Арнайы балабақшада ЖСТД бар балалармен түзету жұмысын ұйымдастыру.
Мектеп жасына дейінгі ЖСТД бар балалармен жүргізілетін түзету-педагогикалық жұмыс жүйесі арнайы топтарда күн тәртібін мұқият сақтау, жұмыс барысын жоспарлау арқылы іске асады. Сонымен қатар тәрбиеші мен логопедтің, ата-аналардың міндеттерін анықтап ажырата отырып байланысты жұмыс жүргізудің маңызы зор.
Арнайы топтарда күн тәртібі, логопед және тәрбиеші сабағын жоспарлау балалрдың жеке, жастық, сөйлеу ерекшеліктерін, оқыту және тәрбиелеу барысында шешілетін түзетушілік міндеттерін ескере отырып құрылады.
ЖСТД бар балаларды оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы бойынша сабақтың келесі түрлері бөлінеді: тіл дамыту, қойылған дыбыстарды бекітуге арналған сабақтар. Олардың саны оқыту кезеңіне байланысты болады.
Оқытудың бірінші кезеңінде топтен өтетін тіл дамыту сабағы аптасына екі рет, ал жеке сабақтар күнделікті өткізіледі.
Логопед лексикалық тақырыптарын іріктеген кезде тәрбиешінің сабақтарының тақырыптарымен сәйкестендіреді («Балабақша», «Мамандықтар», «Ойыншықтар», т.б). Оқу материалдарын іріктеген кезде ұлттық бағытты ескерген жөн. Оқытудың екінші кезеңінде топтен өтетін тіл дамыту сабағы аптасына үш рет, қойылған дыбыстарды бекітуге арналған сабақтар – бір рет, ал жеке сабақтар күнделікті өткізіледі.
Оқытудың үшінші кезеңінде топтен өтетін тіл дамыту сабағы аптасына төрт рет, қойылған дыбыстарды бекітуге арналған сабақтар – екі рет, ал жеке сабақтар күнделікті өткізіледі. Логопедиялық сабақтарда балалар жаңа сөйлеу дағдыларын түсініп игеруіне, сөз және сөзсіз қызметтерін қалыптасуында бір бірімен байланысына сүйенген өте маңызды.
10
|
|