Дәрістер тезистері сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балаларды түзете-оқыту жұмысы


ЖСТД 3 денгейіндегі түзету жұмысының мазмұны



бет8/10
Дата19.04.2022
өлшемі29,71 Kb.
#31489
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
лекции (2)

ЖСТД 3 денгейіндегі түзету жұмысының мазмұны.

Оқытудың төртінші кезеңі – бірнеше сөзден құралған сөйлем.

Логопедиялық ықпал етудің негізгі міндеттері: балаларды 3-5 сөзден тұратын грамматикалық дұрыс сөйлем құрастыруға үйрету, кейбір зат есімдермен етістіктерден өз бетінше сөз өзгертуге үйрету, байланыстырып сөйлеу тілінің қарапайым дағдыларын қалыптастыру.

Бұл кезеңде 3-4 сөзден сөйлем құрай алатын балалармен жұмыс жүргізіледі. Баланың сөйлеу тілінде бастауыш (жақтың немесе заттың аталуы) баяндауышпен (үшінші жақтың жекеше және көпше түрінде байланысқан сөйлемдер болады.

Төртінші кезең бойынша логопедиялық жұмыс балалардың қарапайым тұрмыстық- әңгіме сөйлеу тілін менгеруге бағытталған, атап айтқанда олардың сөйлеу тілі коммуникативті қызметте болуы тиіс.

Балалар зат есімдерді жекеше және көпше түрде өзгерте білуге, сонымен бірге бұрыннан таныс жеке етістіктерді жекеше және көпше түрге жақ бойынша өзгертуге үйренулері қажет. Үш және кейбір төрт буынды сөздердің буындық құрылымын менгеруі қажет. Дыбыс айтуында ысқырық, ызың, аффрикат, сонорлы дыбыстары қалыптаспаған күйде қалады.

Оқытудың бесінші кезеңі – сөйлем көлемінің кеңеюі. Күрделі сөйлем.

Логопедиялық ықпал етудің негізгі міндеттері: балаларды аралас- құрмалас және сабақтас –құрмалас сөйлемдерді құрастыруға үйрету, сөз өзгерту бойынша жұмысты жалғастыру, есімдіктер және сын есімдерді зат есімдермен байланыстыруды үйрету.

Бесінші кезеңнің аяғында балалар грамматикалық дұрыс құрылымды сөйлеу тілін менгерулері керек.

ЖСТД бар балалармен жүргізілетін жұмыстың негізгі міндеті – балаларды өз ойын грамматикалық, фонетикалық дұрыс жеткізу болып табылады.

Байланыстырып сөйлеун дамыту жұмысы келесі бағытта жүргізіледі: сөздік қорын молайту, мазмұнын айтып беруді және әңгімені ойдан шығарып айтуды үйрету, тақпақтарды жаттау, жұмбақтарды шешу.

Бұл кезеңдегі жұмыс жай ауызша сөйлеу тілі дамыған балалармен жүргізіледі.

Аталған түзету жұмысының бағыттары бір бірімен байланысты болады.


9



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет