ЖСТД балаларды тексеру.
Сөйлеу тіліндегі ақаулықтарды дұрыс түсініп және тиімді ықпал жасау үшін оны жоюдың ең ұтымды және үнемді жолын таңдау керек.
ЖСТД бар балаларды тексеру келесі принциптерге негізделген: кешенді, жанжақтылық, (сөйлеу тілінің барлық компоненттерін тексеру), жүйелі және динамикалық
Сөйлеу тілін тексеру түрлері: үстіртін тексеру (сыныпта, топта өткізіледі), тереңдетіп тексеру (әр баланы логопедиялық принциптерге сүйене отырып жеке, тереңдетіп тексеру).
Логопедиялық тексеруді ұйымдастыру барысында логопедтің жұмысы анамнез жинаудан басталады (жалпы және сөйлеу анамнезі, баланың ерте жастағы психомоторлы дамуының көрсеткіштері). Сөйлеу анамнезімен танысқан кезде баланың уілдеуі, білдірі, алғашқы сөзі шыққан кезін анықтаған өте маңызды. Сонымен қатар сөйлеу тілінің дамыу қалай өтті, дамуында үзіліс болдыма, оның себептерін анықтаған жөн. Тіл бұзылысы қашан анықталды, логопедтің сабағына қатыстыма, оның ұзақтылығы, нәтижесі
Баламен алғашқы кездесудің негізгі мақсаты онымен жақын қарым-қатынас орнату болып табылады. Онсыз логопедтің жұмысы алға баспайды.
Ауызша сөйлеу тілінің жағдайын анықтау үшін баланың сөйлеу тілінің сенсомоторлы деңгейін, сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысын, сөздік қорының денгейін және сөзжасам , байланыстырып сөйлеу дағдыларын тексеру қажет.
Сөйлеу тілінің сенсомоторлы деңгейін тексеру барысында фонематикалық қабылдауын, артикуляциялық моторикасын, дыбыс айту қабілетін, сөздің дыбыстық-буындық құрылысын тексеру жүзеге асырылады.
Баланы тексеру барысында сөйлеу тілінің дамуындағы анықталған барлық ауытқуларды жазып тіркейтін сөйлеу тілі картасы толтырылады. Ол әр тексерілген балаға олардың жас ерекшеліктері мен сөйлеу тілінің даму деңгейін ескере отырып толтырылады.
Бірінші денгейдегі балаларда тілдің мүлдем қалыптаспауы байқалады. Мұндай балаларды мақау деп атайды. Бала былдырлап сөйлейді, жеке дыбыстарға еліктейді, дыбыстық комплестер қолданады. Дыбыстардың айтуы қате, тұрақсыз болады. Сөз түсінігі төмен, сөздерді бірнеші рет қайталанған, таныс ситуацияда түсінеді. 1 денгей- ең күрделі денгей, сондықтан балаларды тексеруін ұйымдастыруына ерекше көңіл бөлу керек.
Тексеруге жататын сөйлеу тіл әректінің негізгі түрлері: сөйлеу тіл түсінуі, баланың белсенді сөз қоры, сөзге еліктеуі, артикуляциялық аппаратының қалпы.
Бақылауға жататын қосымша іс-әрекет түрлері: балалның ойыншықтармен іс-әрекеттері, көлемі, түсі, мөлшері, формасы бірдей заттарды сәйкестендіру, бөліктерден тұтастарды құра білуі (кесілген суреттер).
ЖСТД 2 денгейіндегі баланы тексеруге жататын сөйлеу тіл әректінің негізгі түрлері: сөйлеу тіл түсінуі, сөйлем көлемі және олардың грамматикалық өндеуі, сөз өзгерту мүмкіндігі, сөздің буындық құрылымы, дыбыс айтуы және артикуляциялық аппаратының қалпы.
Қосымша вербальды емес іс-әрекеті тексеріледі.
ЖСТД 3 денгейіндегі баланы тексеруге жататын сөйлеу тіл әректінің негізгі түрлері: сөздер бөлігінің көмегімен мағынаның өзгеруін түсіну, қолданатын сөйлем көлемі мен түрі, сюжетті сурет арқылы әңгіме құрастыра білу, оқылған мәтінді түсіну және мазмұнын айтып беру, сөз өзгерту, сөз тудыру және қарама-қарсы мағыналы сөздерді іріктеу, күрделі сөздердің буындық құрылымы, дыбыстық талдау денгейі, фонематикалық қабылдауының және артикуляциялық аппаратының калпы.Тексеруге жататын қосымша іс-әрекет түрлері: заттар мен құбылыстарды жалпылау денгейі, тұтас ситуацияны бөлшектері бойынша түсіну, уақытты бағдарлау (жыл, тәулік)Логопедиялық қорытынды баланы тексеру нәтижесін жанжақты талдау арқылы жасалады.
Қорытынды баланың сөйлеу тілі дамуының денгейін және сөйлеу тілі бұзылысының клиникалық түрін көрсетеді.
6
|
|