Дәрістер тезистері сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балаларды түзете-оқыту жұмысы


ЖСТД 1 денгейіндегі түзету жұмысының мазмұны



бет6/10
Дата19.04.2022
өлшемі29,71 Kb.
#31489
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
лекции (2)

ЖСТД 1 денгейіндегі түзету жұмысының мазмұны.

Ауызша сөйлеу тілін кезеңмен қалыптастыру негізінде балаларды әр түрлі сөйлемдерді құрастыруды үйрету жатыр. Сөйлем түрлері күрделене түседі.



Оқытудың бірінші кезеңі – бір сөзді сөйлем. Аморфті сөз–түбірінен сөйлем деп аталады. Логопедиялық ықпалдың негізгі міндеті: балалрдың еліктеуші сөздік әрекетін кез-келген дыбыстық көрініс түрінде шығары, сөйлеу тілін көлемін кеңейту.

Бірінші денгейдегі балалардың белсенді сөйлеу тілі бөлек сөздерден тұрады: балаға жақын адамдардың аты, дыбысқа еліктеу, сөз үзінділерінен («ма» немесе «мама», «би-би» - машина, «ав» - ит,т.б.). Сөйлемейтін балалардың белсенді сөз қорында 10 сөз, кейде 25-27 сөз бірліктері бар болады.

Бір сөзді сөйлем- балаланың сөйлеу тілі дамуының қалыпты дамуындағы, сондай-ақ сөйлеу тілі бұзылысының барлық түріндегі бастапқы пунк болып табылады.

Сөйлемейтін балалармен жүргізілетін логопедиялық сабаққа жалпы нұсқаулар: сабақты жеке түрде, болмаса шағын топпен өткізген жөн. бала саны 3 аспау керек. Сабақтың негізгі түрі – ойын.

Осы кезде баланың сөйлеу әрекетінің кезгелген түрін мадақтау керек. Баланы сөзді қайталауға, айтуға зорламаған дұрыс.Сонымен қатар баланың өзі құрастырған аморфты сөздерді (мысалы, машина – «ши») ересектерге қайталауға болмайды. Бала қоршаған ортада үнемі дұрыс айтылған сөз және сөйлемдерді есту керек.

Логопедиялық жұмыстың қорытындысы: ауызша сөйлеу тілін қалыптастыруда балалар затты және қимылды оның ауызша белгіленуімен сәйкестендіре білу керек. Еңжар сөз қоры бала жиі көретін заттардың атауларынан, өзі немесе оған таныс адамдардың жиі жасайтын әрекеттерінен құрылу керек. Балада улкендердің сөзіне еліктеу қажеттілігі туу керек.



7



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет