Бірінші қалыпты форма
Егер қатынастар атрибуттары қарапайым болса (бӛлінбейтін) , онда қатынас,
қалыпты немесе бірінші қалыпты түрге келтірілген деп аталады. Қатынастарды бірінші
қалыпты формаға түрлендіру реквизиттер (ӛрістер) санының ӛсуіне және кілттің ӛзгеруіне
әкеліп соғады.
Мысалы, мына қатынас Студент = (Номері, Фамилиясы, Аты, Әкесінің аты, Күні,
Группасы) бірінші қалыпты формада.
Екінші қалыпты форма
Қатынастарды екінші қалыпты формаға келтіру үшін ең алдымен функциональдық
тәуелділік және толық ұғымдарын түсіндіре кетейік. Ақпараттар обьектісінің сипатталған
реквизиттері олардың барлығына ортақ кілтпен логикалық байланыста. Бұл байланыс
реквизиттердің функциональдық тәуелділігі деп аталады.
Реквизиттердің функциональды тәуелділіктері – ол ақпараттар обьектісінің бір
данасындағы кілттік реквизиттің бір мәніне сипатталатын реквизиттің тек бір мәні сәйекес
келетін тәуелділік. Функциональдық тәуелділіктің мұндай анықтамасы пәндік аумақтың
реквизиттерінің барлық байланыстарын талдағанда ӛзіндік ақпараттық обьектіге бӛліп
қарауға мүмкіндік береді.
Толық функциональды тәуелділік – ол кілттік емес атрибуттар тәуелділігі. Бұл
жағдайда әр кілттік емес атрибут кілттен функционалбды түрде тәуелді болады, бірақ
құрамды кілттің ешқандай бӛлігінен функционалбды түрде тәуелді емес. Қатынас екінші
қалыпты формада мына жағдайда болады: егер ол бірінші қалыпты формада болса және
әрбір кілттік емес атрибут құрамы кілттен функциональды тәуелді түрдеболса.
Үшінші қалыпты форма
Үшінші қалыпты форма ұғымы транзитивті емес тәуелділік ұғымына негізделеді.
Транзитивті тәуелділік мына жағдайларда байқалады: егер сипатталатын реквизиттің
екеуінің бірі кілттен тәуелді болса, ал екіншісі бірінші сипатталған реквизиттен тәуелді
болса.Егер қатынас екінші қалыпты формада болса және әр кілттік емес атрибут бірінші
кілттен транзитивті емес тәуелділікте болса. Сипатталатын реквизиттердің транзитивті
тәуелділігін алып таста уүшін бастапқа ақпараттық обьектілердің ―бӛлу‖-ін орындау
қажет. Соның нәтижесінде реквизиттердің бір бӛлігі бастапқы ақпараттық обьектілерге
бӛлінеді және басқа ақпараттық обьектілердің құрамына (мүмкін жаңадан құрылған)
енеді.
Мәліметтер қорын құру. Кестелер арасында байланыс орнату. Форма және Сұрау
құру.
ДҚ-да негізгі кестелер құрылғаннан кейін, олар бір-бірімен қалай байланысқанын
кӛрсету керек. Бұл байланыстарды Access сұратуда, пішінді және есепте, бірнеше
кестеден ақпаратты жинағанда қолданылады. Кестелер арасында байланыстың болуы ДҚ-
да деректің тұтастығын қорғауды қамтамасыз етеді.
Біреуі басты /главная/, ал екіншісі бағынышты /подчиненная/ болатын екі кесте
арасында байланыс орнату үшін, бұл кестелердің жазбалары арасында сәйкестік
орнатылады.
Байланыс орнату үшін басты кестеде, мәндер жиыны жазбаны анықтайтын
/бірегейлі болу/ ӛріс немесе ӛрістер жинағы таңдалады, бірақ оның бірегейлі /уникальный/
индексі болса жеткілікті. Оған сәйкес Сыртқы түиін деп аталатын бағынышты кестенің
ӛрісі қойылады. Жазбалар арасындағы байланыс, байланыс ӛрісінде мәндердің сәйкес
келуі бойынша орнатылады. Access басты кестенің кез-келген жазбасының байланыс ӛріс
мәнін тексеріп, сыртқы түйіннің осындай мәні бар бағынышты кестенің барлық
жазбаларымен байланыстырады.
Байланыс ӛрістің әртүрлі аты болу мүмкін, бірақ онда бірдей деректер типі және
біртипті құрама болуы керек. Бұл қағидаға жатпайтын: Счетчик түрдегі ӛрісті Ӛріс кӛлемі
қасиетінде «Үзын бүтін» /Длинное целое/ мәні бар сандық ӛріспен байланыстыруға
болады.
Мысалы, студенттер және олардың алған бағалары туралы ақпарат алу үшін Студенттер
және Сессия кестелерінде Студент коды ӛрісі бойынша байланысты анықтау керек. Бұл
байланыста басты кесте-Студенттер, ал бағынышты кесте-сессия болады.
Басты кестеде студент туралы берілген әрбір жазбаға-бағынышты кестеден бірнеше
жазбалар-оның бағалары туралы ақпарат сәйкес келеді. Сессия кестесінде Студент коды
ӛрісі сыртқы түйін болып табылады.
КЕСТЕЛЕР АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС ТҮРЛЕРІ
1. « Жалпыға-бір » байланыс түрі.
Жоғарыда айтылған Студенттер және сессия кестелері арасындағы байланыс- «
Жалпыға-бір » байланыс түріне мысал болады. Бұл кӛп таралған байланыс түрі. Мұндай
байланыс түрінде басты кестедегі әр жазбаға бағынышты кестедегі бір немесе бірнеше
жазба сәйкес келуі немесе бірде-бір жазба сәйкес келмеуі мүмкін, ал бағынышты кестедегі
әр жазбаға сәйкес болатын, басты кестедегі жазба саны бірден аспайды. Егер бағынышты
кестедегі жазбаға сәйкес жазба болмаса, онда мұндай жазбада байланыс ӛрісінің мәні бос
болуы керек.
2.« Бірге-бір » байланыс түрі.
«Бірге-бір» байланыс түрінде бастыкестедегі әр жазбаға сәйкес келетін бағынышты
кестедегі жазба саны бірден аспайды және керісінше бағынышты кестедегі әр жазбаға
сәйкес келетін басты кестедегі жазба саны бірден аспайды. Алдыңғы жағдайдағы сияқты
бағынышты кестедегі жазбаға сәйкес келетін басты кестеде жазба болмаса, онда мұндай
жазбада байланыс ӛрісінің мәні бос болуы, керек. Мұндай байланыс түрі аз қолданылады,
ӛйткені мұндай деректер бір кестеде орналастырылуы мүмкін. «Бірге-бір» түрдегі
байланысты әдетте, кӛп ӛрісі бар кестелерді бӛлу үшін және басты кестедегі жазбалар
жиынына жататын мәліметтерді сақтау үшін қолданылады. Мысалы, мұндай байланыс
түрі Студенттер және Жатақхана кестелері арасында байланыс орнатуда қолданылады.
3.« Жалпыға -жалпыға » байланыс түрі.
Кейде кестелер арасында байланыс орнатуда, олардың арасында бір кестедегі кез-келген
жазбаға екінші кестедегі бірнеше жазбалар сәйкес келуі мүмкін болғандықтан, «басты-
бағынышты» қатынасын орнатуға болмайтын жағдай болуы мүмкін. Ондай жағдайға
Студенттер және Мүғалімдер кестелері мысал бола алад, ӛйткені әр бір студент бірнеше
мұғалімге емтихан тапсырады, ал әр мүғалім бірнеше студенттен емтихан қабылдайды.
Сондықтан мұндай кестелер арасында жоғарыда айтылған байланыстардың бірде біреуін
орнатуға бодмайды. Бұл « Жалпыға-жалпы » байланыс түріне мысал болады. Access
мұндайбайланыс түрін қолдамайды. Бірақ мұндай байланысты үшінші кесте кӛмегімен,екі
« Жалпыға-бір » байланыс түрі ретінде жүзеге асыруға болады. Деканат ДҚ-да осындай
байланыстыратын кесте ретінде Сессия кестесі қолданылады. Ол Студенттер кестесімен
Студент коды ӛрісі бойынша байланысады және Мүғалімдер кестесімен Мүғалімдер коды
ӛрісі бойынша байланысады.
Бұл байланыстар орнатылғаннан кейін сәйкес сұратулар кӛмегімен берілген
мүғалім қай студенттен емтихан қабылдағанын немесе берілген студент қай мұғалімге
емтихан тапсырғанын оңай анықтауға болады.
БАЙЛАНЫСТАРДЫ ОРНАТУ
Кестелер арасында байланысты орнату үшін ДҚ терезесіне оралып, барлық ашық
кестелерді жауып, Саймандар тақтасындағы деректер схемасын басу керек немесе
тышқанның оң батырмасы арқылы контексті шақырып деректер схемасын пунктін таңдау
керек. Егер ДҚ байланысбірінші рет анықталып жатқан болса, онда бос деректерсхемасы
терезесі ашылады. Бұл терезеге байланыс орнатылып кестелерді қосу керек. Кестелерді
қосу үшін деректер схемасы терезесін тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы
контексті шақырамыз, ондағы кестені қосу пунктін таңдау керек. ДҚ кестелер тізімінен
туратын кестенің қосылуы сұқбат терезесі ашылады. Кестені қосу үшін оның атын шертіп
сосын қосу /добавить/ түймесін шерту керек. Барлық кестелер алынғаннан кейін бұл
терезені жауып, деректер схемасы терезесіне оралу керек. Кестенің қосылуы сұқбат
терезесі кестелерін сонымен қатар сұратуды қосуға мүмкіндік береді.
Кейде кестелер сұратулар арасында байланысты анықтау керек немесе Access бұл
объектілерді қалай дұрыс біріктіруін білу үшін тек сұратулар арасындағы байланысты
анықтау керек. Деректер схемасы терезесінде орналасатын кестелер арасындағы
байланысты анықтау үшін, тышқанның кӛмегіменбасты кестелердің байланыс ӛрісін
тасымалдап, оныбағынышты кестенің байланыс ӛрісіне орналастыру керек. Байланыс
сұқбат терезесі ашылады. Сол жақ бағанды басты кестенің аттары мен байланыс үшін
қолданылатын түйін шығарылады, ал оң жақ бағанды-бағынышты кестенің атымен
сыртқы түйіннің аты. ӛрісті
ДЕРЕКТЕРДІ СҰРЫПТАУ ЖӘНЕ ФИЛЬТРАЦИЯЛАУ
Кестедегі деректерді сұрыптау жазбалардың орналасу ретін ӛзгертуге мүмкіндік
береді. Бұл кезде кесте құрылымы ӛзгермейді. Сұрыптау мынадай жағдайларда
қолданылады: мысалы, жұмысшылардың тізімін алфавит бойынша, жасы немесе айлығы
бойынша келтірілген түрде беру керек біолғанда. Сұрыпталу кестенің барлық
жазбаларына бірдей тиісті.
Жеке баған бойынша сұрыптау үшін, кесте режимінде онда тышқан курсорын
орнатып, осу бойынша /А-дан Я-ға дейін / немесе кему бойынша
/ Я-дан А-ға дейін / командасын Жазбалар / Записи / менюін таңдау жеткілікті. Бұл
командаларды сонымен қатар ӛсу бойынша сұрыптау, кему бойынша сұрыптау
түймелерін қолданып орындауға болады.
Егер жанында тұрған бағандар тобын сұрыптау керек болса,осы бағандар тобының
барлығы белгіленіп, Сұрыптау командасы таңдалады. Ең сол жағында орналасқан
бағандар деректері алдымен сұрыпталады, сосын оң жақ кӛрші бағандар, т.б. Барлық
бағандар бір бағытта сұрыпталады. Мұндай сұрыпталу процедұрасы келеңсіз жағдайға
алып келеді, тек қана кӛрші бағандар сұрыпталады жәнебарлық сұрыпталу бір бағытта
жүреді. Егер бірінші қиындықты жеңсек / бағандарды кӛрші етіп қойып /
СҰРАТУДЫ ҚҰРУ.
Access сұрақтардың келесі түрлерін қолдануға мүмкіндік береді: Сұрату - таңдау.
Ақпаратты кестелерден және ДҚ - ның басқа сұратуларынан алу үшін қолданылады. Бұл
сұратуларды орындағанда Access таңдалған деректерден туратын жазбалардың
динамикалық жиынын құрады. Бұл жиынмен кӛп жагдайда жай кесте сияқты жұмыс
істеуге болады. Оны қарауға, редактреуге, қажет ақпаратты алуға және т. б. Болады. Бірақ
кестеден айырмашылығы динамикалық жиын деректер қорында физикалық түрде
болмайды және ӘВМ жананда тек сұратулар. Орындалып жатқанда сақталады.
Динамикалық жиынның ӛрістерде деректерді ӛзгердуде, Access әдетте автоматты түрде
кестеге жасаған ӛзгертулерді енгізелі.
Айқастырылған сұрату. Сұрату берілген шарттар негізінде деректерді әлектронды
кестеге үқсас форматта кӛрсетеді. Оның кӛмегімен үлкен кӛлемді топтауға және түсінуге
келетін түрде оны кӛрсетуге болады. Сұратудың бұл түрі әдетте диаграмма қүрганда қо л
даны лады.
Ӛзгертуге страду. Бір операцияда кӛрсетілген таңдау шарты негізінде жазбаларды
таңдайды және оларға ӛзгертулер енгізеді. ӛзгертуге сұратудың тӛрт түрі бар:
• Қосуга сұрату - бір кестеден екінші кестеге жазбалар тобын косады.
• Жоюга сұрату - бір немесе бірнеше кестеден жазбалар тобын жоюга мүмкіндік береді.
• Жаңартуга сұрату - бір немесе бірнеше кестедегі жазбалар тобына ӛзгерестер
енгізеді.
• Кестеде цұруга сұрады - ДҚ - ның басқа кестелерінің орналасатын деректер
негізінде кесте құруға мүмкіндік береді.
SQL сұрату - тек SQL кӛмегімен құруға болатын сұрату. Оның үш түрі бар:
• Бірікиіру сұрату - бірнеше кесте немесе сұратудан ӛрістерді бір деректер
жиынвша біріктіруге мүмкіндік береді.
• Серверге сұрату - жойылған деректер қорында SQL инструкциясын жібереді.
• Багындыратын сұрату - деректер қорының кестелерін немесе индекстерді құрады,
ӛзгертеді, жояды.
Дәріс 14
Тақырыбы: Қызметші программалар: архиваторлар, антивирустық программалар,
диагностика құралдары.
Windows-та файлдарды, бумаларды, дискілерді қысу (архивтеу) үшін түрлі қысу
программалары бар. Қазіргі кезде WinRar, Win Zip қысу программалары қолданыста.
Мысалы, ПГК-МИН бумасын дискетке кӛшіргенде симай қалды делік. Оны дискетке
сиғызу үшін архивтеп, сосын кӛшіру кекрек.
WinRar арқылы файлды архивтеу
1. Файлды немесе буманы таңдап, жанама мәзір ашу. Мысалы
бумасын архивтеу
үшін жанама мәзірді шақыру.
2. Кӛрінген мәзірден Add to “ПГК-МИН.rar” пунктін шерту.
3. Буманың аты ӛзгерместен архивтеліп
түріне енеді де, таңдалған буманың
маңына орналасады.
Архивті ашу
1. Архивтелген буманы таңдап, жанама мәзірді ашу.
2. Мәзірден Extract to ПГК-МИН\ пунктін таңдау.
3. Архивтелген буманың аты ӛзгерместен бейархивтеліп
түріне енеді де,
таңдалған архивтелген буманың маңына орналасады
Windows жүйесі – графиктік орта болғандықтан, мұнда кез келген программадан мәтінді
баспаға шығармастан бұрын, ең алдымен принтерді жұмысқа алдын ала баптап алған жӛн.
Ол үшін мынадай іс-әрекеттер тізбегі орындалуы тиіс.
Компьютерлік вирустар және олардың түрлері.
Вирустардан қорғану
1.
Компьютерлік вирустар;
2.
Компьютерге вирус жұққандығының негізгі белгілері;
3.
Компьютерлік вирустардың жіктелуі;
4.
Антивирустық программалардың түрлері және олардың негізгі мүмкіндіктері;
5.
Компьютерді вирус жұқтырудан сақтау тәсілдері.
1. Компьютерлік вирустар Компьютерлік вирустар – өз кӛшірме-лерін жасап, соларды
компьютерлік жүйелер мен желілердегі әртүрлі объек-тілерге жасырын енгізіп,
тұтынушыға білдірмей әртүрлі жымысқы әрекеттер жасайтын программалар тобы. Сол
кӛшірмелер ары қарай да жылдам кӛбейе отырып, таралу қасиетін сақтайды.
Компьютерлік вирустар ЭЕМ ішінде пайда болып, нақты тіршілік жасайтын
микроорганизмдер емес. Оларды басқаларға қасақана зиянкестік жасау үшін
программалардың дұрыс орындалуына кесірін тизізу мақсатында әдейілеп жазатын
адамдар бар. Ондай программаларды қырсық қиқарлар (кракер-вандалдар) жасайды.
Ішіне вирус еніп кеткен программаны ―залалданған‖ немесе инфекциясы бар
программа деп атайды.
