Дәрістер тезистері сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балаларды түзете-оқыту жұмысы


ЖСТД сипаттамасы. Сөйлеу тілінің дамымауының денгейлері, олардың сипаттамасы



бет3/10
Дата19.04.2022
өлшемі29,71 Kb.
#31489
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
лекции (2)

ЖСТД сипаттамасы. Сөйлеу тілінің дамымауының денгейлері, олардың сипаттамасы.

Р.Е. Левина бойынша ЖСТД үш денгейге бөлінеді. Бірінші денгейдегі балаларда тілдің мүлдем қалыптаспауы байқалады. Мұндай балаларды мақау деп атайды. Бала былдырлап сөйлейді, жеке дыбыстарға еліктейді, дыбыстық комплестер қолданады. Дыбыстардың айтуы қате, тұрақсыз болады. Сөз түсінігі төмен, сөздерді бірнеші рет қайталанған, таныс ситуацияда түсінеді.

Екінші денгей: баланың сөйлеу мүмкіншіліктерінің өсуінде қолайлы динамика байқалады. Жалпы қолданатын сөздер пайда болады, бірақ олар бұрмаланып айтылады. Көбінесе балалар зат есім мен етістік қолданады. Әліде жест ере жүреді. Көптеген дыбыстарды бұзып айтады (ысқырық, ызың, сонорлы). Бала өзі, жанұясы жайында әнгімелеп бере алады, бірақ сөйлемдерінде аграмматизм байқалады.

Үшінші денгей: Балалар қарым - қатынас құралдарын кеңінен қолдана алады. Сөйлеу тілінде фонетика, лексика, грамматикасында күрделі жетіспеушілік байқалмайды, бірақ кейбір қателер болады.Сөздік қорының кедейлігінен балалар керекті сөзді тауып айтуда қиналады. Айтылуы және мағынасы ұқсас сөздерді шатастырады. Сөзжасам және сөзөзгерту дағдылары қалыптаспаған. Сөйлемнің жай конструкциялары қолданылады. Сөйлеу тілді түсінуі жақсартылған.

Соңғы жылдары жеке авторлар ЖСТД жеңіл денгейін (4 денгей) ажырататын болды (Т.Б.Филичева, т.б.). Бұл деңгейдегі балалар ең алдымен, өз ойларын түйіндеп айта алмаумен сипатталады. Берілген тақырып, сурет, сюжетті суреттер сериясы бойынша, тіректі сурет схемасы бойынша әңгіме құрастыру кезінде, жүйелі логикалық ой бағыты бұзылып, ортасында тоқтап қалып, негізгі түйінін айтпай кетеді және жеке эпизодтарды қайталай береді. Әңгімелеуінде балалар аз ақпарат беретін жәй және жайылма сөйлемдерді қолданады. 4-ші деңгейдегі балалар өз ойларын жоспарлай алмайды, тіл құралдарын іріктеуде қиналады. Осы деңгейдің барлық балаларын Т.Б.Филичева (1999) екі топқа бөледі

Бірінші топ (шамамен балалардың 70-80 %) – фразалық сөйлеу тілін пайдалануды меңгергендер. Екінші топты (20-30 %) тіл құралдары аса шектеулі балалар құрайды. Оларда бірінші топқа қарағанда көбінесе сөйлеу тілінің дыбыс айту жағы бұзылған, сөз қоры сапалық және сандық жағынан төмен.

Бір денгейден келесі денгейге ауысуы сөйлеу тілінің бұзылуының тереңдігіне, коррекциялық ықпалдың уақытына және мазмұнына байланысты. Баланың жетілмеген сөйлеу тілін дамытуға бағытталған логопедиялық жұмысты ұтымды ету мақсатымен, түзете - оқыту жұмысы мазмұнында мектеп жасына дейінгілердің коммуникативтік білігін өсіруді алдын – ала қарастырған жөн.


4



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет