ЖСТД мәселесін зерттеуінде қазіргі кездегі көзқарас.
Жалпы сөйлеу тілі дамымауы (ЖСТД) – сөйлеу тілінің күрделі бұзылуы. Бұл кемістікте ақыл ойы және есту қабілеті қалыпты балалардың сөйлеу тілінің барлық компоненттерінің қалыптасуының бұзылуы (фонетика, лексика, грамматика). Бұл бұзылыс тұрақтылығымен сипатталады және түзету жұмысында арнайы тәсілдерді қолдануды талап етеді. Аталған кемістік сөйлеу тілінің мүлдем жоқ болуынан толық дамуына дейінгі деңгейде болуы мүмкін, бірақ фонетикалық және лексикалық-грамматикалық дамымаудың нышаны сақталады.
ЖСТД пайда болу себептерін анықтау қиынға соғады. Ол ЖСТД сөйлеу тіл ауытқуларының бірдей белгілерімен бірлескен әр түрлі клиникалық түрлерінен құрылғанына байланысты.
ЖСТД зерттеушілер әр түрлі аспектіде қарастырады: психологиялық- педагогикалық жағынан Р.Е. Левина, психологиялық –лингвистикалық жағынан В.К. Ушинская, ал медициналық–педагогикалық жағынан С.С. Ляпидевский, физиологиялық жағынан Н.Н. Трауготт, клиникалық жағынан Ю.Я. Флоренская зерттеулер жүргізген. Дефектология Ғылыми Зерттеу институтінің жалпы тіл дамымауының себептерін анықтауға бағытталған зерттеу жұмыстарының нәтижесінде бұзылыстың үш тобы анықталды: орталық нерв жүйесінің жергілікті зақымдалмауы; моторлы алалия және алалия белгілері; дизартриямен үйлескен ЖСТД (Е.М. Мастюкова. Дефекты речи и их происхождение, 1985). Қазіргі кезде жалпы сөйлеу тіл дамымауын талдауында сөйлеу тілі бұзылуының медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік негіздерін ескеруін қажет етеді.
3
|
|