Инфекциясы бар ―науқас‖ программа орындала бастағанда, алдымен вирус жұмысқа
кіріседі. Содан вирус басқа программаларға да жұға бастайды да, ӛзінің жоспар-ланған
зиянды әрекеттерін атқаруға кіріседі.
Вирус ӛз әрекеттерін сездірмес үшін бірден белсенділік танытпай, мынадай шарттардың
орындалуын күтеді:
- белгілі бір уақыт кезеңі ӛту тиіс;
- операциялардың нақты бір саны орындалуы қажет;
- белгілі бір күн-ай мерзімі немесе аптаның нақты бір күні келуі керек, т.с.с.
Вирусқа қарсы жазылған программалардың көптігіне қарамастан, вирустар саны
күннен-күнге көбейіп жатыр.
Компьютерге вирус жұққандығының негізгі белгілері
•
Кейбір программалардың жұмыс істеуінің баяулауы;
•
Файлдар кӛлемінің үлкеюі (әсіресе программалар);
•
Бұрын болмаған кездейсоқ файлдардың пайда болуы;
•
Пайдаланылатын жедел жад кӛлемінің кішіреюі (әдеттегі режиммен
салыстырғанда);
•
Кенеттен пайда болатын әртүрлі бейнелік және дыбыстық эффектілер;
•
Операциялық жүйе жұмысынан қателіктер шығуы (оның кенеттен тұрып қалуы);
•
Дискілерге мәлімет жазылмайтын кезде оған информацияның жазыла бастауы;
•
Бұрын жұмыс істеп тұрған программаның тоқтап қалуы немесе үздіксіз жұмыс
істеп тоқтамай кетуі;
•
Белгісіз адамдардан (компьютерлерден) электрондық хатпен бірге орындалатын
программа-ның келіп түсуі т.с.с.
Алғашқы рет вирустар проблемасына кӛңіл бӛлген Фред Коэннің (F. Cohen)
«Компьютерлік вирустар, теориясы мен эксперименті» деген 1983 жылы шыққан кітабы
болды.
Вирустардың таралуы жӛнінде тұңғыш экспериментті де Ф. Коэн 1983 ж. 10 қыркүйекте
Оңтүстік Калифорния Университетіндегі қауіпсіздік семинары кезінде ӛткізді.
Алғашқы рет вирустар проблемасына кӛңіл бӛлген Фред Коэннің (F. Cohen)
«Компьютерлік вирустар, теориясы мен эксперименті» деген 1983 жылы шыққан
кітабы болды.
Вирустардың таралуы жӛнінде тұңғыш экспериментті де Ф. Коэн 1983 ж. 10 қыркүйекте
Оңтүстік Калифорния Университетіндегі қауіпсіздік семинары кезінде ӛткізді.
Сол кездерде алғаш рет вирустардың желі бойынша бақылауға кӛнбейтін таралу
құбылысы үлкен қоғамдық толғаныс туғызды. Ол 1988 ж. 2 қарашада Корнель
университетінің соңғы курсы студенті Роберт Таппан Моррис желі бойынша таратқан
вирустық программа кесірінен болды. Соның салдарынан 6200 компью-тер тоқтап қалып,
яғни желіге қосылған машиналардың 7,3 % -ы істен шықты
Компьютерлік вирустардың жіктелуі (топтарға бөлінуі)
Вирустарды мынадай белгілеріне қарап топтарға (кластарға) бӛлуге болады:
•
Таралу ортасы бойынша;
•
Жұғу тәсілі бойынша;
•
Зиянкестік әрекетінің деңгейіне қарай немесе залалдық қасиетіне байланысты;
•
Алгоритм ерекшелігіне қарай;
•
Кӛлемінің тұрақтылығына байланысты.
Таралу ортасына қарай
Желі вирустары –компьютерлік желі бойынша таралады. Оның мысалы ретінде
Melissa атты вирусты келтіруге болады.
Файлдық вирустар – com және exe типті бірден атқарылатын командалық
файлдарға жұғып тарайды. Осы топқа макрокомандалар арқылы жазылатын макро-
вирустар да жатады. Олар Word, Excel тәрізді программаларда дайындалған
орындалмайтын мәтіндік немесе кестелік файлдарға жұғады.
Жүктелетін вирустар (Загрузочные) - дискінің жүктелу секторына (Boot-сектор)
немесе винчестердің жүйелік секторына (Master Boot Record – MBR) жабысатын
вирустар. Кейбіреулері ӛз мәліметін дискінің бос секторларына оларды FAT- кестеге
мәлімет жазылмайтын ақаулы аймақ (Bad Claster) тәрізді етіп белгілеп жазып кетеді.
Файлдық-жүктелу вирустары - файлдарды да, дискінің жүктелу секторларын да
бүлдіреді. Бұлар кӛбінесе күрделі алгоритммен жұмыс істеп, жылдам зиян тигізеді.
Компаньон-вирустар (companion) – бұлар файлды ӛзгертпейді, бірақ EXE-
файлдар үшін СОМ типтес қосалқы серіктес файл құрады. Мысалы, XCOPY.EXE файлы
үшін XCOPY.COM файлын жасайды. Осы файл іске қосыларда алдымен вирус серігі
жұмысқа кірісіп, бүлдіру істерін жүргізеді, тек соңында барып негізгі файл жұмысқа
кіріседі.
Паразиттік вирустар – ӛз кӛшірмелерін тарату барысында диск секторларын
немесе файлдарды міндетті түрде ӛзгертеді. Бұл топқа «компаньон-вирустар» мен
«құрттар» тобына қосылмайтын барлық вирустар жатады
Репликаторлар немесе құрт-вирустар (worm) компаньон-вирустар сияқты
компьютерлік желі бойынша таралып, файлдар мен дискілерге тимейді. Олар компьютер
жадындағы басқа компьютерлердің адрестерін тауып, соларға ӛз кӛшірметерін жібереді.
Құрт-вирустар желілердің мәлімет тасымалдау қабілетін азайтып, сервердің (желідегі
негізгі компьютер) жұмыс ӛнімділігін тӛмендетеді. Репликаторлар басқа файлдарға
тиіспей, ӛз вирустары арқылы ӛздігінен кӛбейеді. Ӛткен ғасырдың 80-ж. аяғында «Моррис
құрты» деп аталатын желілік вирус АҚШ- тың ғаламдық бірнеше желілерінің жұмысын
тоқтатты.
Көрінбейтін вирустар (стелс – Stealth) немесе тығылатын вирустар – бұлардың
компьютерде ӛздерінің бар екендігін білдірмейтін мүмкіндіктері бар.. Стелс-вирустарды
тауып алу қиын, ӛйткені олар операциялық жүйе жұмысына бүлінген файлдарды немесе
диск секторларын білдірмей араластырып, сол сәттерде әлі бүлінбеген мәліметтерді
«ӛңдеуге» кірісіп жатады.
Полиморфтық вирустар (polymorphic) деп неше түрлі айла жасап, ӛздерін
жасырып кӛрсетпеуге тырысатын вирустар тобын айтады. Полиморфтық вирустар (
полиморфиктер, елес-вирустар (призраки), мутант-вирустар) – оңайлықпен
табылмайтын вирустар, ӛйткені олардың құрамында толық қайталанатын кодтар
болмайды. Мұндай тәсіл алгоритмді ӛзгертпей, бірақ оларды табуды қиындататын бос
командаларды (қоқысты) кӛптеп қосу арқылы іске асырылады.
Полиморфтық вирустар ішіндегі ең кӛп тарағаны OneHalf деген вирус.
Макровирустар мәліметтерді ӛңдеу жүйелеріндегі (мәтіндік редакторлар және
электрондық кестелер) макрокомандалар мүмкіндіктерін кең пайдаланады. Қазіргі кезде
MS Word пен Ms Excel құжаттарын бүлдіретін макровирустар кең таралған.
Троян программасы керекті программа қасына жасырынып, біртіндеп ӛзінің
бүлдіру-құрту істерін (мысалы, FAT-кестесін) ӛте сақ ептілікпен жүргізеді және
компьютердегі құпия мәліметтерді таратумен айналысады. Троян программаларының
басқа вирустар сияқты ӛздігінен кӛбейетін қасиеті жоқ.
Троян программасы кӛбінесе сатылатын немесе ӛте қажет программаларға жабысып
таралады. Оны «троян аты» деп те айтады.
Көлеміне байланысты
Біртұтас (монолит) вирустық программаны ол ауру жұққызғаннан кейін компьютер
жадынан толық, әрі тұтас күйінде тауып алуға болады.
Таралып орналасатын шашыраңқы вирус программасы бірнеше бӛліктерге бӛлініп
тұрады. Оның құрамында вирус жасау мақсатында қалай біріктірілетінін компьютерге
нұсқайтын бӛлігі де болады. Сонымен, бұл вирус шашыраңқы күйде бӛлініп сақталып
тұрады да, тек аз уақытқа ғана бірігіп зияндық әрекетін істеп үлгіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |