейінірек  құжат  шаблонына  қойылатын  стилдер  жиынын  қалдыру  арқылы. 

(Формат-Стиль) 

2.

 

Ескі құжат негізі арқылы. 



Деректер  кӛзі  СЕРВИС  менюінде  болатын  СЛИЯНИЕ  командасының  кӛмегімен 

құрылады. Деректер кӛзі кішірек деректер базасы болып кӛрінеді. 

Сериялы  құжаттарда  сервистік  функцияларды  қолдану  үшін,  соның  ішінде  жиі 

кезесетін мәтіндерді қою үшін сервистік функциялардың бірінің арнайы кодын кӛрсететін, 

қойылым  полелерін  қолдана  отырып  істеуге  болады.  Ондай  кодтарды  шақыру  үшін 

Ctrl+F9  басқыштарының  комбинациясы  қолданылады.  Функция  коды  экран  бетінен 

шығатын  фигуралы  жақша  жұбына  жазылады.  Кодты  ӛңдеу  үшін  курсорды  фигуралы 

жақшаның ішіне орналастырып F9 басқышын басу керек.    



 

 MS Word мәтіндік редакторында кесте құру.  Кестені форматтау. Формулалар 

редакторы. 

Ғылым-техникалық  құжаттарды  даярлағанда  математикалық  ӛрнектерді  мәтіндік 

құжатқа  енгізу  қажеттігі  үнемі  туындап  отырады.  Формулалар  редакторының  кӛмегімен 

терілетін объектілерге интегралдар, матрицалар, бӛлшектер, түбірлер, кӛпмүшеліктер,т.б. 

жатады.  Microsoft  Word  мәтіндік  процессорындағы  Microsoft  Equation  3.0  формулалар 

редакторы  формулалық  ӛрнектерді  құру  және  оларды  құжат  мәтініне  енгізуге  мүмкіндік 

береді. 

Формулалар редакторын іске қосу және баптау. 

Формулалар  редакторын  іске  қосу  үшін    Кірістіру  (Вставка) 

Объект  командасы 

қолданылады.  Ашылған  Объектіні  кірістіру  (Вставка  объекта)  сұхбат  терезесінде 

Microsoft Equation 3.0 бӛлімін таңдап алу керек, сонда Формула басқару панелі ашылады. 


Сонымен  қатар  мәтіндік  процессордың  меню  жолы  формулалар  редакторының  меню 

жолымен ауысады. 

Формулалар  редакторын  қолданбас  бұрын,  оны  баптап  алу  керек,  яғни 

формулаларға  енетін  элементтер  үшін  әріптерді  тағайындау  қажет.  Баптау  Стиль 

Анықтау командасымен ашылған Стиль сұхбат терезесінің ішінде жүргізіледі. 

Стиль міндетті түрде бапталады, онсыз формулалар редакторы жұмыс істемейді. 

Пішім 

Аралық  командасымен  ашылған  Пішім  сұхбат  терезесіне  кіріп  формулалар 



редакторын қосымша баптауға болады. 

Формулалар  редакторының  аспаптар  панелінде  екі  қатар  батырмасы  бар.  Тӛменгі 

қатардағы батырмалар ерекше үлгіні құруға арналған. Мысалы, жай бӛлшекті енгізу үшін 

екі ӛрістен: Алым және бӛлімнен тұратын үлгіні таңдап алу қажет. Ӛрістерден бір-біріне 

ӛту меңзерді басқару пернелерінің (←,↑,→,↓) кӛмегімен жүзеге асырылады. 

Формулаларды  енгізу  және  баспаға  шығару  [ESC]  пернесін  басумен  аяқталады  (немесе 

формулалар  редакторын  жапса  болғаны).  Терілген  Формула  автоматты  түрде  құжатқа 

кірістіріледі.    Бұдан  былай  осы  формуланы  алмасу  буфері  арқылы  құжаттың  кез-келген 

жеріне орналастыруға болады . 

Формулалар редакторының ерекшеліктері

 

 



Microsoft  Equation  3.0  формулалар  редакторы  ӛзі  жеке  компонент 

болғандықтан,  мәтіндік  процессорды  жүктеген  кезде,  Microsoft  Equation  3.0-ді  қосу 

қажеттілігін арнайы кӛрсету қажет. 

Формулалар  мен  ӛрнектерді  енгізген  кезде  орыс  немесе  қазақ  алфавиттерінің 

символдарын  пайдалануға  болмайды.  Егер  оларды  енгізу  қажеттілігі  туса,  оларға  Мәтін 

стилін тағайындау арқылы енгізеді. 

Формулалар  редакторында  Бос  орын  пернесі  жұмыс  істемейді,  символдардың 

арасында автоматты түрде <бос орын> қойылады. 

Word редакторы пернетақтада жоқ символдарды терілетін математикалық ӛрнекке 

және  формулаларға  кірістіре  алады.  Ол  үшін  курсорды  символ  кірістірілетін  жерге 

орналастырып, Кірістіру – Символ командасын беріп, шыққан терезеден қажетті символы 

таңдап, Кірістіру батырмасын басу керек. 

Мәтіндік  редакторында  жұмыс  істеу  барысында  реттелген  ақпаратты  жиі 

пайдаланамыз.    Кестелердің  ішінде  ақпараттарды  қабылдауды  жақсартуға  арналған 

графиктік кескіндер де тұруы мүмкін. 

Microsoft Word мәтіндік редакторы баспа және электрондық құжат үшін кесте құру 

құралдарымен жабдықталған. Кесте құрудың негізгі үш құралы: 

Стандартты  аспаптар  панеліндегі  Кесте Кестені  қосу  батырмасы;  Баған  саны  мен  жол 

санын енгізіп ОК түймесін басу. 

Кестені кірістіру сұхбат терезесі (Кесте Кірістіру Кесте); 

Кестелер мен шекаралар кесте салу құралы (Кесте Кестені салу).  

 

 



Бақылау сұрақтары 

Формулалар редакторын қолданып формулалар жазыңыз. 

Құралдар панелінің құрамын ӛзгертіңіз. 

Графикалық суретті енгізіп, оны пішімдеңіз. 

Терілген мәтінге автомәтінді қолданып кӛріңіз. 

Мәтіннің  қаріпін, жазылуын, пішімін, түсін ӛзгертіңіз. 

Word мүмкіндіктерін пайдалана отырып, шақыру билетін дайындаңыз. 

Құжатқа суретті енгізіп, оны мәтінге кірістіріңіз. 

Формулалар редакторының ерекшеліктері. 

 

 



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет